Неге ұқсайды балалар

Сауат ашу және жазу негіздері: «С» дыбысы мен әрпін таныстыру

Білім беру саласы

Қатынас

Бөлімі

Сауат ашу және жазу негіздері

Тақырыбы

«С» дыбысы және әрпі

Мақсаты

  • «С» дыбысы және әрпімен таныстыру.
  • Дыбыстық талдау жасауды және сөзді буынға бөлуді үйрету.
  • «С» дыбысының дұрыс айтылу артикуляциясын түсіндіру.
  • Электронды планшет арқылы тапсырмаларды орындауға дағдыландыру.

Қолданылатын құралдар мен тәсілдер

Көрнекі құралдар

Суреттер, слайдтар, кеспе әріптер, планшет, жұмыс дәптері.

Әдіс-тәсілдер

Түсіндіру, жұмбақ, сұрақ-жауап, ойын.

Сөздік жұмыс

«Әуеден ұшып келеді».

Билингвальды компонент

Сөзслова
Дауысты дыбысгласный звук

1) Ұйымдастырушылық-қозғаушылық кезең

Сабаққа кіріспе сұрақтар

Тәрбиешінің әрекеті

  • Қонақтармен амандасуға шақырады.
  • Жыл мезгілін және аптаның күнін сұрайды.
  • Өткен сабақтағы әріпті еске түсіреді («Б»).
  • «Б» дыбысынан басталатын сөздерді айтқызады және дыбыс түрін анықтатады.

Балалардың әрекеті

  • Амандасады.
  • Қыс мезгілі екенін және аптаның күні — дүйсенбі екенін айтады.
  • «Б» дыбысы мен әрпін атайды, сөздер келтіреді.
  • «Б» — дауыссыз дыбыс екенін анықтайды.

Ғажайып сәт

Осы сәтте есік қағылып, әуенмен бірге сары шар ұшып келеді. Балалар таңырқап, назарын шарға аударады.

2) Ұйымдастырушылық-ізденістік кезең

Жұмбақ арқылы жаңа дыбысты табу

Жұмбақ

Сақинаны, сандықты
Бастап тұрған қай әріп?
Сәукелені, садақты —
Сапсыз орақ тәрізді.

Жауабы: «С»

Бақылау сұрағы

Шардың түсі қандай? «Сары» сөзі қай дыбыстан басталады?

Қорытынды

Бүгінгі сабақтың жаңа дыбысы — «С». Ол қатаң дауыссыз дыбыс.

Артикуляция (дұрыс айту)

«С» дыбысын айтқанда ерін езуге қарай тартылады, тіс көрінеді. Тіл тістерге тиіп, тістердің арасынан «с» дыбысы шығады.

Дыбыстық талдау және буынға бөлу

Ережелер

  • Әріптер дыбыстарға бөлінеді: дауысты және дауыссыз.
  • Дауыссыз дыбыс көк түспен белгіленеді.
  • Дауысты дыбыс қызыл түспен белгіленеді.

«С»-тен басталатын сөздер

Сағат, сан, тас, маса, са, со.

Балалар айтқан сөздерді буынға бөледі.

Тақтадағы жұмыс

  • «С» әрпін тақтаға жазу және ауада жазып көрсету.
  • Кеспе әріптермен сөз құрастыру: сағат, сан, са, тас.
  • «Сағат» сөзінде: 5 дыбыс, 5 әріп.
  • «Сан», «тас» сөздеріне дыбыстық талдау жасау.

С

Дауыссыз дыбыс (көк).

А

Дауысты дыбыс (қызыл).

Н

Дауыссыз дыбыс (көк).

Слайдпен жұмыс: дыбыстың орны

Балалар слайдтағы суреттерді атайды: сырға, сақина, сағат, мысық, автобус. «С» дыбысы сөздің басында, ортасында және соңында да кездесетіні анықталады.

Буынға бөлу

  • Сырға — 2 буын.
  • Сақина — 3 буын.

Бекіту сұрағы

«С» дыбысы қай сөздерде кездеседі?

Сергіту сәті

Қанат жайып қалықтап,
Құс сияқты күйге енем.
Асықпаймын үйге мен,
Жаңа әріппен танысам.
Жазу жазып үйренем.

Ойын және цифрлық тапсырмалар

Планшет арқылы ойын: «Әліппе»

Мақсаты — электронды тапсырмалар арқылы балалардың ой-өрісін дамыту және «С» дыбысын бекіту.

Құрастыру тапсырмасы

Санағыш таяқшалармен «С» әрпін құрастыру: 3 таяқша, түсі — көк.

Дәптермен жұмыс

Жаңа әріпті жазу, үлгі бойынша тапсырмаларды орындау.

3) Рефлексиялық-түзетушілік кезең

Қорытынды сұрақтар

  • Бүгін біз қандай дыбыспен таныстық?
  • «С» дыбысы қандай дыбыс?
Жауап: «С» Дауыссыз, қатаң

Дидактикалық ойын: «Дәл тауып айт»

Сұрақтарға жауап бере отырып, барлық сөздің «С» әрпінен басталатынын анықтау:

Сұрақтар

  • Қыздар құлағына тағады — ?
  • Қыздар басына киеді — ?
  • Қыздар қолына тағады — ?
  • Уақытты көрсетеді — ?
  • Ақ, дәрумені көп, пайдалы сусын — ?
  • Сызуға арналған құрал — ?
  • Кітаптарды қайда саламыз — ?

Жауаптар

  • Сырға
  • Сәукеле
  • Сақина
  • Сағат
  • Сүт
  • Сызғыш
  • Сөмке

Барлығы «С» әрпінен басталады.

Кері байланыс және марапаттау

Мадақтау

Балалар мадақталып, әрқайсысына кішкентай «Әліпби» кітапшасы сыйға беріледі.

Қонақтарға кері байланыс

Қатысқан тәрбиешілер сабақтан алған әсері мен көңіл күйін смайликтер арқылы көрсетеді.

Күтілетін нәтиже

Орындайды

Электронды ойындарға қызығушылық танытады.

Түсінеді

«С» дыбысының ораққа, айға ұқсайтынын түсінеді.

Қолданады

Сөздер арасынан дауыссыз дыбысты анықтауды қолданады.