Қыран құс
Сабақ туралы мәлімет
Мектеп
Сымбат жеке мектебі
Мұғалім
Алдабергенова Үзілдік Жомартовна (бастауыш сынып мұғалімі)
Сабақтың тақырыбы
Баяндауыш
Сабақтың типі
Жалпылау, түсіндіру, өткенді пысықтау
Сабақтың түрі
Ойын-сабақ
Пәнаралық байланыс
Ана тілі, математика, музыка
Сабақтың мақсаты
Білімділік
- Баяндауыштың мағынасын түсіндіру және оның бастауышпен байланысын ұғындыру.
- Баяндауышты сөз таптарымен байланыстыра таныту.
- Ауызша және жазбаша тілін, шығармашылық қабілетін дамытуға ықпал ету.
Дамытушылық
- Қазақ тілінің сөз байлығы арқылы оқушының тілін дамыту.
- Сұрақтарға толық әрі нақты жауап беру дағдысын қалыптастыру.
- Ой шапшаңдығын арттыру, сауатты көркем жазу машығын жетілдіру.
Тәрбиелік
- Оқушыларды елін, жерін сүюге баулу; дүниетанымын кеңейту.
- Ұқыптылыққа, тиянақтылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
- Ұлттық салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты үйренуге және құрметтеуге шақыру.
- Күнделікті таным көкжиегін кеңейтіп, ұлтына жанашыр ұрпақ тәрбиелеуге бағыттау.
Әдіс-тәсілдер мен құралдар
Сабақтың әдістері
Көрнекі құралдар
- Интерактивті тақта
- Үлестірмелі қағаздар, жазба парақтары
- Ұлттық ойындардың суреттері
- Мақал-мәтелдер
- Үнтаспа
- Арқан, асық, сандықшалар
Сабақтың барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі
Әдептіліктің белгісі — иіліп сәлем беру. Оқушылар бір-біріне жылы лебіз білдіріп, сабаққа қажетті құрал-жабдықтарын дайындайды, дұрыс отыру ережесін сақтайды.
Мұғалімнің кіріспе сөзі
«Ана тілің — арың бұл, ұятың болып тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте», — демек, қазақ тілінде сауатты әрі таза сөйлеу — әрқайсымыздың міндетіміз. Бүгінгі сабақ сайыс түрінде өтеді: білімдеріңді ортаға салып, белсенді қатысыңдар.
Рухтандыру: қыран құс туралы әңгіме
Мұғалім оқушылармен қыран құс туралы сұхбат жүргізеді: қыранның тудың үстінде бейнеленетіні, оның көзі өткір, биіктен кеңістікті шолып, ұсақты да аңғара алатыны айтылады. Оқушыларға қырандай қырағылық пен биік мақсат тіленеді.
II. Үй тапсырмасын тексеру
Оқушылар «Ерулік» тақырыбындағы жұмыстарын оқып, шағын сахналық көрініс арқылы көрсетеді.
Тынығу сәті
«Жазғы гүлдердің хош иісін сезінейік» жаттығуы орындалады. Гүл суреттерінің астына жазылған сұрақтары бар қима қағаздар таратылады.
III. Ой қозғау: баяндауышты табу
Сыныпта диалог жүргізіледі: қонақ мұғалімдердің әрекеті (келді, кірді, отырды, тыңдады), мұғалімнің әрекеті (сұрады, сөйледі, түсіндірді), оқушылардың әрекеті (жауап берді, айтты, тұрды, отырды, сәлемдесті) аталады. Осы сөздердің барлығы іс-әрекетті, қимылды білдіретіні қорытындыланады.
Жаңа тақырып
Іс-қимылды білдіретін сөйлем мүшесі — баяндауыш. Интерактивті тақтада баяндауыш туралы сызбалар көрсетіледі.
Сұрақтары
Не істеді? Не қылды? Қайтті?
Жұмыс түрі
Сурет бойынша сөйлем құрау, баяндауышты теріп жазу
IV–X. Ұлттық ойындар арқылы бекіту
IV. Ұлттық ойындар (асық)
Оқушылар ұлттық ойындарды атайды. Екі топтан екі оқушы асық ойнайды (күй ойналады). Көргендері бойынша сөйлем құрастырады: I топ бастауышты, II топ баяндауышты тауып, астын сызады.
V. Арқан тартыс
Екі топ оқушылары арқан тартысады (музыка ойналады). Ойыннан кейін сөйлем құрау және баяндауышты табу тапсырмасы орындалады.
VI. Ақсүйек
Оқулықпен жұмыс: 161-жаттығу орындалады.
VII. Сергіту сәті
«Буын биі — Қара жорға» қимыл-қозғалыс жаттығуы.
VIII. Қазақша күрес
Санды мақал-мәтелдерді табу арқылы тілдік қорды дамыту.
IX. Теңге алу
Мұғалім сөз береді, оқушылар сол сөзге сөз қосып, сөйлемді аяқтайды. Сөйлем бүгінгі тақырыппен байланысты болуы керек.
X. Аударыспақ
«Сөзді қайта құрастыру» тапсырмасы: сөз әріптерінің орнын ауыстыру арқылы жаңа сөз жасау.
XI–XIII. Қорытынды, бағалау, үй тапсырмасы
Сабақ қорытындыланып, оқушылардың белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағаланады.
Үй тапсырмасы
163-жаттығу