Ертегі әлеміне саяхат сабақ
Сабақ туралы қысқаша мәлімет
- Өңір / мектеп
- Павлодар облысы, «Северный» ЖОББМ
- Мұғалім
- Қадырбаева Н.
- Пән / сынып
- Математика, 3-сынып
- Сабақ тақырыбы
- Ертегі есептер
- Сабақ түрі
- «Ертегі әлеміне саяхат» сабағы
- Әдістер
- Талдау, жинақтау, жобалау, дәлелдеу
- Технология
- Саралап-деңгейлеп оқыту
Сабақ мақсаты
- Ауыз әдебиеті жанрларын қолдана отырып, математикалық білім-білік дағдыларын жетілдіру.
- Оқушы ойының математикалық сапаларын және өздігінен жұмыс істеу қабілетін дамыту.
- Сабақтағы белсенділікке баулу, жазба жұмыстарын орындауда ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ барысы
I. Ұйымдастыру кезеңі: психологиялық дайындық
(Интерактивті тақтада күн бейнеленеді.) Балалар, терезеге қараңдаршы: бүгін қандай тамаша, жарық күн! Күннің сәулесі бізге жылу, жарық, мейірім мен қуаныш сыйлайды. Келіңдер, күннен өтінейік — ол әрдайым жылы әрі жарық сәулесін шаша берсін.
Жарқын күн, жарқын күн!
Мен сені сүйемін!
Мен сенен сұраймын —
Бер маған жарқын күн,
Бейбіт күн жылуын!
Бер маған жарқын күн,
Денсаулық, ізгілік!
II. Логикалық есептер: ауызша жұмыс
Оқушылардың ойлау жылдамдығын, дәлелдеу дағдысын және математикалық байқағыштығын арттыру үшін «Брейн-ринг» форматындағы тапсырмалар ұсынылады.
Брейн-ринг
- 1) Екі жұмыртқа 4 минутта піседі. Дәл сондай 8 жұмыртқа қанша уақытта піседі?
- 2) Әжей қалаға бара жатып, қарсы алдынан 3 ер адамды кездестіреді. Олардың әрқайсысында бір қап бар, әр қаптың ішінде бір мысықтан бар. Қалаға сапар шеккен жолаушылар нешеу?
- 3) Торда 4 қоян бар еді. Осы қояндарды төрт бала бір-бірден сатып алды, бірақ біреуі қалып қойды. Неліктен бұлай болды?
- 4) Қаз екі аяғымен тұрған кезде оның массасы 6 кг. Егер қаз бір аяғымен тұрса, массасы қандай болады?
«Кім жылдам?»
Теңдіктерді түрлендіру арқылы өрнектердің дұрыстығын дәлелде.
100 : 20 = (60 + 40) : 20
81 : 9 = 24 : 4 + 12 : 4
48 : 8 = (16 + 32) : 8
(25 + 39) : 8 = 64 : 8
Ертегімен таныстыру
Ертеде Мақал мен Жұмбақ деген ағайынды екі жігіт өмір сүріпті. Олардың Жаңылтпаш деген қарындасы болыпты. Бір күні әкелері балаларын шақырып алып, өсиет айтады:
Әкесі: «Балаларым, сендердің Тіл-әдебиет шаһарындағы еңбектеріңді білемін. Бірақ “жігітке жеті өнер де аз” дегендей, енді сендердің Математика еліндегі қажеттіліктеріңді де білгім келеді. Осы өсиетімді орындасаңдар, ақ батамды беремін».
Қарындастары ерке екен: ағаларымен бірге барғысы келіп, қиғылық салады. Ағалары жолдың ауырлығын ескеріп, ерткісі келмейді. Дегенмен, Жаңылтпашты әрең көндіріп, жолда оның да аманатын орындауға уәде береді.
Жаңылтпаш ертегілер елінен санға қатысты жаңылтпаш әкелуді тапсырады.
Математика еліне саяхат
Саяхат барысында оқушылар өрнектердің мәнін табады және нәтижелер арқылы разрядтар мен амалдарды қайталайды.
Өрнек
(50 − 15) : 5 = 7
Өрнек
(9 + 9) : 6 =
Өрнек
(32 + 48) : 80 =
Өрнек
(52 + 11) : 9 =
Өрнек
(19 + 17) : 4 =
Өрнек
(42 + 24) : 11 =
Сұрақ
Өрнектердің мәні қандай сандар болады? (Бірлік сандар.)
Бірліктер қалашығы
Бұл қалашықтың тұрғындары — разрядтар: бірлік, ондық, жүздік. Ендеше, олардың тапсырмаларын орындайық.
I деңгей — I топ
Мақалды толықтыр.
- Жігітке ...... өнер де аз.
- ........ өнер көп емес.
- ...... ала болса, ауыздағы кетеді.
- ...... түгел болса, төбедегі келеді.
I деңгей — II топ
Шешуін тап.
Жалғас жатқан қос шеңбер,
Бүйірінде қақпасы.
Көрсең де оны, достар,
Жақсы, жаман — ортасы.
(3)
I деңгей — III топ
Шешуін тап.
Жақсыменен тең көрген,
Ата-ана да жөн көрген,
Орындықпен төңкерген.
(4)
Мыңдықтар елі
Бұл елде бірлік мыңдықтар, ондық мыңдықтар, жүздік мыңдықтар мекендейді. Енді II деңгей тапсырмаларын орындайық.
II деңгей — 1-тапсырма
Қай сан лайық?
..... атасын білген ер,
...... жұрттың қамын жер.
II деңгей — 2-тапсырма
Шешуін тап.
Мектептің алтын орағы,
Зейінділер одағы.
Жақсы көрер бар бала,
Зерекке дос ол дағы.
(5)
II деңгей — 3-тапсырма
3 таңбалы сандар құрап, разрядтық қосылғыштарға жікте.
345 = 300 + 40 + 5
453 = 400 + 50 + 3
354 = 300 + 50 + 3
Арифметика қалашығы
Бұл қалашықта негізгі амалдар «өмір сүреді»: қосу, азайту, көбейту, бөлу. Келесі тапсырмалар III деңгейге жатады.
III деңгей — 1-тапсырма
100 санына байланысты қандай мақалдар білесіңдер?
100 теңгең болғанша, 100 досың болсын.
III деңгей — 2-тапсырма
Амал таңбаларын дұрыс орналастырып, 100 санын шығар.
100 * 100 * 100 * 100 * 100 = 100
III деңгей — 3-тапсырма
50 санына байланысты мақал жаз.
Елу жылда — ел жаңа.
Ел құлағы — елу.
Геометрия қалашығы
Бұл елдің тұрғындары — геометриялық фигуралар: шаршы, шеңбер, үшбұрыш. (Келесі тапсырмалар сабақтың жалғасында беріледі.)