Дыбыстық талдау

Атырау облысы, Ақжар ауданы, №59 «Ақбөбек» балабақшасы

Тәрбиеші: Жолдыгулова Акзина Саясатқызы

«Біз мектепке барамыз» олимпиадалық ойын

Бұл сайыс ересек топ тәрбиеленушілерінің оқу іс-әрекеттері барысында меңгерген білімін, тапқырлығын және шығармашылық қабілетін байқауға арналған. Түрлі тапсырмалар арқылы балалардың өз-өзіне сенімділігі мен шапшаңдығын арттырып, ой-пікірін ортаға салып, дұрыс әрі анық сөйлеу дағдысын одан әрі дамыту көзделеді.

Олимпиаданың мақсаты

  • Өткен оқу іс-әрекеттері бойынша алған білімін, тапқырлығын бағамдау.
  • Шығармашылық қабілетін әртүрлі тапсырмалар арқылы зерделеу.
  • Өзіне деген сенімділікті, шапшаңдықты дамыту.
  • Ойды көпшілік алдында жүйелі жеткізіп, сөйлеу мәнерін қалыптастыру.

Абай сөзі

Ақылмен ойлап білген сөз,
Бойына жұқпас, сырғанар.
Ынталы жүрек сезген сөз,
Бар тамырды қуалар.

Осы ойды арқау ете отырып, бүгінгі «Біз мектепке барамыз» олимпиадасына қош келдіңіздер!

Сайысқа қатысушылар және тәртіп

Қатысушылар өз білімдерін ашық көрсетіп, тапсырмаларды белгіленген ретпен орындайды. Реттік нөмір беру үшін әділқазылар алқасының алдындағы нөмірлер таңдалып алынады (нөмір суыру).

Ән шашу

«Ән — көңілдің ажары» дегендей, ересек топ балаларының өнерін тамашалайық.

Ән:

Гүлжазира — «Қазақстан»

Әділ бағалау

Тапсырмаларды орындау барысында балалардың жауаптары мен орындау дәлдігі әділқазылар тарапынан әділ бағаланады.

Турлар мен тапсырмалар

Әр тур белгілі бір дағдыны тексеруге бағытталған: математика, шығармашылық, тілдік талдау, кеңістікте бағдарлау, көлемді салыстыру, буындап оқу, әңгімелеу және үш тілде жауап беру.

1) Есеп шығару (сурет бойынша)

Шарты: суреттегі заттарды санап, қосу және алу амалдарын орындау. Шыққан нәтижені тиісті орынға жазу.

2) «Суретті мазмұнына қарай толықтырып сал»

Шарты: берілген топтасқан суреттерді мазмұнына сай толықтырып салу және не салғанын түсіндіріп айту.

3) Дыбыстық талдау

Шарты: суретте көрсетілген заттың атауын дыбыстық талдау жасау. Торкөз ішінде қызыл және көк қарындашпен белгілеу арқылы дыбыстарды ажырату.

Сергіту сәті

Балалардың назарын жинақтап, келесі тапсырмаларға күш-қуат беру үшін қысқа сергіту жаттығулары орындалады.

4) Геометриялық диктант

Шарты: кеңістікті бағдарлау арқылы геометриялық пішіндерді дұрыс орналастырып, нұсқауға сай сызу.

5) Көлемді салыстыру

Шарты: сурет бойынша өлшемдерді салыстыру және атау: ұзын–қысқа, биік–аласа, қалың–жұқа, жуан–жіңішке және т.б.

6) Буындап оқу және мағынасын айту

Шарты: өткен дыбысқа байланысты сөзді буынға бөліп оқу және оның мағынасын түсіндіру.

Мысал:

ша-на — қыста сырғанап ойнайтын құрал.

7) «Жыл мезгілдері» (сурет бойынша әңгімелеу)

Шарты: конверт суыру арқылы берілген жыл мезгіліне қатысты сурет бойынша әңгіме құрастыру.

8) «Үш тілді білеміз бе?» (жұмбақ шешу)

Шарты: жұмбақтың жауабын тауып, оны үш тілде айту.

Жұмбақ 1

Түссе күннің шуағы,
Көзді еріксіз жұмады.
Жылы жерді сүйеді,
Беті-қолын жуады.

Жауабы: ________________

Жұмбақ 2

Мақұлық бар екен даусы зор,
Адамға ұқсап бойында аяқ пен қол.
Мекені тас бұлақтың төңірегінде,
Мынаны тапқан жанның ақылы мол.

Жауабы: ________________

Жұмбақ 3

Дөңгелейді, дөңгелейді,
Ұшқан құстай.
Құс десем, төрт аяғы бар,
Елек-селек, екі құлағы бар.

Жауабы: ________________

Қорытынды бөлім

Тобымыздың жұлдыздары өнері асқан, би билеп мың бұралады бала жастан. Өнерпаз балаларымыз, ортаға шығыңыздар, тартынбаңыздар!

Айналайын балғындар, алға бағыт алыңыздар. Ертең өсіп толығыңыздар, ел мақтаны болыңыздар. Ойларыңыз орындалып, бүгінгі күннің маңызы мен мәнін терең ұғына беріңіздер. Міне, тағы биіктерге ұмтылдыңдар!

«Бара жатыр көшелермен бала шағы — болашағы ұлтыңның!» дегендей, бүгінгі «Біз мектепке барамыз» номинациясы бойынша өткен олимпиадамыздың қорытынды сөзі әділқазылар алқасына беріледі.

Өнерменен көрсетейік біздер қызмет,
Әділқазы, сіздерге де көп-көп рақмет!
Көрсетпесін өмір-өзен еш тауқымет,
Ризамыз ата-анаға жүрген демеп!