Өсімдіктің вегетативті мүшелерін ата
Биология • 6-сынып
Жапырақ — өркеннің бүйірлік және жанама мүшесі
Бұл сабақта жапырақтың түрлері, жүйкеленуі және құрылысы қарастырылады. Оқушылар тақырыпты талқылап, топтық жұмыс арқылы білімін тереңдетіп, өздігінен іздену дағдысын дамытады.
Сабақтың типі
Жаңа білімді меңгерту
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Сабақтың мақсаты мен міндеттері
Мақсаты
Жапырақтың түрлері, жүйкеленуі және құрылысы туралы түсінік қалыптастыру.
Міндеттері
- Жаңа тақырып бойынша жапырақтың түрлерін таныстыру және түсіндіру.
- Өз бетінше жұмыс арқылы терең ойлауды дамыту: қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, зерттеу жүргізу дағдысын қалыптастыру.
- Ойды жинақтап қорытынды жасауға және сыни тұрғыдан ойлауға үйрету.
Күтілетін нәтиже
- Оқушылар жапырақтың адам өміріндегі маңызын түсінеді.
- Тапсырмалар арқылы қиялы мен жылдам ойлау қабілеті дамиды.
Кіріктірілген модульдер
- Оқушылардың жас ерекшеліктеріне сәйкес оқыту және оқу
- Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету
- Озық оқыту технологиялары
- АКТ-ны пайдалану
- Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер
- Оқытуды басқару және көшбасшылық
Әдіс-тәсілдер
- Сыни ойлау стратегиялары
- Топтық жұмыс
- «Миға шабуыл»
Керекті жабдықтар
- Интерактивті тақта
- Слайдтар
- Стикерлер, смайликтер
- Кеппешөптер және қосымша үлгілер
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру кезеңі
3 минут
- Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, оқушылардың назарын сабаққа аударту.
- Психологиялық жағымды ахуал туғызу.
- Оқушыларды «1», «2», «3» сандары арқылы 3 топқа бөлу.
Үй тапсырмасын тексеру (миға шабуыл)
13 минут
I топ
- Бүршік түрлерін атаңдар.
- Гүлді өсімдіктерде қандай бүршіктер болады?
- Тамыр жүйесін атаңдар.
- Жасуша дегеніміз не?
- Өсімдіктің вегетативті мүшелерін атаңдар.
II топ
- Тыныштық күйге ауысқан бүршікті атаңдар.
- Микроскоптың құрылысы қандай?
- Жасушаны кім және қай жылы ашты?
- Тамыр бөлімдерін атаңдар.
- Өркен дегеніміз не?
III топ
- Жапырақ бүршігінің құрылысы қандай?
- Өсімдіктің генеративті мүшелерін атаңдар.
- Ұлпа дегеніміз не?
- Тамырдың қызметі қандай?
- Төбе бүршік өсімдіктің қай бөліктерінде болады және қызметі қандай?
Мағынаны тану: жаңа сабақ
Оқулықпен жұмыс: әр топқа жаңа тақырып бойынша мәтінмен жұмыс жасалып, постер дайындау тапсырмасы беріледі. Соңында мұғалім тақырыпты жинақтап қорытындылайды.
I топ • 55–56-бет
- Жапырақ және жапырақтың сабақта орналасуы
- Қарама-қарсы орналасу
- Жапырақтың сыртқы және ішкі құрылысы
II топ • 57-бет
- Жапырақ тақтасының негізі
- Жанаспалы жасушалар
III топ • 57–59-бет
- Жапырақ тақтасының пішіні
- Жапырақтың жүйкеленуі
Пән мұғалімі
Калманбетова Жадыра Иманжановна