Квадраттық теңдеулерді формула көмегімен шығаруды үйрету, толымсыз квадраттық теңдеулер туралы алған білімдерін бекіту

Сабақ туралы мәлімет

Өңір

Павлодар облысы

Қала

Ақсу қаласы

Ауылдық округ

Алғабас селолық округі

Мектеп

М. Қабылбеков атындағы орта мектеп

Пән мұғалімі

Тлеулесова Алия Тасболатовна (математика пәні мұғалімі)

Сабақтың тақырыбы

Квадрат теңдеу

8-сынып

Сабақтың түрі

Қайталау сабағы

Пәнаралық байланыс

Тарих

Сілтеме

Алгебра, 8-сынып (А. Әбілқасымова, Алматы: «Мектеп», 2012)

Сабақтың мақсаттары

Бұл сабақтың негізгі мақсаты — оқушылардың теңдеулерді шешу тақырыбы бойынша алған білімдерін жүйелеу және квадрат теңдеулерді формула арқылы шешу дағдыларын қалыптастыру.

Білімдік мақсат

  • Квадрат теңдеулерді формула көмегімен шығаруды үйрету.
  • Толымсыз квадрат теңдеулер туралы алған білімдерін бекіту.

Дамытушылық мақсат

  • Оқушылардың ақыл-ойын дамыту және ойлау қабілетін жетілдіру.
  • Есеп шығарудың жаңа түрлерін меңгерту, ойдан ой туындатуға бағыттау.
  • Әр сөзді және айтылған ойды дәлелдеуге үйрету.

Тәрбиелік мақсат

  • Есеп шешімін іздеу арқылы қиындықты жеңуге тәрбиелеу.
  • Ұйымшылдыққа, дербестікке және дәлдікке баулу.

Сабақтың міндеттері

  • Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.
  • Сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын дамыту.
  • Алған білімдерін есеп шығару барысында тиімді қолдана алу біліктілігін қалыптастыру.