Білімдерің қайталау сабағы
Сабақтың мақсаттары
Бұл сабақ қысқаша көбейту формулаларын жүйелеуге, оларды қолдану дағдыларын нығайтуға және математикалық тілде сауатты сөйлеуді дамытуға бағытталған.
Білімділік
- Тақырып бойынша алған білімді жинақтап, бір жүйеге келтіру.
- Қысқаша көбейту формулалары бойынша білім деңгейін бақылау.
- Ойлау қабілетін және математикалық тілде сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік
- Оқушыларды көпшіл болуға үйрету.
- Өзара көмектесу мәдениетін қалыптастыру.
- Жауапкершілікке және өзін-өзі басқаруға тәрбиелеу.
Дамытушылық
- Шығармашылықпен жұмыс істеуге баулу.
- Тез ойлау дағдыларын дамыту.
- Өз жетістігін бағалай білуге үйрету.
Сабақтың түрі
Білімді қайталау сабағы.
Әдісі
Топтық жұмыс.
Көрнекілігі
Компьютер, интерактивті тақта, презентация, тапсырмалар және т.б.
Сабақ жоспары
- Ұйымдастыру. Топқа бөлу.
- Қайталау: формулаларды еске түсіру («Кім көп біледі?»).
- Семантикалық карта толтыру.
- Деңгейлік тапсырмалар орындау («Өзің таңда»).
- Тест тапсырмалары.
- Есепті толықтыру.
- Сергіту: «Адасқан сөздер».
- Ауызша есептеу.
- Қорытындылау.
- Үй тапсырмасы, бағалау.
Сабақтың жүрісі
I. Ұйымдастыру
Оқушыларды топтарға бөлу, жұмыс ережелерін нақтылау.
II. «Кім көп біледі?» — формулаларды еске түсіру
Әр топтан оқушылар шығып, тақтаға қысқаша көбейту формулаларын жазады және түсіндіреді.
III. Семантикалық карта толтыру
Топтар берілген өрнектерді тиісті формулаға сәйкестендіріп, нәтижені жазады.
I топ
- a^2 − 12ab + 36b^2
- a^9 + 27b^3
- (2a + 3b)^2
- 16a^4 − 25b^4
- 8a^3 − b^6
- (4a^2 − 5b^2)(4a^2 + 5b^2)
- (a − 6b)^2
- (a^3 + 3b)(a^6 − 3a^3b + 9b^2)
- 4a^2 + 12ab + 9b^2
- (2a − b^2)(4a^2 + 2ab^2 + b^4)
II топ
- 125x^3 + y^3
- 8x^3 − y^3
- (x + 4y)^3
- 25x^2 + 40xy + 16y^2
- 9x^2 − 16y^2
- (3x − 4y)(3x + 4y)
- (5x + 4y)^2
- (5x + y)(25x^2 − 5xy + y^2)
- (2x − y)(4x^2 + 2xy + y^2)
- x^3 + 12x^2y + 48xy^2 + 64y^3
III топ
- 25c^2 − 30cd + 9d^2
- 27c^3 + 8d^3
- (2c + 4d)^3
- (10c + 2d)^2
- 64c^4 − 81d^4
- 100c^2 + 40cd + 4d^2
- (5c − 3d)^2
- 8c^3 + 48c^2d + 96cd^2 + 64d^3
- (3c + 2d)(9c^2 − 6cd + 4d^2)
- (8c^2 − 9d^2)(8c^2 + 9d^2)
IV. Деңгейлік тапсырмалар («Өзің таңда»)
Әр топ 1–3 деңгей арасынан тапсырмаларды таңдап орындайды. Мақсат — жылдамдық пен дәлдікті қатар дамыту.
I топ
1 деңгей
- Көбейтуді орында: (a − 3b)(a + 3b)
- Екі өрнектің қосындысының квадраты түрінде жаз: m^2 + 2mn + n^2
2 деңгей
Көпмүше түрінде жаз:
- (5a − 2)^2 − 4
- (3n − 2m)^3
3 деңгей
Өрнекті ықшамда:
(a^2 − 3)^2 − (a − 2)(a^2 + 4)(a + 2)
II топ
1 деңгей
- Көбейтуді орында: (a − 8b)(a + 8b)
- Екі өрнектің қосындысының квадраты түрінде жаз: m^2 − 2mn + n^2
2 деңгей
Көпмүше түрінде жаз:
- (x + 5)^2 − 16
- (6a − 4b)^3
3 деңгей
Өрнекті ықшамда:
(m^2 − 1)(m^4 + m^2 + 1) − m^6
III топ
1 деңгей
- Көбейтуді орында: (x − 4c)(x + 4c)
- Екі өрнектің қосындысының квадраты түрінде жаз: x^2 − 2x + 1
2 деңгей
Көпмүше түрінде жаз:
- (a^2 − 5b^3)^2
- (b − 6c)^3
3 деңгей
Өрнекті ықшамда:
(a^3 + 3)(a^6 − 3a^3 + 9) − a^9
V. Тест тапсырмалары
1) Көпмүше түрінде жаз: (5x − 4)(5x + 4)
- A) 25x − 16
- B) 25x^2 − 16
- C) 16 − 25x^2
- D) 25x^2 − 4
2) Көпмүше түрінде жаз: 81d^2 − 64c^2
- A) (9d − 8c)(9d + 8c)
- B) (8c − 9d)(8c + 9d)
- C) 8c^2 − 8dc + 46d^2
- D) (9d + 8c)(−9d − 8c)
3) Екімүшенің квадратын көпмүше түрінде жаз: (x + 9)^2
- A) (x + 9)(x − 9)
- B) x^2 − 18x + 81
- C) x^2 + 18x + 81
- D) x^2 − 81 − 18x
4) Үшмүшені екімүшенің квадраты түрінде жаз: b^2 + 2b + 1
- A) (b − 1)(b + 1)
- B) (b − 1)^2
- C) b^2 − 1
- D) (b + 1)^2
5) Көпмүше түрінде жаз: (m + n)^3
- A) m^3 + 3m^2n + 3mn^2 + n^3
- B) (m + n)(m − n)
- C) m^3 + 2mn + n^3
- D) m^3 − 3m^2n + 3m^2n − n^3
6) Көпмүшені екімүшенің кубы түрінде жазыңдар: x^3 + 3x^2 + 3x + 1
- A) (x + 1)^3
- B) (x − 1)^3
- C) x^3 − 1
- D) x^3 + 3x^2 + 3x + 1
VI. Есепті толықтыр
Бос орындарды тиісті мүшелермен толықтырып, формуланың дұрыс қолданылғанын дәлелдеңдер.
| Тапсырма | Дұрыс толықтыру |
|---|---|
| (a − b)(a^2 + … + b^2) | (a − b)(a^2 + ab + b^2) |
| c^2 + 4ac + … | c^2 + 4ac + 4a^2 |
| (a − …)(a^2 + 5a + 25) | (a − 5)(a^2 + 5a + 25) |
| … − 10bc + 25b^2 | c^2 − 10bc + 25b^2 |
| (2 − 3c)(4 + … + 9c^2) | (2 − 3c)(4 + 6c + 9c^2) |
| x^3 − b^3 = (x − b)(x^2 + … + b^2) | x^3 − b^3 = (x − b)(x^2 + xb + b^2) |
VII. Сергіту — «Адасқан сөздер»
Берілген тұжырымдарды дұрыс ретке келтіріп, формуланың атауын нақтылаңдар.
1 топ
- Өрнектің екі квадраттарының айырымы.
- Өрнектің айырымының квадраты.
2 топ
- Өрнектің қосындысының кубы.
- Өрнектің кубтарының қосындысы.
3 топ
- Өрнектің айырымының кубы.
- Өрнектің кубтарының айырымы.
VIII. Ауызша есептеу
1)
872 − 132 =
2)
642 − 362 =
3)
x^2 − 9 = 0
4)
47 · 33 =
5)
105 · 95 =
IX. Қорытындылау
Талқылау сұрағы: қысқаша көбейту формулалары не үшін қажет?
Оқушылардың жауаптары арқылы формулалардың есептеуді жеңілдетудегі, өрнектерді түрлендірудегі және дәлелдеулер жүргізудегі рөлін қорытындылау.
X. Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
§11, №227.
Бағалау
Топтық жұмысқа қатысуы, тапсырмаларды орындау дәлдігі мен түсіндіру сапасы бойынша бағаланады.