Балаларды таныстыру
Сайыстың барысы
Мектеп алды тобы арасында өтетін «Дарындылар додасы» — білім мен тапқырлықты, тілдік қор мен логиканы қатар сынайтын сайыс.
I. Ұйымдастыру кезеңі
Қатысушылармен амандасу, ұстаздар мен балаларды қарсы алу, сайыстың мақсатын қысқаша таныстыру жүргізіледі.
Негізгі әрекеттер
- Балаларды таныстыру: мектеп алды тобы сайысқа түсіп, өз білімін көрсетеді.
- Жеребе тарту.
- Сайыс шарттарын түсіндіру және кезеңдермен таныстыру.
- Әділқазылар алқасымен таныстыру.
I кезең — «Ой ашар»
Бұл кезеңде 7 сұрақ беріледі. Сұрақтар тест әдісімен ұсынылады: әр сұраққа 3 жауап нұсқасы беріледі. Қатысушылар дұрыс жауапты планшет арқылы белгілейді.
Дұрыс жауап: 10 ұпай
Ұпайы ең аз 1 оқушы шығады
Сұрақтар
1) Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қай жылы алды?
- A) 1991 жылдың қаңтары
- Ә) 1991 жылдың желтоқсаны
- Б) 1990 жылдың желтоқсаны
2) Қазақстан Республикасында неше облыс бар?
- A) 10
- Ә) 15
- Б) 14
3) 2015 жыл қандай жыл?
- A) Қой
- Ә) Жылан
- Б) Жылқы
4) Тұңғыш Президент күні қай күн?
- A) 16 желтоқсан
- Ә) 1 желтоқсан
- Б) 3 желтоқсан
5) Бір аптада неше күн бар?
- A) 5 күн
- Ә) 8 күн
- Б) 7 күн
6) Күз айларын таңда.
- A) Қазан, Қараша, Желтоқсан
- Ә) Қыркүйек, Қазан, Қараша
7) Балабақшамыз қалай аталады?
- A) «Балапан»
- Ә) «Балақай»
- Б) «Аққу»
II кезең — «Бәйге»
Бұл кезеңде математика, қазақ тілі және дүниетану пәндерінен ұпайлы сұрақтар қойылады. Қатысушылар жеребе арқылы ұяшық таңдап жауап береді. Ойлануға 30 секунд беріледі. Белгіленген уақытта жауап берілмесе, басқа қатысушылар жауап беруге құқылы.
Қатысушы: 6 оқушы
Ұпайы ең аз 2 оқушы шығады
Қазақ тілі
-
10 ұпай
«Мынау кім?» — тақтадағы жасырылған суреттегі билерді ата: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
-
20 ұпай
«Мынау не?» — қазақ халқының тағамдарын ата және көрсет.
-
30 ұпай
Сурет бойынша: қай ертегіден алынғанын анықта.
-
40 ұпай
Жаңылтпаш айт.
Математика
-
10 ұпай
Қазақ тілінде пішіндерді ата.
-
20 ұпай
Қазақ тілінде сандарды тура және кері сана.
-
30 ұпай
Қазақстан Республикасының рәміздері нешеу? Ата.
-
40 ұпай
Қазақстан Республикасының астанасын ата.
Дүниетану
-
10 ұпай
Қыста ұйқыға кететін жануар.
Жауабы: аю.
-
20 ұпай
Ағашты «емдейтін» құс.
Жауабы: тоқылдақ.
-
30 ұпай
Қарағандыда не өндіріледі?
Жауабы: көмір.
-
40 ұпай
Аңдарды қазақ тілінде ата және көрсет.
III кезең — «Сурет сөздер»
Тақтада суреттер беріледі. Әр сайыскер ұяшық таңдап, суреттен жасырылған сөзді табады.
Әр сөз: 10 ұпай
Қатысушы: 5 оқушы
IV кезең — «Тіл — өнер»
«Мен көрсетем, сен атайсың» форматы: жүргізуші затты немесе суретті көрсетеді, қатысушы атауын дұрыс айтуы керек.
V кезең — «Озық ойлы»
Балаларға суреттер таратылады. Әр қатысушы суретке сүйеніп, өз ойын жүйелі түрде айтып береді (байқампаздық, тіл байлығы, ой қорыту бағаланады).
VI кезең — «Жорға»
Бұл кезеңде екі сайыскерге жедел сұрақтар қойылады. Жауап қысқа әрі нақты болуы тиіс.
Қатысушы: 2 оқушы
Жылдамдық пен дәлдік маңызды
1-сайыскерге сұрақтар
- Балабақша қай көшеде орналасқан?
- Күз айларын ата.
- Неше рәміз бар?
- Туда не бейнеленген?
- Қазақстан қандай мемлекет?
- Қандай азық-түліктерді білесің?
- Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?
- Аптаның төртінші күні қалай аталады?
2-сайыскерге сұрақтар
- Апта күндерін ата.
- Балабақша директоры кім?
- Мемлекетіміздің аты қалай аталады?
- Қандай мерекелерді білесің?
- Қазақстан Республикасының Президенті кім?
- Қыс айларын ата.
- Аптаның жетінші күні қалай аталады?
Қорытынды
Жеңімпаз анықталып, бағалы сыйлықпен марапатталады. Сайыс аяқталған соң қатысушылар мен көрермендер жеңімпазды қолдап, шапалақ соғады. Келесі кездескенше сау болыңыздар!