Заттың агрегаттық күйлері және оларды молекулалы - кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру

Сабақ тақырыбы

Заттың агрегаттық күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру.

Білімділік

Зат күйлерін молекулалық-кинетикалық көзқарас арқылы түсіндіру, оқушылардың қолда бар дағдыларын ескере отырып қасиеттерін ашу.

Дамытушылық

Қоршаған денелерге ғылыми көзқарасты дамыту, жеке ізденіс арқылы шығармашылық ойлауға жетелеу.

Тәрбиелік

Теориялық және қосымша материалдар арқылы қоршаған ортаны тануға және оны қорғауға тәрбиелеу.

Сабақ барысы

I. Ұйымдастыру кезеңі

  • Оқушылармен амандасу.
  • Жоқ оқушыларды анықтау.
  • Сабақтың мақсатымен таныстыру.

II. Қызығушылықты ояту: ой қозғау

Үй тапсырмасын еске түсіру үшін күнделікті өмірден алынған мысалдарға назар аударамыз: күміс, алтын, су, ағаш, темір, кітаптар; алтын сақина, күміс сақина, алтын алқа; алюминий ыдыстар мен қасықтар; темір шегелер; ағаш үстел мен орындықтар. Бұл нысандарды қалай ажыратамыз және оларды ортақ қандай ұғым біріктіреді?

Барлығын біріктіретін негізгі ұғым — материя. Материя — бізді қоршаған болмыс: ол зат түрінде де, жарық толқындары түрінде де көрінеді.

Негізгі анықтамалар

Зат
Дененің шығу табиғатын және сапалық қасиеттерін сипаттайтын материя түрі.
Дене
Кеңістікте белгілі пішіні және нақты көлемі бар жеке тұрған нәрсе.
Атом
Химиялық элементтің қасиеттерін сақтайтын ең кіші бөлшек.
Молекула
Заттың химиялық қасиеттерін сақтайтын ең кіші бөлшек.

Тәжірибе: диффузияны бақылау

Стаканға су құйып, оған марганцовка салып, ерітіндінің біртіндеп таралуын бақылаймыз. Бұл қандай құбылыс?

Диффузия — молекулалар мен атомдардың ретсіз қозғалысы нәтижесінде жанасып тұрған заттардың бір-біріне еніп, таралуы. Диффузия газдарда, сұйықтарда және қатты денелерде де жүреді.

Қорытындылау

Жекелеген атомдар — химиялық элементтердің, ал молекулалар — заттардың ең кіші бөлшектері. Әртүрлі заттардан денелер құралады. Әр заттың молекуласы сол заттың ерекшелігін сипаттайтын ең ұсақ бөлшек екенін байқаймыз.

III. Жаңа сабақ: заттың күйлері

Алдыңғы білімімізге сүйене отырып, заттардың қандай күйлерде болатынын анықтаймыз. Бір заттың өзі әртүрлі жағдайда әрқилы күйге өте алатынын мысал арқылы топтастырамыз:

Мұз

Судың қатты күйі.

Су

Судың сұйық күйі.

Бу

Судың газ күйі.

Осыдан заттардың бірнеше агрегаттық күйде болатынын және бір заттың үш түрлі күйде кездесетінін байқаймыз.

IV. Мағынаны тану: дәптермен жұмыс

Бүгінгі тақырып дәптерге жазылады: «Заттың агрегаттық күйлері және оларды молекулалық-кинетикалық көзқарас негізінде түсіндіру».

Заттың агрегаттық күйлері

  • Қатты күй
  • Сұйық күй
  • Газ күй

Әр күйге күнделікті өмірден мысал келтіреміз.