Көбейткішті түбір белгісінің алдына шығару
Сабақтың мазмұны
Бұл сабақта оқушылар квадрат түбірдің қасиеттерін қолдана отырып, көбейткішті түбір таңбасының алдына шығару тәсілін меңгереді. Жұмыс форматы — топтық және жұптық әрекет, деңгейлік тапсырмалар және өзара тексеру арқылы бекіту.
Сабақтың тақырыбы
Көбейткішті түбір белгісінің алдына шығару
Сабақтың түрі
Бекіту сабағы
Мақсаттар мен күтілетін нәтижелер
Бәрі
- Түбірдің мәнін таба алады.
Көбісі
- Квадрат түбірдің қасиеттерін ескере отырып, көбейткішті түбір таңбасының алдына шығара алады.
Кейбірі
- Көбейткішті квадрат түбірдің алдына шығарып, амалдарды дұрыс орындай алады.
Нәтиже (қорытынды критерийлері)
Сабақ соңында оқушылар түбірдің мәнін табады, квадрат түбірдің қасиеттерін қолданады және көбейткішті түбір таңбасының алдына шығару арқылы өрнектерді ықшамдайды.
Әдіс-тәсілдер және кіріктірілген модульдер
Сабақта қолданылатын әдістер
- «Миға шабуыл»
- СТО стратегиясының элементтері
- Топтық және жұптық жұмыс
- Деңгейлік тапсырмалар
- «Айналмалы бекет»
- «Ыстық орындық»
- БҮҮ кестесі
Модульдердің кіріктірілуі
- СТО
- АКТ
- Оқыту үшін бағалау және оқытуды бағалау
- Талантты және дарынды балаларды оқыту
- Оқытуды басқару және көшбасшылық
Көрнекіліктер
- Интерактивті тақта
- Суреттер мен слайдтар
- Топтық тапсырма кеспелері
- Бағалау парақтары
Сабақтың жоспары
-
I. Психологиялық дайындық
Шаттық шеңберіОқушылар ортаға шығып, шаттық шеңберіне тұрады. Әрқайсысы өз арманын айтып, оған жету жолын қысқаша бөліседі. Кейін геометриялық фигуралар арқылы 3 топқа бөлінеді.
-
II. Кіріспе
«Миға шабуыл»«Миға шабуыл» әдісі арқылы топтарға сәйкестендіру тапсырмасы беріледі. Мақсат — квадрат түбір тақырыбы бойынша негізгі ұғымдарды белсендіру.
-
III. Негізгі бөлім
«Айналмалы бекет»Оқушыларға деңгейлік тапсырмалар беріледі. Әр топқа әртүрлі түсті 3 фломастер ұсынылады. Топтар ортадағы флипчартқа есептерді шығарады, кейін жұмыстарын келесі топқа тексеруге береді. Тексеруші топ өз фломастерімен дұрысын белгілеп, қате болса түзетулер енгізеді. Осылайша тапсырмалар барлық топ арқылы айналып шығады.
I деңгей — Есептеңдер
I топ
√64; √81; √25; √625; √100
II топ
√36; √49; √16; √400; √1
III топ
√4; √9; √900; √1600; √256
II деңгей — Көбейткішті түбірдің алдына шығарыңдар
I топ
√27; √80; 4√24; √160
II топ
√48; √98; 3√12; √810
III топ
√72; √45; 2√18; √360
III деңгей — Өрнекті ықшамдаңдар
I топ
№ 77 (1–2)
II топ
№ 77 (3–4)
III топ
№ 78 (1–2)
Түсіндіру және дәлелдеу
Тапсырмасының дұрыстығын дәлелдегісі келген оқушылар ортаға шығып, интерактивті тақтада есеп шығарады және шығару жолын түсіндіреді.
-
IV. Қорытынды
Ереже толықтыруОқушылардың ережелерді қаншалықты меңгергенін анықтау үшін төмендегі сөйлемдерді толықтыру және берілген түрлендірулердің атауын табу тапсырмасы ұсынылады. Топтар ақылдасып, әр топтан оқушылар өз жауаптарын сынып алдында қорғайды.
Тапсырмалар
- a санының квадрат түбірі деп …
- Теріс емес санның оң квадрат түбірін оның …
- Шектеусіз периодсыз ондық бөлшектерді … деп атайды.
- Рационал және иррационал сандарды бір атаумен … деп атайды.
- Мына түрлендіру қалай аталады?
- Мына түрлендіру қалай аталады?
- Бұл түрлендіру квадрат түбірдің қай қасиетіне негізделген?
Бағалау
Өзін-өзі бағалау, топтық бағалау және бағалау парақшалары арқылы жүргізіледі.
Кері байланыс
«Бүгінгі сабақтан нені білдік? Нені үйрендік?» сұрақтары бойынша БҮҮ кестесі толтырылады: Білемін, Білдім, Білгім келеді.
Үй тапсырмасы
№ 80, № 81.