Қазақстанның қоғамдық саяси өмірі

Сабақтың мақсаты

Білімділік

1920-жылдардағы қоғамдық-саяси даму, партия мен комсомол жұмысы, мәдени-ағарту ісінің кеңеюі кезеңіндегі республика өмірін таныстыру.

Дамытушылық

Саяси өмірдегі тарихи оқиғалар мен өзгерістерді дұрыс бағалап, тұжырым жасауға үйрету; дерек пен зерттеуді өздігінен оқып, орынды қолдануға бағыт беру; пәнге қызығушылық пен шығармашылықты арттыру.

Тәрбиелік

Өз елінің тарихын білетін, белсенді азамат тәрбиелеу.

Сабақтың құрылымы

1) Ұйымдастыру және қызығушылықты ояту (полиглот)

Оқушылар сұрақтарға үш тілде жауап береді:

  1. КСРО .......... ғасырда өмір сүрді. (Жауап: ХХ ғасыр)
  2. Біздің еліміз — .......... (Жауап: Қазақстан)
  3. Аристотель мемлекет туралы .......... еңбегінде жазған. (Жауап: «Саясат»)

Бүгінгі тақырып: ХХ ғасырдың 20-жылдарындағы Қазақстанның саяси өмірі.

2) Жаңа сабақтың негізгі бағыттары

  • 1920-жылдардағы қоғамдық-саяси өмір
  • Республикадағы партия және комсомол органдары
  • Мәдени-ағарту жұмыстарының өрістеуі
  • Қазақ АКСР-інің одақтас республика болып құрылуы

Қосымша материал: мультимедиялық үзінді қарау.

«Ой тасқыны» және топтық жұмыс

Оқушылар 4 топқа бөлініп, әр орталық өз тапсырмасын орындайды. Мақсат — ақпаратты талдап, дәлелмен сөйлеп, дерекпен жұмыс істеу.

1) Оқу орталығы

Тақырып мазмұны бойынша ақпаратты әңгімелеу және талдау:

  1. 1920-жылдардағы қоғамдық-саяси өмірдің сипаты қандай болды?
  2. Сталинизмнің идеологиялық аппараты қалай жұмыс істеді?
  3. Республикада партия мен комсомолдың орталық органдары қалай құрылды?
  4. Қазақстанда әйел теңдігі үшін қандай шаралар жүзеге асырылды?
  5. Қазақ АКСР-інің одақтас республика болып құрылуының маңызы қандай?

2) Жазу орталығы

Терминдер мен сандық деректерді жинақтау.

Термин Анықтама
Идеология Әлеуметтік топтардың мүддесін білдіретін көзқарастар жүйесі, қоғамдық сана.
Интернационализм Ұлттар арасындағы бейбіт, достық қатынастар ұстанымы.
Оппозиция Белгілі бір көзқарасқа қарсы ұстаным білдіретін топ немесе бағыт.
Социализм Әлеуметтік әділеттілік пен теңдік идеяларына негізделген қоғамдық-саяси ілім.
Автономия Белгілі бір аумақта өмір сүретін қауымдастыққа берілетін өзін-өзі басқару мүмкіндігі.
Тоталитаризм Қоғам өмірінің барлық саласы мемлекеттік билік бақылауында болатын саяси жүйе.

Сандық деректер

100 жыл; 44 адам; 40 адам; 9223 адам; 44 депутат.

3) Ғылым орталығы

Жоба тезисін жазу және қорғау: «Жазықсыз жандар жазасы».

  • Тақырыпты тарихи дерекпен негіздеу
  • Себеп–салдар байланысын көрсету
  • Қорытынды тұжырым және ұсыныс

4) Баспасөз орталығы

Репортаж дайындау және сұхбат алу.

Формат: «оқиға орны», «дерек», «пікір», «қорытынды» құрылымымен қысқа материал әзірлеу.

Бекіту тапсырмалары

1-тапсырма: Тарихи диктант

  1. 1925 ж. ақпанда ............................................... өлкелік ..................... деп өзгертілді.
  2. ........ жылы Орынборда Қазақстан ................ І ................... болып өтті.
  3. Қазақстан мен Түркістандағы дарынды комсомол ұйымдастырушысы .......................... болған.
  4. 1923 ж. 22 қарашада .......................... Орталық Атқару Комитеті ..................... тілінде .................................................. декрет шығарды.
  5. Орталықтағы ................................ табынғандай, Қазақстанда жергілікті көсем ................................. бас ұру, төрешілдік құбылыстары орын алды.
  6. 1937 ж. ........... Қазақстан Кеңестерінің ................... Қазақ КСР ............................ қабылданды.

2-тапсырма: Сәйкестендіру

Депутат Мамандығы
Т. Күзембаев Шахтер
С. Зурбаев Мұнайшы
И. Логвиненко Комбайншы
С. Оңғарбаева Сауыншы
Ә. Әлімжанов Флотатор

Қорытындылау және бағалау

Тест арқылы қорытынды

Интерактивті тақта арқылы 15 тест сұрағына жауап беріледі. Нәтижесінде дұрыс/дұрыс емес жауаптар саны бойынша баға шығарылады.

Бағалау

Топтық жұмыс және жеке оқушылардың жұмысы бағаланады.

І топ ІІ топ ІІІ топ IV топ
Баға: ______ Баға: ______ Баға: ______ Баға: ______

Үй тапсырмасы

  • §18 оқу (93-бет)
  • Қосымша мәліметтер мен деректер әкелу
  • Тест сұрақтарын жаттау

Тест (15 сұрақ)

1–5-сұрақтар

  1. 1919–1940 ж. Кеңестік елде жұмысшы, шаруа жастарын жоғары оқу орнына даярлайтын жұмысшы факультеті:
    A) ТОЗ B) ЭКОСО C) РАБФАК D) КУЛЬТРОСВЕТ E) КОММУНА
  2. Мүлік және еңбек бөлінісіне негізделген, бірігіп өмір сүретін адамдар ұжымы:
    A) ТОЗ B) ЭКОСО C) РАБФАК D) КУЛЬТРОСВЕТ E) КОММУНА
  3. Түсті металдар мен олардың қорытпаларын құйып, өңдейтін ауыр өнеркәсіп саласы:
    A) Түсті металлургия B) Қара металлургия C) Металл зауыты D) Металл комбинаты E) Металл концерні
  4. Шойын, болат, прокат және темір қорытпаларын өндіретін ауыр өнеркәсіп саласы:
    A) Түсті металлургия B) Қара металлургия C) Металл зауыты D) Металл комбинаты E) Металл концерні
  5. Экономикалық және әлеуметтік дамуды, сондай-ақ оны іске асыруға қатысты іс-шаралар кешенін әзірлеу:
    A) Жеңіл өндірісті дамыту B) Жоспарлау C) Ауыр өндірісті дамыту D) Кластерге көшіру E) Нарықтық экономикаға көшу

6–10-сұрақтар

  1. КСРО Конституциясы қабылданған жыл:
    A) 1941 B) 1937 C) 1936 D) 1938 E) 1922
  2. Қазақ КСР Конституциясы қабылданған жыл:
    A) 1939 B) 1938 C) 1937 D) 1936 E) 1922
  3. Қазақстандағы комсомол ұйымдастырушысы, Комсомол ОК қазақ бюросының бірінші төрағасы:
    A) Т. Рысқұлов B) Ғ. Мұратбаев C) Ф. Рузаев D) Қ. Таштитов E) М. Төлепов
  4. Ф. И. Голощекиннің «ауылды кеңестендіру» ұранына қарсы болғандарға тағылған айып:
    A) Халық жауы B) Жапон шпионы C) Іріткі салушы D) Хандықты жақтаушы E) Ұлтшыл
  5. Араб әліпбиі жоғарыдан берілген бұйрық бойынша латын әліпбиіне көшірілген жыл:
    A) 1929 B) 1930 C) 1931 D) 1932 E) 1933

11–15-сұрақтар

  1. Қазақстанда кириллицаға көшірілген жыл:
    A) 1937 B) 1938 C) 1939 D) 1940 E) 1941
  2. 1921 ж. құрылған облыстық партия ұйымы қай жылы өлкелік болып өзгертілді?
    A) 1939 B) 1938 C) 1937 D) 1936 E) 1922
  3. Әйелдер тағдырына қатысты декреттерді жүзеге асыруға атсалысқан:
    A) К. Бәйсейітова B) Н. Құлжанова C) С. Оңғарбаева D) Д. Отарбаева E) З. Аманқұлова
  4. Ауылдық жерлердегі мәдени-ағарту жұмысының нағыз орталығына айналды:
    A) Қызыл сарай B) Қызыл клуб C) Кеңестік орталық D) Қызыл керуен E) Қызыл отау
  5. Қазақ АКСР Халық Комиссарлар Кеңесі қырғыз (қазақ) және орыс тілдерін қолдану туралы декрет шығарған жыл:
    A) 1920 B) 1922 C) 1923 D) 1924 E) 1925