МатематикаСабақ тақырыбы
Математика сабағы: Айнымалысы бар өрнектер (2 сағат)
Бұл сабақта оқушылар әріпті өрнектерді қайталап, айнымалы ұғымын терең түсінеді және айнымалысы бар өрнектің сандық мәнін дұрыс есептеуді үйренеді.
Оқу мақсаттары
- Әріпті өрнектерді, теңдіктер мен теңсіздіктерді еске түсіре отырып, айнымалы ұғымымен танысады.
- Айнымалының орнына өрнектерде, теңдіктер мен теңсіздіктерде әртүрлі сандарды қоюға болатынын түсінеді.
- Айнымалысы бар өрнектің сандық мәнін дұрыс есептеу жолдарын көрсетеді.
Күтілетін нәтижелер
Айнымалысы бар өрнектердің анықтамасын біледі.
Айнымалысы бар өрнектің мәнін таба алады.
Берілген анықтамаларды есеп шығаруда қолдана алады.
Сабақтың басы: қызығушылықты ояту
Ұйымдастыру кезеңі
- Амандасу, оқушыларды түгендеу.
- Оқушылар бір-біріне жымиып қарап, жақсы көңіл күй сыйлайды.
- Топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырып бойынша қысқаша қайталау және есептердің орындалуын талдау.
Үй тапсырмасынан үлгілер (№695)
№695 (2)
v = −1,3 болғанда:
7 − 2v = 7 − 2·(−1,3) = 7 + 2,6 = 9,6
Жауабы: 9,6
№695 (4)
d = −3,6 болғанда:
4 + 5d = 4 + 5·(−3,6) = 4 − 18 = −14
Жауабы: −14
Автор туралы мәлімет
Білім беру ұйымы
Тарғап ауылындағы орта мектеп МДШО КММ
Пән мұғалімі
Ш. Б. Камалова