Қазақ тілінде неше жалғау бар және ата

Сабақ туралы мәлімет

Қала
Астана
Мектеп
№27 мектеп-лицей
Мұғалім
Құдайбергенова Шынар Мұқиятқызы, қазақ тілі мұғалімі
Тақырыбы
Қазақ тілі — мемлекеттік тіл

Мақсаты

  • Орыс тілінде білім алатын оқушылардың өз еліне, туған жеріне және мемлекеттік тіліне құрмет сезімін қалыптастыру.
  • Қазақ тілінің мәртебесін көтеруге ықпал ету.
  • Оқушыларды тез ойланып, жүйелі әрі шапшаң жауап беруге үйрету.

Сабақтың түрі

Викторина

Әдіс-тәсілдер

  • Ойын
  • Сұрақ-жауап
  • Көрнекілік

Көрнекі құралдар

Кеспелер Суреттер Слайдтар Шар Плакат

Сабақтың барысы

Кіріспе сөз

Мұғалім: Білім сайыстарының парызы — қош келдіңіздер, құрметті қонақтар!

Мұғалім: Құрметті оқушылар, сендер қазір бізде қандай апталық өтіп жатқанын білесіңдер ме?

Мұғалім: Дұрыс, қазір бізде Тіл апталығы өтіп жатыр.

Қазақ тілі — өте бай әрі көркем тілдердің бірі. Қазіргі қазақ тілі — дамыған тіл.

Мұғалім: Балалар, байқадыңдар ма? Бүгін бізге қонақ келіп отыр. Қонақпен амандасайық!

Оқушылар: Сәлеметсіз бе!

Мұғалім: Ендеше, «Қазақ тілін білесің бе?» викторинасының қатысушыларын шақырамыз. Қарсы алыңыздар!

Сайыс құрылымы

Сайыс 4 аялдамадан тұрады:

  1. 1-аялдама: «Сәлем — сөздің басы»

    Уақыт: 5 минут

    Әр топ өз тобын, топ басшысын және топ мүшелерін таныстырады. Тобын әсерлі таныстырған топқа 2 жұлдызша беріледі.

  2. 2-аялдама: «Кім жылдам?»

    Берілген әріптерден мүмкіндігінше тез сөз құрау керек. Жылдам әрі дұрыс құрастырған топқа жұлдызша беріледі.

    МӨСЛЙЕ

    Сөйлем

    УҒАЛЖА

    Жалғау

    ЗСӨ

    Сөз

    ҚАБАС

    Сабақ

  3. 3-аялдама: «Тапқыр болсаң — тауып көр»

    Бұл кезеңде топ басшылары сыналады. Әр топ басшысына 10 сұрақ қойылады. Әр дұрыс жауап 1 жұлдызшамен бағаланады.

    1-топ сұрақтары

    • Мектеп қай көшеде орналасқан?
    • Күз айларын ата.
    • Неше рәміз бар?
    • Туда не бейнеленген?
    • Қазақстан қандай мемлекет?
    • Көктемде не болады?
    • Қандай азық-түліктерді білесің?
    • Қазақ тілінде қанша төл дыбыс бар?
    • Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілі қандай?
    • Аптаның төртінші күні қалай аталады?

    2-топ сұрақтары

    • Апта күндерін ата.
    • Жазда не болады?
    • Әнұранның авторларын ата.
    • Сен қай қалада, қай көшеде тұрасың?
    • Біздің мектеп қандай?
    • Қандай мерекелер бар?
    • Қазақ тілінде неше жалғау бар? Ата.
    • Қазақстан Республикасының президенті кім?
    • Қыс айларын ата.
    • Елтаңбада не бейнеленген?
  4. 4-аялдама: «Сиқырлы сөз»

    Екі топқа бір-бір сөз беріледі. Әр топ сол сөзді сөйлемге дейін күрделендіріп, мазмұнды түрде өрбітуі керек. Сөзді ең жақсы дамытқан топқа 2 жұлдызша беріледі.

    I топ

    Күз

    II топ

    Жапырақ

Қорытынды

Балалар, бүгінгі «Қазақ тілін білесің бе?» викторинамыз мәресіне жетті. Сайыс өте қызықты өтті. Қазақ тілін жақсы білетіндеріңді көрсеттіңдер.