Жоқты білдіретін сан

Сыныптан тыс жұмыс: «Зерделілер мен зейінділер»

Бұл сыныптан тыс іс-шара оқушыларды математика әлемінің жұмбақты да тартымды қырларымен таныстырып, білімді бекіту мен логикалық ойлауды дамытуға бағытталған.

Білімділік

Ойлау қабілетін арттыру, математикадан алған білімді пысықтау, логикалық есептерді шығаруға ынталандыру.

Дамытушылық

Дұрыс қорытынды жасай білу біліктілігін дамыту, танымдық белсенділікті арттыру.

Тәрбиелік

Алғырлыққа, ұқыптылыққа, жылдамдыққа және ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Көрнекіліктер

  • Интерактивті тақта
  • Шарлар
  • Тақырыптық жазу

Ұлағатты сөз: «Математиканың өзіне тән тілі бар, ол — формула».

Сайыстың кіріспесі

1-жүргізуші

Балалар! Бүгін сендер қызықты математиканың жұмбақты да, тартымды әлемімен танысасыңдар. Бұл әлемнің қаншалықты қызықты әрі сан қырлы екеніне көз жеткізесіңдер. Математикадағы әрбір ғылыми жаңалықтың өз сыры, себеп-салдары бар.

2-жүргізуші

Мысалы, әйелдер арасынан шыққан тұңғыш математик Софья Ковалевскаяның қызығушылығы ерекше жағдайда оянған екен. Бірде ата-анасы оның бөлмесіне тұсқағаз жапсырады. Жетпей қалған жеріне математика кітабының бір бетін жапсырып қойған. Сол беттегі өрнектерді күнде көрген қыздың математикаға ынтасы артып, кейін әлемге әйгілі математик-ғалым атанған.

1-жүргізуші: Ендеше, біз де математиканың сырларын ашып көрейік. Бүгінгі сайыста «Зерделілер мен зейінділер» өзара бақ сынайды.

Сайыс кезеңдері

  1. Тапқырлық
  2. Полиглот
  3. Қателеспе!
  4. Аудармашылар конкурсы
  5. Шырпылар шытырманы
  6. Кім жылдам?
  7. Көрермендер көзайымы

Әділқазылар алқасы

2-жүргізуші: Сайысымызды бастамас бұрын, әділ бағасын беріп, сараптама жасайтын әділқазылар алқасымен таныстырайық.

Әділ бағаға қазына толы — әділқазыларды шақырайық.
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім, терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда —
Сіздерге құрметпен қол соғылады.

1. ____________________
2. ____________________
3. ____________________

I кезең — Тапқырлық

Бұл кезеңде қатысушыларға сұрақтар қойылады. Әр дұрыс жауап үшін 10 ұпай беріледі.

  1. 1 Египетте қаланған көпжақ. (Пирамида)
  2. 2 Балаларды жазалау үшін қандай геометриялық фигура қолданылады? (Бұрыш)
  3. 3 Он күндік қалай аталады? (Декада)
  4. 4 Қандай фигура күннің көзімен «достасқан»? (Сәуле)
  5. 5 Ешқандай арифметикалық амал қолданбай, 666 санын бір жарым есе арттыр. (999)
  6. 6 Геометриядан жаңалық ашқаны үшін Зевске жүз өгіз сойып құрбандық шалған кім? (Пифагор)
  7. 7 «Геометрияны білмейтіндер Академияға кірмесін» деген кім? (Платон)
  8. 8 Егіз сандар деп қандай сандарды айтамыз? (Айырмасы 2-ге тең жай сандар. Мысалы, 5 пен 7)
  9. 9 Есімдері әртүрлі, жастары бірдей жеті «ағайындының» атын атаңдар. (Апта күндері)
  10. 10 2,5 таяқтың неше ұшы бар? (6)
  11. 11 Қатар тұрған үш санның қосындысы сол сандардың көбейтіндісіне тең. (1, 2, 3)
  12. 12 Натурал сандар нешеден басталады? (1)
  13. 13 Жоқты білдіретін сан. (0)
  14. 14 Қандай ыдыстан тамақ ішуге болмайды? (Бос ыдыстан)
  15. 15 Қандай жолмен адам ешқашан жүрмейді? (Құс жолымен)
  16. 16 2-ге бөлінетін сандар. (Жұп сандар)
  17. 17 Кімді «математика королі» деп атаған? (К. Гаусс)
  18. 18 444 саны 3-ке бөліне ме? (Иә)
  19. 19 «Мен математикаға қабілетсіз адам болады дегенге сенбеймін» деген кім? (Постников)
  20. 20 Өзін өлтіруге келе жатқан солдатқа: «Сәл кідіре тұр, сызбамды сызып аяқтап алайын» деген ғалым. (Архимед)

II кезең — Полиглот

Бұл кезеңде математикаға қатысты жұмбақтар жасырылады. Жауап 1 тілде айтылса — 10 ұпай, 2 тілде20 ұпай, 3 тілде30 ұпай.

Жұмбақтар

  1. 1 Нәрселерді санағанда
    Керек ол бізге ауадай.
    Айтыңдаршы, бұл қандай сан,
    Жан-жағыңа қарамай. (Натурал сан)
  2. 2 Өмірің сенің қызық,
    Жолыңда жоқ түзу сызық.
    Басы да жоқ, аяғы —
    Бір айналым баяғы. (Дөңгелек)
  3. 3 Егер «Т»-дан бастасаң — санмын,
    «Т»-ны алып тастасаң — жаумын. (Төрт)
  4. 4 Балғасы жоқ орақпын,
    Бедел-бағым зор-ақ тым. (Бес)

Жұмбақтар (жалғасы)

  1. 5 Бір шеңберді бір шеңбер
    Көтеріп тұр, білсеңдер.
    Айтшы, қане, бұл қай сан? (Сегіз)
  2. 6 Бүкірлеумін, имекпін,
    Мойнындаймын үйректің.
    Сабағыңды білмесең,
    Мені аласың күнде сен. (Екі)
  3. 7 Санасаң, бір үйде төртеу бар,
    Қаласаң, аузыңды өртейтін нәр. (Бұрыш)
  4. 8 Білмегенге — жоқ сан,
    Білгендерге — көп сан.
    Сан соңында кезіксе — ол көп сан,
    Сан алдында кезіксе — ол жоқ сан. (Нөл)