Тігін құралы
Сабақтың мақсаты
- Оқушыларға тігін машинасының құрылысы мен түрлері туралы түсінік беру.
- Оқушылардың эстетикалық талғамын қалыптастырып, әсемдік пен әдемілікке тәрбиелеу.
- Оқушыларды өз бетінше жұмыс істей білуге баулу.
Көрнекіліктер
- Тігін машинасының құрылысы сызылған плакат
- Машина түрлерінің суреттері
- Сөзжұмбақ
Сабақ форматы
- Сабақ түрі:
- жаңа сабақ
- Әдісі:
- түсіндіру, көрсету
Үй тапсырмасы
Тігін машинасының құрылысын оқу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
- Сәлемдесу, оқушыларды түгелдеу.
- Назарын сабаққа аудару.
- Оқу құралдарын түгелдеу.
II. Өткен тақырыпты пысықтау
Оқушылардың қызығушылығын ояту үшін сөзжұмбақ шешіледі. Сөзжұмбақтың тік бағытында «алжапқыш» сөзі шығуы керек.
1. Мата түрі
мақта
2. Тігін машинасының түрі
қол
3. Тігін құралы
жіп
4. Тігін машинасының түрі
аяқ
5. Қол тігіс түрі
қайып
6. Тігін құралы
оймақ
7. Мата түрі
зығыр
8. Тігін құралы
қайшы
III. Жаңа сабақ
Тігін машинасының алғашқы жобасын XV ғасырда Леонардо да Винчи ұсынған.
1755 жылы Карл Вайзенталь қол тігісін жүргізетін машинаны ойлап тапты. 1808 жылы Д. Пири бір жіпті тез тарқатылатын машинаны шығарды. 1834 жылы Уолтер Хант шөлнекті машина жасады.
Ертеректегі үлгілердің негізгі кемшілігі — астыңғы жіпті реттегіштің болмауы еді.
1844–1845 жылдары америкалық инженер Элиас Хант Уолтер Хант машинасының принципін қолдана отырып, бірқалыпты жұмыс істейтін тігін машинасын ұсынды. Элиас Хантты тігін машинасының «атасы» деп те атайды.
1850–1851 жылдары америкалық Ален Уилсон мен Исаак Зингер қазіргі замандағы тігін машиналарының негізін қалады. 1870 жылдан бастап АҚШ-та «Зингер» фирмасы кеңінен танылды. 1900 жылы Ресейдің Подольск қаласында «Зингер» зауыты ашылды.
Осы кезеңнен бастап машиналардың сыртқы дизайны ерекше әшекейленіп, фирмалық белгісі көрсетіле бастады. Машинамен тігілген бұйым сәнді әрі сапалы көрінді.
Машинамен тігудің артықшылықтары
- Қол тігісіне қарағанда жылдамырақ орындалады.
- Тігісі біркелкі, түзу әрі мықты болады.
- Бұйымның жалпы сапасын арттырады.
Тігін машинасының түрлері
Тігін машинасы төрт түрге бөлінеді: қол машина, аяқ машина, электр машина, арнайы машина.
Қорытынды және бағалау
Өтілген тақырыпты жан-жақты талдап, негізгі ұғымдарды қорытындылау.
Оқушылардың жұмысын бағалау.