Әнұранның сөзімен таныстыру

Топтамадағы сабақтар тізімі

  1. 1 Елбасы. Еліміздің рәміздері
  2. 2 Мектеп
  3. 3 Оқу құралдары
  4. 4 Мектептің спорт алаңы
  5. 5 Күн режимі
Сауат ашу Сабақ жоспары

Сабақтың тақырыбы

Елбасы. Еліміздің рәміздері.

Сабақтың мақсаты

  • Әліппе оқулығының авторларымен таныстыру және нені оқып-білетініміз туралы қысқаша мәлімет беру.
  • Елбасы және еліміздің мемлекеттік рәміздері туралы түсінік қалыптастыру.
  • Н. Ә. Назарбаевтың құттықтау сөзімен таныстыру.
  • Мектеп ішінде жүріп-тұру ережелерін сақтауға баулу.

Көрнекілігі мен әдісі

Сабақтың көрнекілігі

  • Елбасы — Нұрсұлтан Назарбаевтың суреті
  • Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері

Сабақтың әдісі

Сұрақ-жауап Әңгімелеу

Сабақтың мазмұны

I

Ұйымдастыру

Оқушыларды партада дұрыс отыруға және мектеп тәртібін сақтауға үйрету.

II

Мақсат қою

Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

III

Жаңа сабақ

1-бағыт

Әліппе кітабы туралы мәлімет беру.

2-бағыт

Қазақстан Республикасының Президентінің құттықтау сөзімен таныстыру.

Мәтінмен жұмыс

Айналайын! Қолыңдағы әсем кітап — Әліппең. Ол — аяулы ана тіліңнің мөлдір бастауы, білім шыңына жол ашар ақылшың.

Білім есігін ашқан алғашқы қадамың құтты болсын! Еңбегіңмен алған білімің өзің үшін де, елің үшін де таусылмас асыл қазына болмақ.

Елін, жерін сүйетін, жаны ізгі азамат болып өсетініңе сенемін.

Қазақстан Республикасының Президенті: Н. Назарбаев

IV

Қорытындылау

Балалар, біз бүгінгі сабақта не туралы білдік? Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін атап көрейік.

Ту

Мемлекеттік Ту

Елтаңба

Мемлекеттік Елтаңба

Әнұран

Мемлекеттік Әнұран

Қосымша тапсырма

Әнұранның сөзімен танысу және әуенімен бірге орындап көру.

Автор

Бастауыш сынып мұғалімі: Нысанбаева Бакеш Жүсіповна