Ұлы Жібек жолы сауда және халықаралық қатынастар жолы

Пәні: Қазақстан тарихы

Сабақ тақырыбы: Ұлы Жібек жолы

Ұлы Жібек жолы — тек сауда қатынасын дамытқан бағыт қана емес. Ол Шығыс пен Батысты жалғаған халықаралық байланыстардың өзегі болып, мәдениет, білім, идеялар мен дәстүрлердің таралуына ықпал еткен тарихи кеңістік.

Сабақ түрі

Аралас сабақ

Көрнекілік

  • Суреттер
  • Электронды оқулық
  • Кесте
  • Слайд

Сабақ мақсаты

Білімділік

Ұлы Жібек жолының пайда болуын түсіндіру және оның тек сауда мен шаруашылықты дамытушы ғана емес, халықаралық қатынастар мен мәдениетті таратушы жол ретіндегі маңызын ашу.

Дамытушылық

Ежелгі сауда жолдарының бағыттарын және оның бойындағы гүлденген мәдениет ошақтарының дамуын бүгінгі жағдаймен салыстыра отырып бағалау.

Тәрбиелік

Оқушыларды еңбекқорлыққа, білімге ұмтылуға және адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылар үш топқа бөлінеді:

  • I топ Күлтегін
  • II топ Тоныкөк
  • III топ Түрік қағанаты

II. Үй тапсырмасы

  1. Сызбаны толтыру: қағанат халықтарының негізгі кәсіптері.
  2. Әріптерді дұрыс қойып, табылған сөздің анықтамасын айту:
    • 1) ғ а Қ а т а н
    • 2) а Қ ғ н та
    • 3) ш и А н а

III. Жаңа сабақ жоспары

  1. Ұлы Жібек жолының пайда болуы
  2. Ұлы Жібек жолының бағыттары және Қазақстан қалалары
  3. Ұлы Жібек жолы — сауда және халықаралық қатынастар жолы

Бұл тарихи бағыттың “Жібек жолы” деп аталу себебі жібек саудасымен тікелей байланысты. Ал “ұлы” сөзі оның кең аумақты қамтып, Шығыс пен Батысты жалғаған ауқымын білдіреді. Осылайша ол тарихта “Ұлы Жібек жолы” атауымен қалды.

Қытай жазба деректерінде б. з. б. II–I ғасырларда үйсін мемлекетінің Қытай өкіметімен қарым-қатынасы жөнінде мәліметтер кездеседі. Осы байланыстар барысында құнды жібектің сауда айналымында болғаны анық.

Қытай деректеріне сүйенсек, VI ғасырда Батыс Түрік қағанатының билеушілері мен нөкерлері жібек шапан киген. Бұл кезеңде жібек бүкіл Еуразия кеңістігінде кең таралған тауарға айналды.

Жолдың басталуы және тармақталуы

Жібек жолының бастауы Қытай жеріндегі Хуанхэ өзені аңғарынан басталып, Ұлы Қытай қорғанының батыс шетінен өтеді. Одан әрі Іле өзені арқылы Ыстықкөлге жетіп, осы тұста батысқа және солтүстік-батысқа қарай шығатын бағыттарға тармақталады.

Оңтүстік бағыт

Ферғана, Самарқан арқылы Иран, Ирак, Сирия елдеріне өтіп, Жерорта теңізіне дейін жеткен.

Солтүстік бағыт

Оңтүстік Қазақстандағы Испиджабқа келіп, екі тармаққа бөлінген: біреуі Орта Азияға, екіншісі Түркістан арқылы Сырдарияның төменгі ағысымен Батыс Қазақстанға шығып, Қара теңіздің солтүстік-шығыс бөлігін айналып, Еуропаға өткен.

Бұл бағыттар үнемі тұрақты болды деу дұрыс емес: халықаралық саяси жағдайға байланысты жолдар өзгеріп, кей кезеңде бәсеңдеп, кейін қайта жанданып отырған. Дегенмен жолдың негізгі арнасы толықтай басқа жаққа ауысып кетпеген.

Қазақстан аумағындағы қалалар және керуен жолы

Ұлы Жібек жолының бір тармағы Қазақстанның оңтүстігі мен Жетісу арқылы өтіп, ірі қалалар мен мәдени орталықтарды байланыстырды. Бұл бағыт Мерв, Бұхара, Самарқан, Үргенішпен қатар Отырар, Сырғанақ, Сайрам, Созақ, Сауран, Тараз, Баласағұн, Талхиз сияқты қалаларды қамтыды.

Керуендермен тасылған тауарлардың белгілі бір бөлігі қазақ даласында қалып, жергілікті шаруашылық пен қалалық мәдениеттің дамуына ықпал етті.

Негізгі тұжырым

Ұлы Жібек жолы Қазақстан арқылы төрт бағытпен өткен.

Тарихи маңызы

Жол бойында идеялар мен сенімдер алмасып, әлемдік діндердің таралуына ықпал еткен кеңістік қалыптасты.

Сабақты бекіту

Ойын түрлері

  • Домино ойыны
  • “Көш керуен” ойыны

Талқылау сұрақтары

  1. Неліктен бұл жол “Жібек жолы” деп аталады?
  2. Ұлы меридианалды жол қандай бағыттарды байланыстырады?
  3. Ұлы Жібек жолы қай ғасырларда өз маңызын жоя бастады?
  4. Ұлы Жібек жолы қай елден басталып, қай елде аяқталады?
  5. Ұлы Жібек жолы тек сауда ғана емес, мәдениетті таратушы жол дегенді қалай түсінесің?
  6. Ұлы меридианалды жол туралы не түсіндің?

Топтық жұмыстың нәтижесі қорытындыланып, оқушылардың жұмысы бағаланады.

Үйге тапсырма

Тақырып: Ұлы Жібек жолы.