Жәнібек ханның баласы

Сабақ туралы мәлімет

Қызылорда облысы, Қызылорда қаласы, №6 орта мектептің тарих пәні мұғалімі — Мәмбетова Асылай Пернебайқызы.

Сабақтың тақырыбы: «Қазақ хандығына саяхат» (танымдық сабақ).

Жалпы мақсат

  1. 1

    Оқушылар Қазақ хандығының құрылуы, алғашқы аумағы және алғашқы қазақ хандары туралы мәліметтермен жан-жақты танысады.

  2. 2

    Тарихи деректерді талдау арқылы Қазақ хандығының құрылуы туралы өз пікірін білдіріп, мәселені тарихи шындық тұрғысынан бағалау дағдылары қалыптасады.

  3. 3

    Қазақ хандығының ішкі және сыртқы саяси жағдайымен таныса отырып, қазақ хандарының мемлекет құрудағы көреген саясатына назар аударып, адамгершілікке, елін және туған жерін құрметтеуге тәрбиеленеді.

Күтілетін нәтиже

  • Қазақ хандығының құрылуы, алғашқы аумағы мен хандары туралы біледі.

  • Тарихи деректерді оқу арқылы мәселені тарихи шындық тұрғысынан бағалайды.

  • Ішкі және сыртқы саясатты талдай отырып, көреген мемлекеттік шешімдердің мәнін түсініп, елін, туған жерін құрметтейді.

Негізгі идея

Қазақ хандары және олардың жүргізген саясатына талдау жасау.

Оқу форматы

  • Топтық жұмыс, жұптық жұмыс, жеке жұмыс

  • Тапсырмалар: «Мен білемін», «Ойлан, жұптас, бөліс», «Ойлан, ізден»

Сабақтың ұйымдастырылуы

I. Психологиялық ахуал

Сыныпта жағымды орта қалыптастырып, оқушылардың назарын сабаққа аудару және сабақ мақсатымен таныстыру.

II. Топқа бөлу

Оқушылар тарихи тұлғалар арқылы үш топқа бөлінеді: Қасым хан, Хақназар хан, Тәуекел хан.

Деңгейлік тапсырмалар

Білу: «Мен білемін» (сұрақ-жауап)

Қасым хан тобы

  1. 1. Қазақ хандығына неше жыл толды? — 550 жыл
  2. 2. Қазақ хандығының атақты хандары кімдер? — Қасым, Хақназар, Тәуекел, Есім, Тәуке
  3. 3. Қазақ хандығының іргесін қалаған кімдер? — Керей мен Жәнібек
  4. 4. Жәнібек пен Керей қай хандықтан бөлініп кетті? — Әбілхайыр хандығынан
  5. 5. Қасым хан кімнің баласы? — Жәнібектің
  6. 6. Жәнібек пен Керейдің алғаш орда тіккен жері? — Қозыбасы (Батыс Жетісу)
  7. 7. Жәнібек пен Керейге жер берген хан? — Есенбұға

Хақназар хан тобы

  1. 8. Қасым ханның заңы қалай аталды? — «Қасым ханның қасқа жолы»
  2. 9. Қасым хан тұсында хандықтың астанасы қай қала болды? — Түркістан
  3. 10. Аңыз бойынша Қазақ хандығының арғы атасы кім саналады? — Алаш
  4. 11. Қазақ хандары әулетінің арғы атасы кім? — Жошы
  5. 12. Қазақ хандығының құрылуы туралы қай тарихшы жазды? — Мұхаммед Хайдар Дулати
  6. 13. Есім хан тұсында жасалған далалық заңдар қалай аталды? — «Есім ханның ескі жолы»
  7. 14. «Қазақ» сөзінің мағынасы — бостандық сүйгіш, еркін, ержүрек адамдар

Тәуекел хан тобы

  1. 15. «Дарабоз» атанған батыр — Қабанбай
  2. 16. XVII ғасырдың 80-жылдары Ресейге 5 елші жіберген хан — Тәуке хан
  3. 17. Қазақ хандығының алғашқы территориясы — Шу–Талас
  4. 18. Әбілхайыр хандығы қайда орналасқан? — Дешті-Қыпшақ
  5. 19. Есенбұға қай елдің билеушісі? — Моғолстан
  6. 20. Орта ғасырларда солтүстіктегі көршілес хандық — Сібір хандығы
  7. 21. Семен Мальцев пен Третьяк Чебуков қай елден келді? — Орыс мемлекеті

Түсіну: «Ойлан, жұптас, бөліс» (жасырын ұяшық)

Тақтада үш тақырып бойынша тапсырмалар беріледі. Дұрыс жауап берген оқушы белгіленген ұпайды алады.

Хандар

  • 10 ұпай: Абылай ханның шын аты — Әбілмансұр
  • 20 ұпай: «Жеті жарғы» қай хан тұсында жасалды? — Тәуке хан
  • 30 ұпай: Жәнібек ханның баласы; оның тұсында халық саны 1 млн-ға жетті — Қасым хан

Билер

  • 10 ұпай: Ұлы жүздің биі — Төле би
  • 20 ұпай: 90 биді бастап Жоңғар хандығына барып, Абылай ханды босатып әкелген би — Қазыбек би
  • 30 ұпай: 93 жасында қайтыс болып, Ташкентте жерленген би — Төле би

Батырлар

  • 10 ұпай: Қабанбай батырдың шын есімі — Ерасыл
  • 20 ұпай: Түркістан өңірінде, Бөген өзенінің жағасында туған батыр — Бөгенбай батыр
  • 30 ұпай: Мағжан Жұмабаев дастанында ерлігін бейнелеген батыр — Батыр Баян

Қолдану: «Ойлан, ізден» (сәйкестендіру тесті)

Әр оқушыға парақша таратылады. Тапсырма — берілген тұжырымдарды дұрыс жауаптармен сәйкестендіру.

Тапсырма Дұрыс жауап Қате жауаптар тізімі
1 Қазақ хандығының алғашқы хандары 3 1) Есім, Тұрсын
2 Қатаған қырғыны 1 2) Қасым, Есім
3 Билер 5 3) Керей, Жәнібек
4 Заңдар жазды 2 4) Тәуке, Жәңгір
5 Жоңғарлармен күресті 4 5) Төле, Қазыбек

Талдау: «Әріптер сөйлейді»

Экранда әріптер көрсетіледі. Оқушы әріпті таңдағаннан кейін сұрақ қойылады; жауап сол әріптен басталуы керек.

А Ш К Б Н Т Ә С Қ Ж Х Р М
  1. 1) Аты аңызға айналған қазақ ханы — Алаша хан
  2. 2) Қару-жарақ — шоқпар
  3. 3) Қазақтың соңғы ханы — Кенесары
  4. 4) Астана қаласының символы — Бәйтерек
  5. 5) Ұлы жүздің шапырашты руынан шыққан батыр — Наурызбай
  6. 6) Дана, әділ деген атағы шыққан хан — Тәуке
  7. 7) 21 жасынан бүкіл Бұхара мен Самарқан төңірегіндегі қазақ, өзбек, қарақалпақ жұртының бас биі болған — Әйтеке би
  8. 8) Ханның мұрагері қалай аталады? — сұлтан
  9. 9) Бүкіл қазақ ұлтының бас қосқан кеңесі қалай аталды? — Құрылтай
  10. 10) XVII ғасырда қай мемлекет Қазақстанға қауіп төндірді? — Жоңғар
  11. 11) Ел билеушісі — хан
  12. 12) Руды басқаратын басшы — рубасı
  13. 13) Қазақ хандығы ту тіккен жер — Қозыбасы
  14. 14) Қазақ ханы — Мұрындық
  15. 15) Әйгілі қазақ билері қатысқан заң — «Жеті жарғы»
  16. 16) Қазақ хандығының басқару жүйесі неше тармақтан тұрды? — жеті
  17. 17) Қазақтың қай ханы алғаш Ресей бодандығын қабылдауға ниет білдірді? — Әбілқайыр
  18. 18) Жеке ерлігімен көзге түскен қаһарман адам — батыр
  19. 19) Абылай ханды қалмақ тұтқынынан босатуға қатысқан батыр — Малайсары
  20. 20) Абылайдың лақап аты — Сабалақ

Жинақтау: тест тапсырмалары

Үш топқа тест тапсырмалары беріледі. Төменде үлгі сұрақтар ұсынылған:

  1. 1. Қазақ хандығының негізін қалаған хандар:
    A) Әбілхайыр мен Әбілмәмбет
    B) Жәнібек пен Жолбарыс
    C) Керей мен Жәнібек
    D) Есім мен Тұрсын
    E) Қасым мен Тұрсын
  2. 2. Қазақ хандығының құрылған уақыты:
    A) 1458–1460 ж.
    B) 1465–1466 ж.
    C) 1466–1467 ж.
    D) 1468–1469 ж.
    E) 1470–1471 ж.
  3. 3. XVI ғасырдың бас кезінде Қазақ хандығын билеген Жәнібек ханның ұлы:
    A) Бұрындық хан
    B) Қасым хан
    C) Хақназар хан
    D) Есім хан
    E) Тақыр хан
  4. 4. Хақназар хан билеген жылдар:
    A) 1480–1511
    B) 1523–1532
    C) 1524–1537
    D) 1532–1538
    E) 1538–1580
  5. 5. Баба сұлтанның астыртын жіберген адамдары Хақназар ханды және оның туыстарын өлтірген жыл:
    A) 1578
    B) 1579
    C) 1580
    D) 1582
    E) 1589
  6. 6. Хақназар ханнан кейін хан тағына отырған, Жәнібек ханның немере інісі (сексенге келген):
    A) Шығай хан
    B) Тәуекел хан
    C) Есім хан
    D) Тұрсын хан
    E) Тәуке хан
  7. 7. Баба сұлтанға қарсы жорықта Шығай хан қайтыс болған жыл:
    A) 1581
    B) 1582
    C) 1583
    D) 1584
    E) 1585
  8. 8. Тәуекел хан Мәуреннахрға баса көктеп кірген жыл:
    A) 1588
    B) 1590
    C) 1596
    D) 1598
    E) 1599
  9. 9. Есім ханның билік құрған жылдары:
    A) 1511–1518
    B) 1523–1532
    C) 1532–1537
    D) 1598–1628
    E) 1580–1582
  10. 10. Есім ханның қалмақтарды талқандаған уақыты:
    A) 1625
    B) 1626
    C) 1627
    D) 1629
    E) 1630

Бағалау және рефлексия

Сабақтан кейінгі сұрақ

Бүгінгі сабақ саған ұнады ма?