Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш

Сайыс сабақ

«Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ»

Бұл сайыс сабақтың мазмұны мақал-мәтелдер мен жұмбақтардың тәрбиелік әрі танымдық мүмкіндігін аша отырып, оқушылардың тілдік қорын, ойлау жылдамдығын және тапқырлығын дамытуға бағытталған.

Сайыстың мақсаты

  • Мақал-мәтел мен жұмбақ туралы білімді тереңдету.
  • Оқушыларды шапшаң ойлауға, тапқырлыққа және жауапкершілікке үйрету.
  • Сөздік қорын және дүниетанымын кеңейту.
  • Адал достыққа, білімділікке, өнерге және еңбекқорлыққа баулу.
  • Тілін, елін, жерін сүйетін, жақсыдан үйреніп, жаманнан жиренетін тұлға қалыптастыруға ықпал ету.

Көрнекіліктер

Тақырыптық плакаттар.

Ұйымдастыру кезеңі

  1. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
  2. Ойынның шарттарымен таныстыру.
  3. Ойыншылармен таныстыру.

Негізгі бөлім: сайыстың кезеңдері

Сайыс бірнеше айналымнан тұрады. Әр кезең оқушылардың сөздік қорын, логикасын, жылдамдығын және фразеологиялық білімін тексеруге бағытталған.

I айналым

10 балл

3 ойыншы шығады. Берілген бір сөзді мақалдың құрамында қолданып, мақал айту қажет.

II айналым

20 балл

Мақалдың бір бөлігі айтылады, ойыншы жалғасын табуы тиіс.

III айналым

Көрермендер кезеңі

Көрермендерге арналған тапсырмалар орындалады.

IV айналым

20 балл

3 жұмбақшы шығып, жұмбақ шешуден сайысқа түседі.

V айналым

Жекпе-жек

Екі жұмбақшы бір-біріне жұмбақ қояды. Жеңімпаз келесі айналымда мақалшымен сайысқа түседі.

VI айналым

Құрама тапсырма

Жүргізуші жұмбақшыға жұмбақ айтады. Жұмбақшы шешуін табады, ал мақалшы сол шешуді қатыстырып мақал айтуы керек.

VII (ақырғы) айналым

Фразеология

Сайыста суырылып шыққан жүйрікке тұрақты тіркестердің мағынасын ашу тапсырмасы беріледі. Соңында жеңімпаздар мадақталады.

Қорытындылау

Мақал-мәтел — сөз мәйегі, талай замандар бойы қалыптасқан, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып келген халықтық мұра. Мақал-мәтелдер ойдың дәлдігімен, тереңдігімен және ықшамдылығымен ерекшеленеді.

Жұмбақ — адамның дүниетану жолындағы ойының және қиялының деңгейін танытатын жанр. Ол тапқырлықты да, білімділікті де талап етеді.

Сондықтан балаларға көбірек оқып, үздіксіз ізденуге бағыт беру — сайыстың басты рухани нәтижесі.

Пайдаланылған әдебиеттер

  1. Қазақтың мақал-мәтелдері. Алматы, 1959 ж.
  2. Қазақтың мақал-мәтелдері. Алматы, 2002 ж.
  3. Е. Елубаев. Жүз жұмбақ, жүз жаңылтпаш. Алматы, 1989 ж.
  4. І. Кеңесбаев. Қазақ тілінің фразеологиялық сөздігі.

Автор туралы

Автор
Досқазиева Ботагөз Қисамадинқызы
Мектебі
Алматы қаласы, Әуезов ауданы, Ғ. Мүсірепов атындағы №86 мектеп-гимназиясы