Материалдық нүкте

Сабақтың тақырыбы

Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар. Жылдамдық. Жылдамдық бірліктері.

Сабақтың мақсаты

Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар ұғымдарын өмірден алынған мысалдар арқылы түсіндіріп, олардың айырмашылықтары мен ұқсастықтарын ажырата білуге үйрету.

Сабақтың түрі мен типі

Түрі
Аралас сабақ
Типі
Білім, білік, дағдыны қалыптастыру

Сабақтың міндеттері

Білімділік

Бірқалыпты және бірқалыпты емес қозғалыстар, жылдамдық және оның бірліктері туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Оқушылардың ойлау және есте сақтау қабілеттерін дамыту, қозғалыс туралы білімдерін тереңдету.

Тәрбиелік

Ұйымшылдыққа, белсенділікке, жауапкершілікке, іскерлікке және шығармашылыққа тәрбиелеу.

Әдістер мен технологиялар

  • 1

    СТО технологиясының элементтері

  • 2

    Диалогтік оқыту

  • 3

    АКТ қолдану

  • 4

    Бағалау

Құрал-жабдықтар

Интерактивті тақта Бағалау парағы Магнит A3 қағаз Түрлі түсті қағаздар Маркер Қарындаштар Желім

Пәнаралық байланыс

Математика, әдебиет.

Сабақтың барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Сәлемдесу және оқушыларды түгендеу. Сыныпты топқа бөлу, әр топтан жетекші сайлау.

  • Топ жетекшісінің міндеті: сабақ барысында топ мүшелерінің жұмысын бағалап, бағалау парағына белгілеу.

  • Тренинг: сабақ басында оқушыларға психологиялық дайындық жасау.

Өткен сабақты еске түсіру

Өткен сабақта қарастырылған ұғымдарды бірге қайталаймыз:

  • Материалдық нүкте
  • Қозғалыстың салыстырмалылығы
  • Жол және орын ауыстыру
  • Траектория

II. Үй тапсырмасын тексеру (5 минут)

Сұрақ–жауап: әр оқушы қойылған сұрақтарға қысқа әрі нақты жауап беруге тырысады.

1. Материалдық нүкте деген не?

Қозғалыс қарастырылып отырған жағдайда өлшемдерін елемеуге болатын дене.

2. Қозғалыс траекториясы деген не?

Дене (немесе материалдық нүкте) санақ денесіне қатысты қозғалғанда сызық түрінде қалдыратын ізі.

3. Қозғалыстың түзу сызықты немесе қисық сызықты екенін қалай ажыратамыз?

Траекторияның түріне қарай ажыратады (мысалы, шеңбер бойымен, парабола бойымен және т.б.).

4. Сағат тілі ұшының қозғалыс траекториясы қандай?

Қисық сызықты қозғалыс, яғни шеңбер бойымен қозғалады.

5. Жүрілген жол дегеніміз не?

Белгілі бір уақыт аралығында дене жүріп өткен траекторияның ұзындығы. Ол S әрпімен белгіленеді.

6. Орын ауыстыру деп нені атайды?

Дененің бастапқы және соңғы орнын қосатын бағытталған кесінді. Орын ауыстыру векторлық шама болғандықтан, S әрпі вектор түрінде белгіленеді.

Кестемен жұмыс

Екі бағанадан тұратын кесте беріледі: бірінші бағанада жол, екінші бағанада уақыт. Тапсырма: берілген теңдікті түрлендіру.

Орындау уақыты

3 минут

Оқушылар тапсырманы жұмыс дәптерлеріне орындайды.