Білімділер тобына

Жүзден жүйрік...

Бұл сабақтың мақсаты — оқушыларды жан-жақты сауатты, дарынды, озық болуға және еркін сөйлей білуге үйрету. Ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байыту, тілін дамыту; оқу-білім мен өнерге қызығушылығын арттыру; әсемдікке тәрбиелеу.

Құрал-жабдықтар

  • Үнтаспа
  • Сұрақтар жинағы

Әдістер мен байланыс

  • Әдісі: сұрақ-жауап, әңгімелесу
  • Пәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, дүниетану, математика, қазақ тілі

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: «Бүгін сабақты екі топқа бөлініп, 4 кезеңнен тұратын интеллектуалды ойын түрінде өткіземіз. Ойынның аты — “Жүзден жүйрік...”. Бұл сабақта сұрақтарға тез, толық және нақты жауап беру керек».

Кезеңдер

  1. 1Білгенге — маржан
  2. 2Тіл өнері
  3. 3Кім жылдам?
  4. 4Ойлан, тап

Шақыру өлеңі

Ғылымның сырын ұғына,

Шығыңдар білім шыңына!

Ұқыптылық пен зеректілік

Жеткізер сіздей өренді

Білімнің нәрлі сырына.

Қадамдарың оң болсын! Сайыскерлерге сәт сапар!

1-топ: Білімділер

Бұл сайыста қалма бос,
Біліміңе білім қос.

2-топ: Ойшылдар

Тартысайық сайыста күш-жігермен,
Айырылысайық қимас дос көңілмен.

Музыка ойналады. Әр топтан бір оқушы қарсылас топқа музыкалық сәлем жолдайды.

1-кезең: Білгенге — маржан

Сұрақтарға жауап беру.

Білімділер тобы

  1. Көктем айларын ата.

    Наурыз, сәуір, мамыр.

  2. Табиғат дегеніміз не?

    Бізді қоршаған орта.

  3. Зат есім дегеніміз не? Қандай сұрақтарға жауап береді?

    Заттың атын білдіретін сөздер.

  4. ҚР-ның тұңғыш Президенті кім?

    Н. Назарбаев.

  5. Қазақстан қандай мемлекеттермен шекаралас?

    Ресей, Өзбекстан, Қытай, Қырғызстан, Түрікменстан.

  6. Абылай ханның шын аты кім?

    Әбілмансұр.

  7. Қазақтың ұлттық аспабы.

    Домбыра.

  8. Ұлы Отан соғысының батыр қыздары.

    Әлия, Мәншүк.

  9. Біздің облысымызды ата.

    Павлодар облысы.

  10. Әліппенің атасы кім?

    А. Байтұрсынов.

Ойшылдар тобы

  1. Мақал дегеніміз не?

    Қысқа да нұсқа, тәрбиелік мәні бар халық нақылы.

  2. Жылдың неше мезгілі бар?

    Төрт.

  3. Жаз айларын ата.

    Маусым, шілде, тамыз.

  4. Жылдың төрт мезгіліне өлең жазған ақын кім?

    А. Құнанбаев.

  5. Білім күні қай күн?

    1 қыркүйек.

  6. Қабанбай батырдың шын аты кім?

    Ерасыл.

  7. Жырды айтушы адам қалай аталады?

    Жыршы.

  8. Рейхстагқа ту тіккен адам кім?

    Р. Қошқарбаев.

  9. Біздің мектептің директоры кім?

  10. Күй атасы кім?

    Құрманғазы.

2-кезең: Тіл өнері

Берілген мақал-мәтелдердің жалғасын табу керек.

Білімділер тобы

  • Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.

  • Жақсы сөз — жарым ырыс.

  • Ойнап сөйлесең де, ойлап сөйле.

  • Әдепті бала — арлы бала, әдепсіз бала — сорлы бала.

  • Жақсыдан үйрен — жаманнан жирен.

Ойшылдар тобы

  • Үлкенге құрмет — кішіге ізет.

  • Бірлік болмай, тірлік болмас.

  • Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей.

  • Туған елдей ел болмас, туған жердей жер болмас.

  • Жүз теңгең болғанша, жүз досың болсын.

3-кезең: Кім жылдам?

Жұмбақтың шешуін тауып, екі тілде жауап беру.

Білімділер тобы

  1. Жеті қазынаның бірі. Адамды қорғап жүретін досы.

    Ит — собака.

  2. Футболшының алаңдағы ойын заты.

    Доп — мяч.

  3. Тұмсығымен қозғалар, соңынан аппақ із қалар.

    Бор — мел.

  4. Үсті толы ине, бірақ іс тігіп қадамайды түйме.

    Кірпі — еж.

  5. Қанаты жоқ — ұшады, аяғы жоқ — қашады.

    Жел — ветер.

Ойшылдар тобы

  1. Тілі жоқ өзінде, сөзі бар ізінде.

    Қалам — ручка.

  2. Сағат сайын соғылады, мектептен табылады.

    Қоңырау — звонок.

  3. Жеп көріп ем өзін мен, жас шығарды көзімнен.

    Пияз — лук.

  4. Қабат-қабат қаттама, ақылың болса аттама.

    Кітап — книга.

  5. Ашылып-жабылады, әр үйден табылады.

    Есік — дверь.

4-кезең: Ойлан, тап

Бұл кезеңде 12 ұяшық беріледі. Қатысушылар қалауы бойынша ұяшықты таңдап, артындағы сұраққа жауап береді. Дұрыс жауап берілсе, ұяшықтағы ұпай саны есептеледі.

Ұпай ұяшықтары

10
10
10
20
20
20
30
30
30
40
40
40

1-қатар

  1. «Анна апайдың бақшасы» мәтінінің авторы кім?

    Оралхан Бөкей.

  2. Ұзындық өлшем бірліктерін ата.

    мм, см, дм, м, км.

  3. Сөйлемнің неше түрі бар? Қандай?

    Хабарлы, лепті, сұраулы.

  4. Рәміздерді және олардың авторларын ата.

    Әнұран: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев; әні — Ш. Қалдаяқов.

    Ту: Шәкен Ниязбеков.

    Елтаңба: Жандарбек Мәлібеков, Шот-Аман Уәлиханов.

2-қатар

  1. Тіктөртбұрыштың периметрін қалай табамыз?

    Барлық қабырғаларының қосындысы.

  2. Сөз таптарын ата.

    Зат есім, сан есім, сын есім, етістік.

  3. 1841 жылы қазан айында Қостанай облысы, Затобол ауданында туған ағартушы кім?

    Ы. Алтынсарин.

  4. Шөлді аймақтарда өсетін өсімдіктерді ата.

    Сексеуіл, құмқараған, қияқ, селеу.

3-қатар

  1. Қандай кірпінің тікені кірмейді?

    Жаңа туған кірпінің.

  2. Қай құс ерте келеді?

    Қарлығаш.

  3. Суда туып, құрғақта өмір сүреді.

    Бақа.

  4. Кеше Айнұрдың туған күні болды. Ертең бейсенбі. Айнұрдың туған күні аптаның қай күні?

    Сейсенбі.

Қорытынды

Ойын барысында оқушылар білімін жүйелеп, шапшаңдық пен тапқырлықты, тіл мәдениетін және топпен жұмыс істеу дағдыларын көрсетті. Әр кезең оқушының ойлау жылдамдығын, жауаптың нақтылығын және сөз саптауын дамытуға бағытталды.