Коучинг сабақ жоспарыТақырыбы

Коучинг сабақ жоспары

Тақырыбы: Диалогтік оқытудың әдістерін сабақта тиімді қолдана аламыз ба?

Негізгі бағыт

Диалог арқылы оқыту тәсілдерін тәжірибеде тиімді қолдану және сабақта пікірлесу мәдениетін қалыптастыру.

Назар аударатын мәселе

Оқушының ойын дәлелдеп айтуына, ойды дамытуына және сыни тұрғыдан пайымдауына мүмкіндік беретін сұхбат ортасын құру.

Мақсаты

  1. Коучинг барысында пікірлесу арқылы диалогтік оқыту туралы түсінікті кеңейту.
  2. Диалог түрлерін өз тәжірибесінде қолдана отырып, оқушыларды сыни тұрғыдан ойландырудың маңызын бағалау.

Оқу нәтижесі

Қатысушылар сабақта диалогтік оқыту әдістерін ұтымды пайдалануға бағыт-бағдар алады.

Пікірлесу ортасын құрудың және сындарлы диалог жүргізудің жолдарын үйреніп, оны іс-тәжірибесінде қолдану шеберлігін арттырады.

Оқушы диалог құру нәтижесінде білім алатынына көз жеткізеді.

Негізгі идея

Мұғалім оқушылардың жауабын олардың білім деңгейін тексеру үшін ғана емес, сондай-ақ оларға өз ойларын анық білдіруге, дамытуға және кеңейтуге мүмкіндік беру үшін де пайдаланады.

Дереккөз: МАН, 102-бет

Материалдар мен құрал-жабдықтар

  • Стикер
  • Маркер
  • Плакат
  • Сабақ тақырыбы бойынша әзірленген слайдтар
  • Бағдаршам
  • Үлестірмелі материалдар