Автордың ойы
Сабақтың мазмұны мен бағыты
Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгін біз жаңа сабақ өткіземіз. Сабақтың тақырыбы — «Қанат туралы хикая». Сабақ барысында әрқайсыңызға сәттілік тілеймін!
Сабақтың мақсаты
Мұғалім мақсаты
- Шағын топтардағы жұмысты ұйымдастыру
- Жеке құндылықтарға тарту
- Жағымды баға алуға жетелеу
Оқушы мақсаты
- Белгісізді тану
- Өз ойын салыстыру
- Қайта қарастыру
- Автор ойын жеткізу
- Жаңа құндылықты меңгеру
Өлең: негізгі ой
Өлеңде «екі қанат» ұғымы арқылы тірек, сүйеніш, жақын жандардың қадірі бейнеленеді. Бұл ой кейінгі тапсырмаларда ата-анаға құрмет тақырыбымен тереңдейді.
Бірі түссе қатерге,
Мәңгі ұша алмай қаласың.Қос қанатың болғанда,
Табар өмір жарасым.Біреуінсіз ар-ождан —
Бір мүгедек боласың.Қарап тұрып шекені,
Шымшылады сан күдік.Қанатымның екеуі
Сау болса екен мәңгілік.
Ақпараттық бет
Хикая — сюжетке құрылған оқиға желісі, әдеби жанрлардың бір түрі.
Мұғалім сабақ барысында әр оқушының тапсырмасын тексеріп отырады, қажет жерде түзету жасап, оқушының алға жылжуына көмектеседі.
Деңгейлік тапсырмалар: оқушы әрекеті
1-деңгей
Түсіну • Байқау- 1 Өлеңнің неше шумақтан тұратынын анықтайды.
- 2 Өлеңнің негізгі тақырыбын таңдап, қысқаша айтады.
- 3 Сөздік жұмысын қолданып, «хикая» сөзінің мағынасын қосымша ақпараттан тауып жазады.
2-деңгей
Талдау • Байыптау- 1 Бірінші шумақта өзіне аянышты, «обал» деп ойлайтын көріністі пайымдап, парақшаға орналастырады.
- 2 Автордың балапанға көрсеткен көмегін сипаттап ұсынады.
- 3 Презентацияны көре отырып, балапан қанатының қаншалық нәзік болатынын байқайды.
Жазба үшін орын
Аянышты жері: ____________________________
3-деңгей
Салыстыру • Дәлелдеу- 1 Құс қанатын көре отырып, автордың оны кімге/неге ұқсататынын және ерекшелігін түсіндіреді.
- 2 Автордың дәл осы екі сөзді таңдаған себебін көршісімен талқылап, ортақ шешімді жазады.
- 3 Берілген шумақты мұқият оқып, өзіне ұнамаған сөздің астын сызып, неліктен ұнамағанын дәлелдейді. Қажет болса, көршісімен пікір алмасады.
Назар аударатын жолдар
Қос қанатың болғанда,
Табар өмір жарасым.
Біреуінсіз ар-ождан —
Бір мүгедек боласың.
Жауап үлгісі
Маған осы шумақта ұнамаған сөз: ____________________________
Түсіндіру: ____________________________________________
Тапсырманың мәні — өлеңдегі ауыр сөздің әсерін түсіну және өмірде мұндай сөздерді қолданбаудың маңызын ұғыну. Оқушылар ата-ананың амандығы мен қадірін бағалап, ойларын кестеге түсіреді.
4-деңгей
Тұжырым • Байланыстыру- 1 Өлеңнің соңғы шумағын оқып, автор ойын өз ойымен салыстырып, тұжырымдайды.
- 2 Өзі білетін мақал-мәтелдерді еске түсіріп, ата-ана туралы мақалдың жалғасын тауып жазады.
Салыстыру кестесі
Автордың ойы: ________________________________
Менің ойым: ________________________________
Мақал-мәтелді толықтыру
Ана сүтін ақтамағанды, ________________
Әкеге қарап ұл өсер, ________________
5-деңгей
Шығармашылық • Құндылық- 1 Кітаптағы шумақты қайта қарап, өзгертіп, мүмкіндігінше толықтырып жазады.
- 2 Ата-анасына арнап шынайы тілектерін жазады және арнайы тапсырма арқылы рәсімдейді.
Өзгертуге арналған шумақ
Оң қанатым — әкем де,
________________________________
Сол қанатым — анашым,
________________________________
Бірі түссе қатерге,
________________________________
Мәңгі ұша алмай қаласың.
________________________________
Оқушы жұмысының үлгісі
Нұрмұхамбетова Дарияның нұсқасы:
Оң қанатым — Отаным,
Сол қанатым — отбасым.
Бірі түссе қатерге,
Өмір сүре алмаймын.
Сабақ барысында оқушылардың осы шумақты өзгертіп, ұйқастырып өлең шығаруы өте әсерлі болды — шығармашылық қабілеттері айқын көрінді.
«Ата-анаға тілек» тапсырмасы
- Оң қолыңды қағазға қойып, сұлбасын түсір. Ішіне «Анама тілек» деп жаз.
- Сол қолыңды қағазға қойып, сұлбасын түсір. Ішіне «Әкеме тілек» деп жаз.
- Жүректен шыққан шынайы тілектеріңді ата-анаңның қойын дәптеріне орналастыр.
Ескерту: бұл ата-анаңа қуаныш сыйлайтынына сенімді бол! Ойыңды жүйелі жеткізу үшін ақпараттық бетті қолдан.
Құндылық өзегі: ата-ананы құрметтеу
Ақпараттық бет ретінде оқушыларға өмірде қажет болатын ұстанымдар ұсынылады. Дәстүрлі тәрбиеде де, хадистерде де алдымен ананы құрметтеудің парыз екені айтылады.
Хадистен тағылым
- «Әуелі анаңа, тағы да анаңа, содан соң әкеңе жақсылық жаса».
- «Егер атаң мен анаң бір мезгілде үн қатса, әуелі анаңа жауап бер».
Есте сақта
Өмірлік қажеттілік туған кезде дұрыс шешім қабылдау — сенің құзырлығыңда. Жақсылық жасау — күнделікті таңдаудан басталады.
Сабақ соңындағы ойын: «Гүл шоғын жина»
Сабақ соңында «Гүл шоғын жина» ойыны ойналды. Әр оқушының қолындағы гүлде белгілі бір сөз тіркесі жазылады. Ойын жүргізуші өзіне ұнаған гүлді алып, ата-анасы туралы мінездеме жасайды. Егер гүлдегі сөз ұнамаса, оны алмауға болады.
Ескерту: бір букетте 3 гүлден болуы тиіс.
Ойынға қажетті сөздер
Ойын барысында оқушылардың ата-анасына жамандық тілемейтіні, олар туралы жағымсыз сөз естігісі келмейтіні анық байқалды.
Қорытынды және бағалау
Сабақ аяқталды. Сендердің ата-аналарың туралы пікірлерің мен ойларың маған өте ұнады. Әр оқушы шығармашылықпен жұмыс жасады. Бүгін сыныпта көптеген оқушының ақындық қабілеті бар екені байқалды. Шын ризашылығымды білдіремін.
Сау болыңдар!
Өзара бағалау
Оқушылар бір-бірінің жұмыстарын қарап, қолдау білдіреді және нақты ұсыныс айтады.
Құрдастары тарапынан жағымды баға алу: ________________________
Мұғалім бағалауы
Мұғалім әр оқушының алға жылжуын атап, жетістікке жетелейтін кері байланыс береді.
Мұғалім тарапынан жағымды баға алу: ________________________