Жасыл жапырақ
Сабақтың тақырыбы
Жапырақ
Сабақтың түрі
Жаңа материалды меңгерту
Сабақтың әдістері
Сұрақ-жауап, тест, суретпен жұмыс, өзін-өзі тексеру
Көрнекілігі
Мультимедиялық көрсетілімдер, жапырақ суреттері, ромб фигурасы және т.б.
Сабақтың мақсаты
-
1
Жапырақтың сыртқы құрылысы, қызметі және сабақта орналасуы туралы түсінік қалыптастыру.
-
2
Жапырақтың жүйкеленуі туралы түсінік беру және «жапырақ» ұғымын одан әрі дамыту.
-
3
Жасыл өсімдіктерді қорғауға, табиғатты аялауға тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру
- Оқушыларды түгендеу.
- Сабаққа назарын аудару, жұмысқа бағыттау.
2) Үй тапсырмасын қайталау
Өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап:
A) Сабақ дегеніміз не?
B) Сабақ қандай қызмет атқарады?
C) Сабақтың ішкі құрылысы қандай бөлімдерден тұрады?
D) Қабық неше бөлімге жіктеледі?
E) Сабақтың қандай түрлері бар?
F) Сабақтың түрөзгерістері дегеніміз не?
3) Жаңа сабақты меңгерту
§16
Жапырақ. Жапырақтың жүйкеленуі
Анықтама
Жүйкелену — өткізгіш шоқтарының жапырақ тақтасында орналасу тәртібі.
Қызметі
-
Жапырақ қабаттарына су мен онда еріген минералды тұздарды жеткізеді, ал түзілген органикалық заттарды өсімдіктің басқа мүшелеріне таратады.
-
Жапыраққа беріктік қасиет береді.
Жапырақтың сабаққа орналасуы
A) Кезектесе орналасу
Әр буында бір жапырақ, ретімен алмасып орналасады.
B) Қарама-қарсы орналасу
Бір буында екі жапырақ бір-біріне қарсы орналасады.
C) Топтанып орналасу
Бір буында бірнеше жапырақ шоқтанып орналасады.
4) Бекіту
1. Суретпен жұмыс
Жұмыс дәптеріндегі жапырақтың орналасуы берілген суреттерге қарап, орналасу түрін атаңыз.
2. Биологиялық диктант
Тақырып бойынша негізгі ұғымдарды жазып, өзіңізді тексеріңіз.
3. Жай және күрделі жапырақтарды ажырату
Жұмыс дәптеріндегі жай және күрделі жапырақтардың суреттеріне қарап, түрлерін анықтаңыз.
4. Тест
1) Жапырақтың сыртқы құрылысы неден тұрады?
- A) Тақта, сағақ
- B) Сабақ, сағақ
- C) Тақта, сабақ
2) Бір ғана тақтасы бар жапырақ қалай аталады?
- A) Күрделі жапырақ
- B) Жай жапырақ
- C) Жасыл жапырақ
3) Өткізгіш шоқтардың жапырақ тақтасына орналасуы қалай аталады?
- A) Орналасу
- B) Қызметі
- C) Жүйкелену
4) Жапырақшаларының орналасуына қарай күрделі жапырақтар қандай топтарға бөлінеді?
- A) Үш құлақты, саусақ салалы, қауырсын тәрізді
- B) Тақ қауырсынды, ромб тәрізді, жүрек тәрізді
- C) Жұп қауырсынды, үш құлақты
5) Жүйкелер жапырақтың ұшына дейін қатарласа созыла орналасса, ол қай жүйкелену?
- A) Параллель
- B) Доғалы
- C) Тор
6) Сабақтың әр буынында бір жапырақ болса, ол қай орналасу?
- A) Кезектесіп
- B) Қарама-қарсы
- C) Топтанып
7) Өсімдіктің өсу мүшесі қайсы?
- A) Сабақ
- B) Тамыр
- C) Жапырақ
8) Жапыраққа беріктік беріп, жұлынып түсуден сақтайтын бөлігі қайсы?
- A) Сағақ
- B) Жапырақ
- C) Алақан
9) Жапырақтың кеңейген бөлігі қалай аталады?
- A) Мойын
- B) Тақта
- C) Сағақ
10) Жапырақтың сабаққа бекінуінің неше түрі бар?
- A) 2
- B) 3
- C) 4
5) Қорытындылау
«Жапырақ» тақырыбы бойынша негізгі түсініктерді тұжырымдап, оқушылардың білімін бағалау.
6) Үй тапсырмасы
§16 оқу. Жұмыс дәптері бойынша: 34, 35, 36-беттердегі 63, 64, 66-тапсырмалар.