Құрақ түрлерімен таныстыру

Технология сабағына арналған әдістемелік жоспар

Құрақ тігу технологиясы

Құрақ — мата қалдықтарынан құрастырылып тігілетін, тұрмыста кең қолданылатын қолөнер түрі. Бұл сабақта оқушылар геометриялық пішіндерге сүйеніп, түс үйлесімін сақтай отырып құрақ құрауды үйренеді.

Білімділік

  • Мата қиындыларынан құрақ құрауды және тігуді меңгеру.
  • Түс таңдауды, дайын үлгімен қиюды және бөліктерді дұрыс біріктіруді үйрену.
  • Құрақтың негізгі түрлерімен танысу.

Тәрбиелік

  • Әсемдікке, ұқыптылыққа және шапшаңдыққа тәрбиелеу.
  • Еңбек мәдениетін және қауіпсіз жұмыс дағдысын қалыптастыру.

Дамытушылық

  • Құрақ бөліктерін дәл сәйкестендіріп біріктіру дағдысын дамыту.
  • Кеңістіктік ойлау мен композициялық сезімді жетілдіру.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

Үй тапсырмасын тексеру және өткен тақырыпты пысықтау үшін сұрақтар қойылады:

  • Батикті қалай жасайды?
  • Батик өнері туралы не білесіңдер?
  • Батик жасауда алғашында қандай бояу қолданылған?

II. Жаңа сабақ

Құрақ — мата қалдықтарынан құрастырылып жасалатын үй бұйымдарының бірі. Құрақтың ерекшелігі — мата қиындылары геометриялық фигуралар үлгісімен құрастырылып тігіледі.

Маңызды қағида

Құрақ құрау кезінде матаның қалыңдығы бір-біріне сәйкес болуы керек. Бұл тігістің тегіс түсуіне және бұйымның ұзақ қызмет етуіне әсер етеді.

Қолданылатын бұйымдар

  • Көрпе
  • Жастық
  • Аяққап
  • Дорба
  • Қалпақ
  • Көрпеше

Құрақ құраудың мақсаты

  1. Мата қиындыларын тиімді іске жарату.
  2. Сәндік талғамды қалыптастыру және әсемдікке баулу.

Құрақ түрлері

Ботакөз Сегіз жапырақ Гүл құрақ Тұмарша құрақ Қайшы құрақ Жұлдызша Геометриялық құрақтар Ою-өрнекпен құрастырылған құрақ

Бүгін біз құрақ түрлерінің ішінде ою-өрнекпен құрастырылған құрақты көрпеге тігуге кірісеміз.

Жалғыз саусақ тігіп те,

Ұстай алмас жіпті де.

Екі саусақ бірікті,

Ине қолға ілікті.

Үш саусағым өнерлі,

Құрақ құрап үйренді.

Ынталандыру өлеңі

III. Сарамандық жұмыс

  1. Жұмыс орнын жабдықтау: қажетті құралдарды дайындау.
  2. Қауіпсіздік ережелерін еске түсіру.
  3. Матаны таңдау және түстердің үйлесімін келтіру.
  4. Құрақ бұйымын тігуге кірісу.

IV. Сабақты бекіту

  • 1. Құрақты қандай бұйымдар жасауға қолданады?
  • 2. Құрақ түрлерін атаңдар.
  • 3. Құрақты неден тігеді?

V. Үйге тапсырма

Жұмысты аяқтау.

VI. Қорытынды

Жұмыс орнын жинастыру, оқушылардың жұмысын бағалау.

Мәлімет

Аймақ
Батыс Қазақстан облысы, Теректі ауданы
Мектеп
«Социализм» жалпы орта білім беретін мектебі
Пән мұғалімі
Абильдиева Назгүл Муратовна