Газетті қай тілде оқисыңдар

Сабақтың мазмұны

Бұл сабақта оқушылар мерзімдік басылымдар (газет-журнал) туралы білімін кеңейтіп, қазақ басылымдарымен танысады, мәтінмен жұмыс істеп, деңгейлік тапсырмалар арқылы сөйлеу дағдысын дамытады және білім сайысы форматында өз білімін дәлелдейді.

Сабақтың тақырыбы

Мен оқитын газет-журналдар

Сабақтың түрі

Сайыс сабақ

Әдістері

Сұрақ-жауап, толықтыру, қайталау, талдау, баяндау

Көрнекілігі

Газет-журнал көрмесі, интерактив тақта, слайдтар, ойын («Білімпаздар бәйгесі»)

Қолданылатын технологиялар

  • Жампейісованың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар (АКТ)

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы, қазақ әдебиеті

Сабақтың мақсаттары

Білімділік

  • Тақырып бойынша әңгіме құрастыру шеберлігін қалыптастыру.
  • Бұқаралық ақпарат құралдары туралы білім мен дағдыны кеңейту.
  • Оқушылардың танымдық белсенділігін арттыру.

Дамытушылық

  • Сөздік қорды байытып, белсенді сөздік қорды тиімді пайдалануға үйрету.
  • Теория мен практиканы ұштастыра отырып, шығармашылық қабілеттерін дамыту.
  • Ойды жүйелі жеткізу дағдыларын жетілдіру және іскерлікті қалыптастыру.

Тәрбиелік

  • Ел тарихын білуге және құрметтеуге тәрбиелеу.
  • Өз пікірі қалыптасқан, белсенді азамат болуға баулу.
  • Елжандылық пен патриотизмге тәрбиелеу, мамандық таңдауға бағдар беру.
  • Елі үшін еңбек еткен тұлғалардың өмірін үлгі ету.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

Сыныптың дайындығын тексеру, назарды сабаққа шоғырландыру.

2) Үй тапсырмасын пысықтау: «Отбасылық басылымдар»

Сұрақ-жауап арқылы алдыңғы білім еске түсіріледі:

  1. Мерзімдік басылымға не жатады?
  2. Өздерің тұратын өңірде қандай жергілікті газет шығады?
  3. Оқып тұрасыңдар ма?
  4. Сүйікті газетің қандай?
  5. Газет бетіндегі сүйікті айдарың қандай?
  6. Газетті қай тілде оқисыңдар?
  7. Отбасың қандай мерзімдік басылымға жазылған?

3) Тақырып пен мақсатты таныстыру

Бүгін біз газет-журнал туралы білімімізді кеңейтіп, қазақ басылымдарымен танысамыз. Радио миллиондаған тыңдаушыны жинайды, теледидар көргеніміз бен естігенімізді әсермен қабылдатады. Дегенмен газет-журнал оқудың орны бөлек: ол ойды жинақтауға, ақпаратты саралауға, дәлелмен пайымдауға үйретеді.

Негізгі ой

Газет-журналдың адам өміріндегі орны зор: ол еліміздегі және әлемдегі оқиғалардан хабардар етеді.

I) Тақтамен жұмыс: Ахмет Байтұрсынұлының төрт қағидасы

  • Бірінші: газет — халықтың көзі, құлағы, тілі.
  • Екінші: газет — жұртқа қызмет ететін құрал.
  • Үшінші: газет — халыққа білім таратушы.
  • Төртінші: газет — халықтың жоқтаушысы.

II) Бейнесұрақтар

  • Қандай қазақ газеттерін білесің?
  • Қандай мектепішілік шараларға газет шығардың?
  • Етістіктің райлары дегеніміз не?
  • Етістіктің ашық райы қалай жасалады?
  • Қандай қазақша газет-журналдар оқисың?

III) Газет беттеріне шолу: «Абай ақиқаты» (№6, 08.02.2014)

Тақырыптар

  • «Абай ақиқаты» газетіне — 40 жыл
  • «Ауған жаңғырығы» (Кеңес әскерлерінің Ауғанстаннан шығарылғанына 25 жыл)
  • «Отан қорғау — ұлы парыз»
  • «Спорт жетістіктері»
  • «Дәрігер кеңесі»

Жұптық жұмыс

Оқушылар газет материалдарын талдап, пікір алмасады.

Ескерту

Материалды оқуда мазмұн, дәлел, тілдік ерекшелікке назар аударылады.

Деңгейлік тапсырмалар

III деңгей

  1. Мәтінді мәнерлеп оқып, орыс тіліне аударыңдар.
  2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырып, жауап беріңдер.

II деңгей

  1. Мәтін мазмұны бойынша жоспар құрыңдар.
  2. Жоспар бойынша мазмұндап беріңдер.

I деңгей

Мәтіндегі бір оқиға бойынша шағын мақала жазыңдар.

IV) «Білімпаздар бәйгесі»: білім сайысы

Адамзат тарихында білім мен ғылым әрдайым маңызды болған. Қазіргі жаһандану дәуірінде де өркениетті ел болудың басты шарты — білім. Білім — патриотизмнің негізі; білімділік — үздіксіз үйренудің, оқығанды зердеде бекітудің нәтижесі.

Сайыс ұраны

«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.»

Қатысушылар

10-сыныптан 10 оқушы.

Әділқазылар

Төрайым және қазақ тілі пәні мұғалімдерінен құралған сарапшылар.

Сайыс кезеңдері

  1. Жалпы сұрақтар
  2. Тікелей сұрақтар
  3. Тіл өнері
  4. Бәйге

I) Жалпы сұрақтар (10 сұрақ)

Әр оқушыға жауап нұсқалары берілген бір сұрақ қойылады. Дұрыс жауап — 10 ұпай. Дұрыс жауап берілмесе, кезек келесі ойыншыға өтеді.

  1. Әйелдер арасынан шыққан тұңғыш тілші?
    а) Нәзипа Құлжанова ә) Сара Есова б) Ләзиза Серғазина
  2. Алғашқы қазақ газеті қалай аталады?
    а) «Қазақ» ә) «Түркістан уәлаяты» б) «Еңбекші қазақ»
  3. Қазір елімізде қанша газет-журнал шығады?
    а) 100-ден астам ә) 10-нан астам б) 1500-ден астам
  4. «Айқап» журналы не туралы?
    а) Қазақ салты ә) Қазақ өмірі б) Қазақ тілі
  5. Қарағанды облысының газеті:
    а) «Жас Алаш» ә) «Егемен Қазақстан» б) «Орталық Қазақстан»
  6. Телебағдарлама туралы мәлімет қайда басылады?
    а) Журналда ә) Газетте б) Мақалада
  7. Жастар газетін кім басқарды?
    а) Нәзипа Құлжанова ә) Сара Есова б) Ләзиза Серғазина
  8. «Жұлдыздар отбасы» журналы қай түрге жатады?
    а) Орталық ә) Жеке меншік б) Ресми
  9. Журналистер әрқашан кіммен бірге?
    а) Халқымен ә) Шәкіртімен б) Жастармен
  10. «Қазақ» газетінің бас редакторы:
    а) М. Сералин ә) Е. Абылайханов б) А. Байтұрсынұлы

II) Тікелей сұрақтар (10 сұрақ)

Жауап нұсқасы берілмейді. Жауап нақты әрі жылдам болуы керек. Әр дұрыс жауап — 10 ұпай. Жауап бере алмаса, бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді.

  1. Бастапқыда «За коммунистический труд» аталған жергілікті басылым қалай аталады? («Абай ақиқаты»)
  2. Дүние жүзіндегі тұңғыш журнал: («Journal des Savants»)
  3. Мектепке дейінгі және бастауыш сынып оқушыларына арналған қазақ журналы: («Балдырған»)
  4. «Ұлан» газетінің алғашқы атауы: («Пионер»)
  5. Жасөспірімдерге арналған әдеби-көркем журнал: («Ақ желкен»)
  6. М. Сералин «Айқап» журналын қай қалада шығарды? (Троицк)
  7. Әйелдер журналын кім басқарды? (Л. Серғазина)
  8. Ресми ақпаратты жариялайтын республикалық газет: («Егемен Қазақстан»)
  9. Газет-журналдың адам өміріндегі орны қандай? (Зор)
  10. Біртуар тұлғалардың өмірбаяны мен қызметі туралы журнал (ашық сұрақ).

Жалпы ұпай есептеліп, ұпайы көп 4 оқушы келесі кезеңге өтеді.

III) «Тіл өнері»: үш тілде жауап беру

Елдің бәсекеге қабілетті болуы үшін көптілділік маңызды. Бұл кезеңде экранда білім-ғылымға қатысты жұмбақтар мен мақал-мәтелдер беріледі. Олардың шешуін қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде айту қажет.

Жұмбақтар

  1. Жаңалықты жазады, көпшілікті тыңдайды. (тілші/журналист)
  2. Тілі жоқ өзінде, сөзі бар ізінде. (қалам)
  3. Қабат-қабат қатталған, асыл сөзбен апталған. Парағы бар сөйлейтін, ол қазына өлмейтін. (кітап)
  4. Бар ойымды жинаймын, ақ қағазға құямын. (сия)

Мақал-мәтелдер

  1. Кітап — алтын қазына.
  2. Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл.
  3. Оқу — білім бұлағы, білім — өмір шырағы.
  4. Ғылым — теңіз, білім — қайық.

Жалпы ұпай есептеліп, ұпайы көп 2 оқушы келесі кезеңге өтеді.

IV) «Бәйге»: ұяшық таңдау арқылы финал

Ойыншылар 20/30/40 ұяшықтарын таңдап, сұрақтарға жауап береді. Ұпайы аз ойыншы бастайды. Жауап бере алмаса, дайын ойыншы жауап береді; дұрыс жауап берген ойыншы келесі ұяшықты таңдайды.

«Журнал»

  • 20Қымбат Әбілдәқызы қай журналдың редакторы? («Айгөлек»)
  • 30Жас отбасына арналған журнал қалай аталады? («Бөпем»)
  • 40«Ел ертеңі.kz» журналы кімдерге арналған? (жоғары сынып оқушыларына)

«Газет»

  • 20«Абай ақиқаты» газетінің тұңғыш редакторы: (Бағдат Мекей)
  • 30«Қазақ» газеті қай қалада басылып шықты? (Орынбор)
  • 40Түркі халықтарының тілдерінде шыққан тұңғыш мерзімді басылым: («Түркістан уәлаяты»)

«Тұлға»

  • 20Қазақ тіліндегі алғашқы «Айқап» журналының авторы: (М. Сералин)
  • 30Газет туралы төрт қағиданы айтқан тұлға: (А. Байтұрсынұлы)
  • 40«Абай ақиқаты» газетінің қазіргі бас редакторы: (А. Тойбек)

«Грамматика»

  • 20Газет-журнал атаулары қандай әріппен жазылады?
  • 30Газет-журнал атаулары қалай жазылады?
  • 40Іс-әрекеттің осы, өткен, келер шақта болғанын/болатынын көрсетіп, үш шақта жекеше-көпше түрде айтылатын рай қалай аталады?

Жиналған ұпайлар есептеліп, жеңімпаз анықталады.

Қорытынды

Оқушылар модуль бойынша алған білімін көрсетті. Болашақта ақпарат көздерін тиімді пайдалана алатын, мемлекеттік тілде ел жетістігін әлемге таныта алатын тілшілер, жарнама мамандары және қазақтілді цифрлық кеңістікті дамытатын азаматтар өсіп шығатынына сенім білдіріледі.

Үй тапсырмасы

Сүйікті газет-журналың туралы монолог жазу.

Бағалау

Сайыс ұпайлары мен сабақтағы белсенділік негізінде бағаланады.

Қатысқан оқушыларға алғыс білдіріледі, сабақ қорытындыланып аяқталады.