Оқушыларды мәтінде берілген бүркіт өмірімен таныстыру

Педагогикалық шеберхана Көркем мәтін Тәрбиелік бағыт

Сабақтың тақырыбы: «Бүркіт» (Б. Емельянов)

Бұл сабақта оқушылар орыс жазушысы Б. Емельяновтың «Бүркіт» атты мәтінімен танысып, қыран құстың тағдыры арқылы достық, сыйластық және адамгершілік құндылықтарын тереңірек ұғынады.

Сабақтың мақсаты

  • Мәтіндегі бүркіт өмірі туралы мағлұмат беру.
  • Достық пен сыйластық сезімін қадірлеуге тәрбиелеу.
  • Оқиға желісі арқылы сабаққа қызығушылықты арттыру.

Сабақтың типі

Педагогикалық шеберхана форматы.

Оқушы белсенділігі мен өздігінен ой қорытуға басымдық беріледі: жеке жұмыс, топтық талдау, жариялау және рефлексия.

Көрнекілік

  • Қосымша оқулықтар
  • Бүркіттің суреті
  • Құсбегінің (саятшының) суреті

Шеберхана барысы

1) Ұйымдастыру

Оқушыларды санату арқылы төрт топқа бөлемін. Әр топтың міндеті анық әрі қысқа тұжырымдалып, жұмыс қарқыны біркелкі сақталады.

2) Индуктор

Сұрақ: Аңды немен аулайды?

Әр оқушы жеке жұмыс жасайды: дәптерге суретін салады немесе атауларын жазады.

қақпан тор мылтық бүркіт т.б.

Осы кіріспеден кейін оқушыларға бүгін Б. Емельяновтың «Бүркіт» мәтінімен танысатынымыз айтылады.

3) Жеке құрастыру

Сұрақ: Бүркіт туралы не білесіңдер?

Әр топ алдарындағы A3 қағазына білетін мәліметтерін жазады және сынып алдында жариялайды.

4) «Әлументтік» құрастыру (I бөлім)

Оқушылар оқулықтағы «Бүркіт» мәтінінің I бөлімін өздігінен оқып, негізгі ойды анықтайды.

I топқа тапсырма

Бұл бөлімде қыран бүркіт туралы не айтылған? Оқулықтан тауып оқыңдар.

«Дегенмен қонақтар риза болуға тиіс, оларды қырандардың ең асылы, ең ізгісі қарсы алып отыр».

II топқа тапсырма

Бүркітті қолда ұстауға қажетті жабдықтардың аттары аталады. Соларды тауып айтыңдар.

томаға шынжыр

III топқа тапсырма

Келген адамдарды қарсы алған кісі туралы не айтылған?

«Шапанын қусырып, ақ сақалды бір қарт кісі қарсы алады. Жүзі жылы шырайлы».

IV топқа тапсырма

I бөлімге ат қойыңдар (мысалы: «Соқыр бүркіт», «Қарт пен аңшылардың кездесуі» және т.б.).

Жариялау және талқылау

Бүркіттің соқыр екенін көргенде Гайдардың айтқан сөзін оқулықтан нақышына келтіріп оқимыз (2–3 рет).

«Қыраным-ай! Сен бұл күйге қалай ұшырадың?»

Сұрақ: Гайдар бүркіттің соқыр екенін неден аңғарды?

Оқушылар мәтінге сүйеніп жауап береді: көзіндегі қоңыр шелдің қозғалмауы, қыранның өткір көзқарасын енді көре алмайтынын түсіну.

5) II бөлімді оқу және түсіндіру

Мәтіннің II бөлімі оқушыларға кезекпен дауыстап оқытылады. Түсініксіз сөздер кездессе, белгілеп отыру тапсырылады.

Сөздік жұмысы

Оба ауруы — аса қауіпті, карантиндік жұқпалы ауру. Ауру тез тарайды, сау адамға науқас адамнан жұғады. Табиғатта адамға кемірушілер арқылы немесе бүрге арқылы жұғуы мүмкін. Емдеу үшін науқас адам арнайы ауруханаға жатқызылады, карантин жарияланады.

Сұрақ–жауап

  1. 1Бұл бөлімде бүркіт адамдарға қандай көмек көрсетті?
  2. 2Төбеде тұрған бір солдат бүркіт ұшып өткен сайын неге басындағы бөркін шешетін?
  3. 3Бүркіт қалай соқыр болды? Оны соқыр еткен кімдер?
  4. 4Мәтіндегі қарт адам кім?
  5. 5Бөлімнің соңындағы «маған» деп отырғаны кім?
  6. 6Бұл бөлімде достық туралы қандай ой айтылады?
  7. 7II бөлімге қандай атау беруге болады?

6) Үзіліс: «Мен және бүркіт»

Оқушылар 3 сөйлемнен тұратын шағын шығарма жазады.

Үлгі ой:

«Менің де адал бүркіт сияқты досым болса екен деймін. Достық сезім адамдарды да, жан-жануарларды да бір-біріне жақындатады. Достықты ешқашан сатуға болмайды».

7) Рефлексия

Бүгінгі сабақ ұнады ма?

Оқушының жеке әсері тыңдалады.

Несімен ұнады?

Топтық жұмыс, мәтіннің әсері, пікірталас.

Не үйрендіңдер?

Достық, жауапкершілік, жанашырлық туралы қорытынды.

8) Үй тапсырмасы

Әр топқа жеке тапсырма беріледі. Мақсат — бүркіт туралы танымды кеңейту және ақпаратты талдап ұсыну.

I топ

Бүркіттің қанша түрі бар?

II топ

Бүркіт неше жыл өмір сүреді?

III топ

Бүркітті адамдар қолға қалай үйретеді?

IV топ

Құсбегі туралы не білесіңдер?

9) Мадақтау

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар атап өтіледі. Топтық жұмыстағы ынтымақтастық, дәлелді жауап және мәтінмен жұмыс сапасы негізге алынады.