Көптеген елдермен экономикалық қарым қатынас орнату арқылы бүкіл әлемге қайтпас қайсар қазақ деген халықтың бар екендігін жария еттік
Тәуелсіздік тұтқасы — бізге аманат
Мақсаты: Отанын, өз жерін сүйе білуге, патриоттық сезімге тәрбиелеу.
1-жүргізуші · Арай
Тәуелсіздік — бір сөз, бір тағдыр
«Тәуелсіздік» — бір ғана сөз. Бірақ сол сөздің астарында қаншама қайғы-қасірет, қаншама үміт пен күрес жатыр. Елім, жерім, халқым деп соққан жүректі, арыстандай айбатты, жолбарыстай қайратты, қырандай қиялы биік жастардың да, «ұрпағым аман болсын» деп қасықтай қаны қалғанша ұлтарақтай жері үшін, атамекені үшін жанын пида еткен ата-бабалар рухының да табы бар.
2-жүргізуші · Алтынай
Егемендіктің ең биік тұғыры
Тәуелсіздік — егемен еліміздің ең биік тұғыры. Бұл жолда сан ғасырлық сыннан өттік. Туған жерімізде еркіндік орнату үшін бар күшімізді салып, болашаққа үлкен үмітпен қарадық. Азаматтық туымыз көкте желбіреп, бостандық қыраны көгімізде еркін қалықтауы үшін бұралаң да ауыр жолдарды еңсердік. Батырлық, жігер және рух биіктігінің арқасында аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.
1-жүргізуші · Арай
23 жылдық белес және жаңа Қазақстан
Бүгін тәуелсіздігіміздің арайлап атқанына 23 жыл! Осы уақыт ішінде саяси жүйесі тұрақты, экономикасы дамыған, бәсекеге қабілетті, халықаралық беделі жоғары қуатты мемлекетке айналдық. Еліміздің сайын даласы — Сарыарқаның төрінде бой көтерген сәулетті Елорда арқылы жаһанға жаңа Қазақстанды таныттық. Мұндағы мақсат — Астана арқылы егемен елдің қарышты даму қарқынын бүкіл әлемге паш ету. Бүгінде Елордамыз Түркі әлемінің маңызды орталығына айналып отыр.
2-жүргізуші · Алтынай
Рухани жаңғыру: тіл, дәстүр, рәміз
Тәуелсіздікке қол жеткізу арқылы мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді, дінімізді, тілімізді қайта өркендеттік. Егемендігіміздің рәмізі саналатын әнұранымызды, туымызды, елтаңбамызды және төл теңгемізді қабылдадық. Бірлігіміз бен бейбітшілігіміздің негізі болған Конституциялық заңды бекітіп, айбынды Қарулы Күштерімізді құрдық. Көптеген елдермен экономикалық қарым-қатынас орнатып, бүкіл әлемге қайтпас қайсар қазақ деген халықтың бар екенін жария еттік.
Оқушылар үні: тәуелсіздік туралы жыр
Тәуелсіздік — түбегейлі арманы боп қазақтың,
Толық жеңіп алу үшін еркін өмір, азат күн.
Озбыр, қатал кезеңдерде қылышынан қан тамған,
Қайран менің халқым, көрді-ау не түрлі азаптың!Ұйытқи соққан дүлей жел көз аштырмай шаң басты,
Жанға жайсыз сол жағдай ұзақ жылға жалғасты.
Қайран халқым қасіретті, зұлмат күнге тап болып,
Көрді небір тауқыметті — түні күнге ұласты.
Жазықсыздан жазаланды небір текті, білікті,
Жазалаушы озбыр жүйе ұлт жағдайын ұмытты.
Әділетті, жарық дүние, жарқын өмір аңсаған,
Небір ерлер сұм жендеттің назарына ілікті.