Орал қаласы
Саяхат сабағының желісі
Бүгінгі сабақта біз Орал қаласындағы мұражайлар әлеміне сапар шегеміз. Мақсат — қалада орналасқан мәдени орындар туралы нақты мәлімет жинап, мәтінмен жұмыс арқылы оқылым, айтылым және жазылым дағдыларын жүйелі дамыту.
Сабақтың атмосферасы
Жерлес ақынымыз Жұбан Молдағалиевтің жыры Оралдың көркін, рухын және жаңарған болмысын айқындайды. Демалыс орындарымен қатар, қаламызда тарих пен мәдениетке жетелейтін көптеген мұражайлар бар. Бүгін солардың ішінен: И. Пугачев атындағы, М. Мәметова атындағы, тарихи-өлкетану, экологиялық мұражайларға назар аударамыз.
Сабақтың барысы
1) Ұйымдастыру
Сабаққа дайындық, мақсат қою, сыныптың назарын «саяхат» форматына бағыттау.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Өткен тақырып бойынша қысқа сұрақ-жауап және негізгі ұғымдарды бекіту.
3) Жаңа сабақ: «Кассадан сұрақ алу»
Оқушы сұраққа дұрыс жауап берсе, «мұражайға кіруге билет» алады. Бұл тәсіл қызығушылықты арттырып, білімді белсенді қолдануға мүмкіндік береді.
Сұрақтар мен жауап үлгілері
-
1. Әбілхан Қастеев кім?
Ә. Қастеев — қазақ халқының әйгілі суретшісі, өнер қайраткері, 20 мыңға жуық туындының авторы.
-
2. Суретшінің танымал еңбектерін атаңыз.
«Медеу мұз айдыны», «Түрксіб», Абай, Амангелді, Жамбыл портреттері және басқа туындылар.
-
3. Ә. Қастеев мұражайы қай жылы құрылды?
1935 жылы.
-
4. Хлудовтың «Бұл өнерді қайдан үйрендің?» деген сұрағына Әбілхан қалай жауап берген?
«Таудың бұлағынан, қойдың құлағынан, апамның киізінен, ешкінің мүйізінен».
-
5. Мектебімізде мұражай бар ма? Онда нелер сақталған?
Иә, шағын мұражай бар. Онда Ұлы Отан соғысы мен Ауған соғысы ардагерлері, ауыл тарихы, мектеп өмірі туралы деректер сақталған.
Оқылым және айтылым: мұражайлар туралы мәтіндер
Мәтінді оқып, түсініп шығыңыз. Оқылымнан кейін негізгі ақпаратты айтуға, сұрақ қоюға және қысқаша мазмұндауға дайын болыңыз.
М. Мәметова атындағы мемориалдық мұражай
Мұражай 1982 жылы 7 шілдеде Орал қаласында ашылды. Ол Сарайшық және Қасым Аманжолов көшелерінің қиылысында орналасқан және алты залдан тұрады.
Сарайшық көшесіндегі 51-үй тарихи ескерткіш ретінде арнайы қамқорлыққа алынған. Мұнда Мәншүктің пайдаланған құралдары сақталған. 1930 жылы бұл үйде Мәметовтар отбасы тұрған.
Мәншүктің алғашқы ұстазы В. Г. Зайцева мұражай қорына құнды экспонаттарды алғашқылардың бірі болып тапсырған.
Автор: Г. Сапуанова
И. Пугачев мұражайы (тарихи ескерткіш)
Бұл мұражай XVIII ғасырда ағаштан салынған ғимаратта орналасқан. Ол 1773–1775 жылдары Жайық өңірінде болған шаруалар көтерілісінің қолбасшысы Е. И. Пугачевтың екінші әйелі У. Кузнецованың үйі ретінде белгілі.
Экспозицияда Жайық казак-орыстарының тұрмысын бейнелейтін заттар қойылған. Сондай-ақ көтеріліс тарихына қатысты құжаттар мен суреттер, қару-жарақтар және Пугачев тұтқындалған кезде ұсталған темір тордың макеті сақталған.
Автор: С. Танабаева
Тарихи-өлкетану мұражайы
Орал қаласындағы ең ірі әрі қоры мол мұражай — тарихи-өлкетану мұражайы. Ол Достық даңғылы бойында орналасқан және 1980 жылы ашылған.
Мұнда XIX ғасырдың тарихи және мәдени ескерткіштері қорғауға алынған. Сонымен бірге Батыс Қазақстан өңірінде жүргізілген қазба жұмыстары нәтижесінде табылған бұйымдар, әртүрлі қолжазбалар, халық арасынан жиналған мұрағаттық материалдар сақталған.
Тілдесім: мәтін бойынша сөйлесу
Төмендегі жағдаяттар бойынша жұптық немесе топтық сөйлесім ұйымдастырыңыз.
-
1) Телефон арқылы сөйлесу
Мұражайға бару жоспарын келісу: уақыт, орын, билет, бағыт.
-
2) Автобус аялдамасындағы сөйлесім
Қай аялдамада түсу керегін сұрау, бағытты нақтылау.
-
3) Достар арасындағы сөйлесім
Әсер бөлісу: қай зал ұнады, қандай экспонат есте қалды.
Сөздік қор
Қазақша
- Мұражай— музей
- Өңір— край
- Тұтқын— плен
Қазақша
- Өлкетану— краеведение
- Даңғыл— проспект
- Мұрағат— архив
Оқыңыз, жаттығыңыз
- Мәншүк Мәметова
- Жайық өңірі
- Тарихи-өлкетану мұражайы
Грамматикалық тақырып
Мезгіл бағыныңқылы сабақтас
Сөйлемдерді мағынасына сай жалғастырыңыз.
- 1. Абай үйге кіргенде, ................................
- 2. Тимур үйге келісімен, ...............................
- 3. Орал қаласына келісімен, ...............................
Сөздердің орны ауысқан тапсырма
Берілген сөздерден дұрыс сөйлем құраңыз.
1-тапсырма
Орналасқан, Е. Пугачев, Достық даңғылы, 35-үй.
2-тапсырма
Отбасы, тұрған, Мәметовтар, үйде, бұл, 1930 жыл.
3-тапсырма
Алынған, XIX ғасырдың, ескерткіштері, қорғауға, тарихи және мәдени, мұнда.
Қорытынды
- Орал қаласы — тарихи мұра мен мәдени құндылықты тоғыстырған кеңістік.
- Сөздік диктант: «Кім неше сөз біледі?» — жаңа сөздерді бекіту.
Үй тапсырмасы және бағалау
Үйге тапсырма
«Мұражайға саяхат» тақырыбында шағын әңгіме жазыңыз.
Кеңес: әңгімеде қай мұражайға барғаныңызды, қандай әсер алғаныңызды және қандай жаңа сөздерді қолданғаныңызды көрсетіңіз.
Бағалау
- Сұрақтарға жауап беру сапасы
- Мәтінді түсіну және мазмұндау
- Сөйлесімге қатысу белсенділігі
- Жазылым жұмысының құрылымы мен сауаттылығы