Жай және құрама сан
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі
Тақырып: Натурал сандардың бөлінгіштігі (5-сынып)
Сабақ тақырыбы: 2, 3, 5, 9, 10 бөлінгіштік белгілері
Бұл сабақта негізгі назар 2, 5, 10 сандарына бөлінгіштік белгілерін түсіну мен қолдануға бағытталады.
Оқу мақсаты
5.1.2.5 — натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолдану.
Сабақ мақсаттары
Барлығы
Натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін анықтайды.
Басым бөлігі
Натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін қолданады.
Кейбіреуі
Бөлінгіштік белгілерін мәтіндік есептерде қолданып, шешімін түсіндіре алады.
Бағалау критерийлері
- Натурал сандардың 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін анықтайды.
- Бөлінгіштік белгілерін қолдана отырып, есептер шығарады.
Тілдік мақсаттар
Оқушылар орындай алады
- 2-ге, 5-ке, 10-ға бөлінгіштік белгілерін анықтап, ауызша айтады.
- Бөлінгіштік белгілерін тұжырымдап, жазбаша түрде рәсімдейді.
Негізгі терминдер мен тіркестер
Құрылым: «Егер …, онда …»
Құндылықтарды дарыту
Зайырлы қоғам және руханият құндылығы аясында топтық жұмыс барысында оқушылар бір-бірін құрметтеуді, ынтымақтастық пен достық қарым-қатынасты нығайтады.
Өзара бағалау кезінде өзгенің көзқарасына құрметпен қарау дағдысы қалыптасады.
Пәнаралық байланыстар
Қазақстан тарихындағы Алтын адам және Ботай мәдениеті тақырыптарымен байланыс орнатылады: тарихи деректердегі сандық жазылымдарды пайдаланып, бөлінгіштік белгілерін анықтау арқылы тарих пен математиканың кіріктірілуі жүзеге асады.
Бастапқы білім
- Натурал санның бөлгіштері мен еселіктері
- Жай және құрама сандар
- Бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері
Сабақ барысы
Сабақтың басы
6 минутОқушылардың назарын шоғырландыру мақсатында сынып санау арқылы «Жұп сандар» және «Тақ сандар» топтарына бөлінеді.
«Сократ шебері» әдісі бойынша оқушылар бір-біріне сұрақ қою арқылы келесі тақырыптарды қайталайды:
- натурал санның бөлгіштері мен еселіктері;
- жай және құрама сандар;
- бөлінгіштіктің негізгі қасиеттері.
Кері байланыс: әр топ өз атауына қысқаша анықтама береді.
Сабақтың ортасы
30 минут Жұптық/топтық жұмысЖаңа сабаққа кіріспе мақсаты: «Миға шабуыл» стратегиясы арқылы оқушыларға сабақтың тақырыбы мен мақсатын өздері анықтауға бағыт беру.
Миға шабуыл тапсырмалары
-
1)
12034, 4320, 13271, 502025, 373819, 63633 сандарының ішінен:
а) жұп цифрға аяқталатын сандарды теріп жазыңдар.
ә) тақ цифрға аяқталатын сандарды теріп жазыңдар.
-
2)
Бір таңбалы сандардың:
а) жұп цифрлармен жазылғандары 2-ге бөліне ме? Тексеріңдер.
ә) тақ цифрлармен жазылғандары 2-ге бөліне ме? Тексеріңдер.
-
3)
2 мен 5-ке еселік болатын сегіз сан жазыңдар. Жазылған сандардың бірлік разрядында қандай цифр тұрады? Бұл сандар 2-ге және 5-ке бөліне ме?
Қорытынды жасаңдар: 2-ге және 5-ке бөлінетін сандар қандай цифрмен аяқталады?
-
4)
34-тен үлкен, бірақ 51-ден кіші екі таңбалы сандардың ішінен:
а) 5-ке бөлінетін сандар қандай цифрмен аяқталады?
ә) 10-ға бөлінетін сандар қандай цифрмен аяқталады?
ҚБ: «Басбармақ» әдісі арқылы 1-тапсырма бойынша жылдам кері байланыс беріледі.
Қалыптастырушы бағалау тапсырмасы
«Конверттегі сұрақ» әдісі арқылы оқушылардың түсіну деңгейі анықталады.
Қалыптастырылатын дағдылар
ойлау • шешім қабылдау • еркіндік • дербестік
Жұмыс алгоритмі
- а) 971, 5042, 973, 980, 3401, 2600 сандарының қайсысы 2, 5, 10 сандарына қалдықсыз бөлінеді?
- ә) 46* үш таңбалы санында жұлдызшаның орнына қандай цифр қойғанда шыққан сан 2, 5, 10 сандарының әрқайсысына қалдықсыз бөлінеді?
- б) Қазақстан Республикасы тәуелсіздігін қай жылы алды және биыл қанша жыл толады? Бұл сандар 2, 5, 10 сандарының қайсысына бөлінеді?
Мектеп және мұғалім туралы мәлімет
- Мектеп
- КММ МГ №95
- Мұғалім
- Купеева Жанар Балпановна