Microsoft Office Word редакторында кестемен жұмыс
Сабақ туралы мәлімет
Пән мұғалімі
Математика және информатика пәнінің мұғалімі: Габдушева Динара Жасталапқызы
Сынып
8-сынып
Сабақтың тақырыбы
Microsoft Office Word редакторында кестемен жұмыс. Зертханалық жұмыс №7
Мақсаттар
Сабақтың мақсаты
MS Word редакторында кесте құру тәсілдерін түсіндіру және оқушыларды кестені өз бетінше құруға үйрету.
Дамытушылық мақсаты
Кесте құру әдістері туралы толық мағлұмат бере отырып, оқушылардың компьютермен жұмыс істеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік мақсаты
Оқушыларды ұқыптылыққа, шапшаңдыққа, адамгершілікке және тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Ұйымдастыру және ресурстар
Сабақтың түрі
Аралас сабақ.
Пәнаралық байланыс
Өзін-өзі тану.
Сабақта қолданылатын ақпараттық құралдар
- Компьютер
- Интерактивті тақта
- ActivVote, ActivSlate
- Merits бағдарламасы
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру
«Шаттық ортасы» арқылы жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру.
II. Үй тапсырмасын тексеру
- 1 Үйге берілген тапсырма бойынша шағын сынақ.
- 2 Сәйкестендіру кестесімен жұмыс.
- 3 Жеке жұмыстар бойынша тұсаукесерлер.
III. Негізгі бөлім
Жаңа сабақты түсіндіру және тапсырмаларды орындау.
1-тапсырма
Кесте құру: «Үлгерім кестесі»
Оқушылар MS Word құралдары арқылы үлгі бойынша кесте құрып, ұяшықтарды пішімдеуді қолданады.
2-тапсырма
«Сабақ кестесін» құру
Апталық сабақ кестесін құрып, бағандар мен жолдардың өлшемін реттеу және мәтінді туралау тәсілдерін бекітеді.
IV. Сабақты қорытындылау
Merits бағдарламасы арқылы орындалған тапсырмалар бағаланады, нәтижелер талқыланады және кері байланыс беріледі.
Үй тапсырмасы: бақылау сұрақтары
Төмендегі тест сұрақтарына жауап беріңіз. Бір дұрыс жауапты таңдаңыз (егер өзгеше көрсетілмесе).
| № | Сұрақ | Жауап нұсқалары |
|---|---|---|
| 1 | WORD мәтіндік редакторы қандай мәселелерді шешуге арналған? |
|
| 2 | Құжатты басқа атпен сақтау үшін қандай команда орындалады? |
|
| 3 | Құжатты құру үшін қаріптің қандай мөлшері қолданылады? |
|
| 4 | Фрагментті қалай ерекшелейміз? (қате жауапты көрсетіңіз) |
|
| 5 | Белгіленген фрагментті өшіру үшін қай перне қолданылады? |
|
| 6 | WORD бағдарламасында дайын суреттерді кірістіру үшін: |
|
| 7 | WORD редакторында құралдар панелінің «Стандартты» тобы көрінбей тұрса, оны қай команда арқылы қосамыз? |
|
| 8 | WORD редакторында «Жұмыс аумағы (рабочая область)» дегеніміз… |
|
| 9 | WORD редакторында жаңа мәтін терілетін терезе ашу үшін: |
|
Тапсыру тәртібі
- Жауаптарды дәптерге немесе электронды құжатқа белгілеңіз.
- Келесі сабақта қысқаша талдау жүргізіледі.