Молекула - кинетикалық теорияның негіздері
Молекула және молекулалық-кинетикалық теорияның негіздері
Барлық денелер атомдар мен молекулалардан тұрады. Заттың атомдары мен молекулалары үнемі бейберекет қозғалыста болады. Молекулалардың осындай қозғалысын жылулық қозғалыс деп атаймыз.
Молекулалық-кинетикалық теория (МКТ) — макроскопиялық денелердің қасиеттерін және оларда жүретін жылулық процестерді түсіндіретін негізгі теориялық негіз.
МКТ-нің негізгі қағидалары
- 1 Барлық денелер микробөлшектерден (атомдар мен молекулалардан) тұрады.
- 2 Денедегі микробөлшектер үздіксіз әрі хаосты қозғалыста болады.
- 3 Микробөлшектер өзара әрекеттеседі.
Негізгі құбылыстар: диффузия және броундық қозғалыс
Диффузия
Диффузия — бір заттың молекулаларының екінші заттың молекулааралық кеңістігіне еніп, таралуы.
Броундық қозғалыс
Броундық қозғалыс — сұйықта немесе газда қалқып жүрген қатты заттың өте ұсақ бөлшектерінің сұйық (немесе газ) молекулаларының соқтығысуы нәтижесінде бейберекет қозғалуы.
Атомдар мен молекулалардың өлшемі және массасы
Атомдар мен молекулалардың өлшемі де, массасы да өте кіші. Сондықтан олардың қасиеттерін сипаттау үшін салыстырмалы шамалар жиі қолданылады.
Заттың салыстырмалы молекулалық массасы — молекула массасының шартты түрде алынған эталон массаға қатынасын көрсететін шама.