Мәліметтер базасында әртүрлі белгілеріне қарай мәліметтерді іздеу әрекеттерін меңгеру

Сабақ тақырыбы

Excel программасында мәліметтер қорымен жұмыс жасау.

Сабақ мақсаты

А) Білімділік

  • Электрондық кестені мәліметтер базасы ретінде қолдану тәсілдерімен танысу.
  • Мәліметтер базасында әртүрлі белгілері бойынша ақпаратты іздеу әрекеттерін меңгеру.
  • Мәліметтерді сұрыптау дағдыларын қалыптастыру.

Ә) Дамытушылық

Оқушылардың компьютерді меңгеру дағдыларын және ақпараттық сауаттылығын дамыту.

Б) Тәрбиелік

Оқушыларды сауатты азамат болуға және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ форматы

Сабақ түрі

Жаңа сабақ.

Жүргізу әдісі

Баяндау.

Қажетті ресурстар

ДЭЕМ, проектор, оқулықтар.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушыларды орындарына отырғызып, сабаққа дайындаймын. Келмеген оқушыларды анықтап, сыныпты түгендеймін.

II. Оқушы білімін жан-жақты тексеру

Алдыңғы сабақтарда өтілген материалды сұрақ-жауап арқылы қайталаймын.

  1. Диаграмма не үшін құрылады?
  2. Диаграммалар шебері қалай жұмыс істейді?
  3. Диаграмманың қандай типтері бар?
  4. Диаграмма типтерін сипаттаңыз.

III. Жаңа материалды игеруге дайындық

Excel программасын мәліметтер қоры ретінде пайдалануға болады. Бұл сабақта мәліметтер қорын құрып, оның элементтерін әртүрлі белгілері бойынша іздеу және сұрыптау әрекеттерін қарастырамыз.

IV. Жаңа сабақты түсіндіру

Кестені суретке сәйкес етіп Күн жүйесіндегі планеталар туралы мәліметпен толтырыңыз және файлды «Планеталар» атауымен сақтаңыз.

Кестеде қолданылатын өлшем бірліктері

  • Орбита бойынша айналу периоды — жыл.
  • Планетаның Күннен қашықтығы — млн км.
  • Экваторлық диаметрі — мың км.