Ертегі есеп Алғырлар Ұрылар мен кемпір ертегі есеп
Автор туралы
Нұрмашева Шарбану Насырқызы
Х. Наубетов атындағы орта мектептің жоғары санатты мұғалімі
Сайыс тақырыбы: «Көңілді тапқырлар»
Бұл сайыс сағаты 1 «а», 1 «б», 1 «д» сынып оқушылары арасында өткізіледі. Негізгі мақсат — әртүрлі математикалық ойын тапсырмалары арқылы оқушылардың білімін тексеру, тереңдету және бекіту. Сайыс барысында өлең-есептер, ертегі-есептер, сөзжұмбақтар, бейнелі сөздер ұсынылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
Сайыс ұраны
Уа, халайық, халайық,
Бәріне жар салайық.
Бүгінгі кеш төрінде,
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып,
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып,
Көңілді кеш жасайық.
Жұмбақ шеру шашайық.
Мұнда қызық табылар —
Жұмбақ, есеп бәрі бар.
Ал, сайыскер балалар,
Білімдеріңді сынайық!
Мақсаты
-
1
Білімділік
Оқушылардың математикалық білімін, дағдыларын тексеру және алған білімін пысықтау.
-
2
Дамытушылық
Өлең-есептер мен қызықты есептер арқылы логикалық ойлауды дамыту.
-
3
Тәрбиелік
Пәнге қызығушылықты арттыру, өз ойын еркін айтуға үйрету, ауызбіршілікке және ұйымшылдыққа тәрбиелеу, туған жер табиғатын сүюге және қорғауға баулу.
Әдістері мен көрнекілігі
Әдістері
Көрнекілігі
Сайыс барысы
Топтар
1-топ
Алғырлар
Озып шығып бәйге аламыз,
Аты аңызға айналған.
Алғыр бала атанып,
Біз де ғалым боламыз.
2-топ
Білгірлер
Мақтанбаймыз білгірміз деп,
Таудай бірақ талабымыз.
Білгір бала атанып,
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз.
Ереже
- Тапсырмалар ойын түрінде орындалады.
- Әр дұрыс жауапқа 1 ұпай беріледі.
- Сайыс соңында жеңімпаз топ анықталып, марапатталады.
Жетекші сөзі
Ей, балалар, балалар, қане бері қараңдар — сайысымызды бастайық!
1-тапсырма: Жылдам сұрақтар
Алғырлар
- Ең кіші сан.
- Қабырғалары тең тік төртбұрыш (шаршы).
- Қосу амалындағы сандардың атаулары.
- Қосудың ауыстырымдылық қасиеті.
Білгірлер
- Бір таңбалы сандарды ата.
- Геометриялық фигура (төртбұрыш).
- Азайту амалындағы сандардың атаулары.
- 1 аптада неше күн бар?
2-тапсырма: «Баспалдақ» ойыны
Алғырлар
Білгірлер
3-тапсырма: Математикалық бейнелі сөз
Шешімін тап
- Үйрек + Ай + Ту Азайту
- Мысық + Етік + Р Метр
Нұсқау
Суреттердің атауларын буынға бөліп, сәйкес дыбыстарды қосу арқылы сөз құрастырылады.
4-тапсырма: Сан ретін тап
Оқушылар сандарды өсу ретімен дұрыс орналастырады.
Алғырлар
Білгірлер
5-тапсырма: Ертегі-есеп
Алғырлар
Ертеде байлардың есігінде жүріп күн кешкен, панасы жоқ жалғыз кемпір болыпты. Жаз шығып, ел жайлауға көшкенде, кемпірдің жалғыз сиырын ұрламақ болып ұрылар келеді. Кемпір оларды алдаудың амалын ойлап, бір шелек суды сапырып отырып, былай деп өлеңдетіпті:
Сапырып-сапырып Арманға бер,
Құйып-құйып Алмасқа бер,
Есіктегі екеуге бер,
Төрдегі төртеуге бер,
Өзің іш те, маған бер.
Мұны естіген ұрылар: «Бұл үйде кісі көп, бізден екі есе артық екен», — деп қашып кетіпті. Кемпір тапқырлығымен осылай қорқытады.
Білгірлер
Шөптің арасында қояндар тығылып отыр. Олардың 8 құлағы көрінеді. Қояндар саны нешеу?
6-тапсырма: Математикалық санамақ
Екі топ кезекпен математикалық санамақ айтып жарысады.
7-тапсырма: Өлең-есептер және қызықты тапсырмалар
Алғырлар: «Торғай нешеу?»
Талдан ұшты көп торғай,
Емес бірақ көп торғай.
Алдында оның бастаушы,
Артында оның қостаушы.
Және тағы қарасақ,
Қайта оны санасақ,
Соңында біреу қап келді,
Алдында төртеу топ келді.
Үшеуі қатар жарысқан,
Түзеліп үшеу қалыспан.
Ойың жүйрік болса егер,
Торғай нешеу, есепкер?
Қызықты тапсырма
Аулада бұзаулар мен тауықтар жүр. Олардың аяқтарының жалпы саны — 10. Аулада неше тауық, неше бұзау болуы мүмкін?
Білгірлер: қысқа есеп
6 алманың 2-еуін досың сұрап алды. Айтшы, сонда нешеуі өз қолыңда қалады?
Қызықты тапсырма
Ағаштың басында 2 балық отыр еді. Оларға тағы 2 балық ұшып келді. Барлығы неше балық болды?
8-тапсырма: «Кім көп біледі?»
Үш санның қосындысы 3-ке тең. Қосылғыштар қандай сандар болуы мүмкін? Әр топтан 3 оқушы шығып орындайды. Бұл тапсырма — 6 балл.
1-нұсқа
1 + 1 + 1 = 3
2-нұсқа
1 + 2 + 0 = 3
3-нұсқа
3 + 0 + 0 = 3
Сандардың орнын ауыстыру арқылы тағы бірнеше нұсқа шығаруға болады.
9-тапсырма: «Мен қандай сан ойладым?»
1-топ: Алғырлар
? + 2 − 5 = 10
2-топ: Білгірлер
? − 2 + 1 = 7
Қорытынды
Осылайша, «Көңілді тапқырлар» атты сайыс сағаты аяқталады. Соңында ұпай саны бойынша жеңімпаз топ анықталып, марапатталады.