Ана кісі сенің анаңба

Сабақтың қысқаша паспорты

Білім беру саласы

Әлеуметтік орта

Бөлімі

Өзін-өзі тану

Тақырыбы

Әдептілік — әдемілік белгісі

Білімділік мақсаты

Балалардың әдептілік туралы білімін кеңейту.

Дамытушылық мақсаты

Көріністер арқылы шығармашылық қабілетін ашу; көрнекі суреттер арқылы зейінін және логикалық ойлауын дамыту.

Тәрбиелік мақсаты

Сөздік қорын байыту, байланыстырып сөйлеуге үйрету; үлкенді сыйлау, кішіге қамқор болуға тәрбиелеу.

Көрнекілік

Суреттер

Әдіс-тәсілдер

Көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап

Сабақ барысы

Шаттық шеңбер

Біз әдепті баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Айтқан тілді ұғамыз,
Саяхатқа шығамыз.

Бүгінгі оқу іс-әрекетіміз әдептілік туралы. Әдептілік ережелерін сақтауды үйренеміз. Қазіргі заман адамы сегіз қырлы, бір сырлы болып өсуі керек.

Абай атамыз: «Әсемпаз болма әрнеге, өнерпаз болсаң арқалан. Сен де бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та бар қалан» — деп айтқан.

Кішіге мейірімді, досқа қайырымды, еңбексүйгіш, шыншыл әрі қамқор болсақ, өсе келе ата-анамыздың да, Отанымыздың да мақтанышы боламыз.

Сұрақтар

  • Әдепті бала дегеніміз кім?
  • Әдептілікке не жатады?
  • Әдеп туралы қандай мақал-мәтелдер білеміз?

Жылы сөз — жанға қуат

«Жылы сөз жанды жылытар» дегендей, балаларға бір нәрсе қажет болса, «Өтінемін» деп айту маңызды.

1-көрініс: «Қарындашты рұқсатсыз алу»

Ортада Милана мен Аяжан сурет салып отырады. Аяжан Милананың қарындашын рұқсатсыз алып қояды, себебі Милананың қарындаштары әдемірек болады.

Милана қарындаштарын қайтарып беруін сұрайды, бірақ Аяжан бергісі келмейді.

Тәрбиеші:

Балалар, біреудің құралын рұқсатсыз алуға бола ма?

Балалар: Жоқ.

Тәрбиеші:

Қане, бұл қателікті кім түзейді?

Арыстан: «Өтінемін, қарындас, бере тұршы қарындаш», — дейді.

Қыздар қарындашты Арыстанға береді. Милана мен Аяжан бір-бірінен кешірім сұрап, қайтадан достасады.

Түйін: «Өтінемін» деген ізгі сөзді айту — әдептіліктің белгісі.

Шындық пен жалған сөз туралы

Кейде біз жылтыр, бірақ жалған сөздерді де естиміз. Мұндайда шындықты ажырата білу керек.

Мадина

Қасқыр қойды мақтады,
Барлық ісін жақтайды.
Қасқыр жолдас болмайды-ау,
Қой түбінде оңбайды.

Тәрбиеші:

Қасқыр мен қой дос бола ма?

Балалар: Жоқ.

Қорытынды: Жалған сөйлеуге болмайды.

Суреттер бойынша талдау

Енді суреттерге назар аударайық. Әр сурет — әдептіліктің қарапайым, бірақ маңызды көрінісі.

1-сурет

Бала көшеде атаны көріп, амандасып тұр.

2-сурет

Автобуста қыз әжеге орын беріп тұр.

3-сурет

Бала атаның жерден таяғын алып беріп тұр.

Осындай жағымды іс-әрекеттер әдептілікті білдіреді.

Әдептілік туралы тақпақтар

Жандаулет

Сыйлап сәлем беремін,
Көршілерді көргенде.
Ізетпен бас иемін,
Үйге қонақ келгенде.
Әдепсіз деп сөкпесін,
Анам айтып өкпесін.

Ерхан

Атам маған қашанда
Әділетті бол деген.
Ата сөзін санамда,
Жүрем тура жолменен.

Ботагөз

Анаң сенің базардан
Алма сатып әкелді.
Ең үлкенін, ең жақсысын
Саған таңдап әперді.
Не деп барып жеу керек?
Рахмет деу керек.

Әли

Балалар жүр көшеде,
Етіледі айқай-шу.
Сен де шықтың көшеге,
Қағып кеттің байқамай,
Не деу керек?
Кешіріңіз деу керек.

2-көрініс: «Көмек — адамдықтың белгісі»

Дүкенге қарай бір қарт кісі келе жатады. Жер тайғақ болып, ол кісі тайып құлап қалады. Осы кезде мектепке бара жатқан бір ұл мен бір қыз қарт кісіге жақындайды. Ұл бала қызға сөмкесін ұстатып, қарт кісіні көтеріп тұрғызады. Қарт кісі рақмет айтып, кетіп қалады.

Адина

— Ана кісі сенің анаң ба?

Әли

— Жоқ, анам емес.

Адина

— Жеңгең бе?

Әли

— Жоқ, жеңгем емес.

Адина

— Әжең бе?

Әли

— Жоқ, әжем емес.

Адина

— Танисың ба?

Әли

— Жоқ, танымаймын. Жай ғана бір адам.

Осы көрініс бізге мынаны үйретеді: жақсылық жасау үшін міндетті түрде таныс болу шарт емес.

Әдептілік туралы балалардың ойы

Мирас

Әдептілік — адамгершілік: үлкендерді сыйлау, кішкентайларды аялау, сыпайы сөйлеу, таза болу, Отанды жақсы көру. Салт-дәстүрді құрметтеу, дұрыс тамақтану.

Милана

Адамгершілік — бір-бірімізге көмектесу, ренжіспеу, ойыншыққа таласпау, ата-ананың тілін алу, үлкендерді құрметтеу және сыйлау.

Нұрлыбек

Әдепті бала мектепте және көшеде амандасады, кездескен адамдармен сәлемдеседі. Көмек пен қамқорлық үшін алғыс айтады, кетерде қоштасуды ұмытпайды.

Әдепті сөздер қоржыны

Рақмет Сәлем! Қалың қалай? Сәлеметсіз бе? Амансыз ба? Қош келдіңіз! Сау болыңыз! Қош болыңыз! Кездескенше! Кешіріңіз Өтінемін

Қорытынды

Бүгін біз әдептілік пен сыпайылық туралы сөйлестік. Әдепті, сыпайы бала айналасындағыларға жағымды әрі сүйкімді болатынын түсіндік.

Әрдайым әдепті болуға ұмтылайық: кездескен адамдармен амандасуды, қателескенде кешірім сұрауды, және «өтінемін», «рақмет» сияқты жылы сөздерді орнымен айтуды әдетке айналдырайық.