Жеке куәлік көшірмесі
Ана атану — әрбір қыз баланың міндетімен қатар, жүректегі асыл арманы. Жүкті келіншек бұл арманның шынайы бақыт екенін тереңірек сезінеді. Ең маңыздысы — баланың денсаулығы мен дұрыс күтімі.
Айы-күні жақындаған сайын уайым мен қобалжу жиілеп, жүкті әйелдерде алаңдаушылық болуы қалыпты. Дегенмен, перзентханаға алдын ала дайындалу өзіңізді сенімді сезінуге және маңызды сәтті тыныш қарсы алуға көмектеседі.
Перзентханаға алып баруға қажетті заттар тізімі
Төмендегі тізімді алдын ала жинап қойсаңыз, соңғы күндері асығыс әбігерден арыласыз.
Құжаттар
- 1 Айырбастау картасы
- 2 Жеке куәлік және көшірмесі
- 3 Жұбайының жеке куәлігінің көшірмесі (туу туралы куәлікті рәсімдеу үшін)
- 4 Неке туралы куәліктің көшірмесі (туу туралы куәлікті рәсімдеу үшін)
Анаға
- 1 Ұялы телефон және қуаттағыш
- 2 Халат
- 3 Ішкөйлек — 2 дана (емізуге ыңғайлы)
- 4 Тәпішке
- 5 Резеңке тәпішке (душқа)
- 6 Емізуге арналған төстартқыш — 2 дана
- 7 Шұлық
- 8 Сүлгі
- 9 Төсекке арналған бір реттік жаялықтар
- 10 Дәретхана қағазы
- 11 Иіс сабын
- 12 Тіс пастасы және тіс щеткасы
- 13 Тарақ
- 14 Газдалмаған минералды су
- 15 Компрессиялық шұлық
Балаға
- 1 Жөргек — 10 дана (5 жұқа, 5 қалың)
- 2 Көйлек — 4 дана (2 жұқа, 2 қалың)
- 3 Жұқа және қалың бас киім
- 4 Шұлық
- 5 Қолғап
- 6 Нәрестеге арналған жаялық — 2 қорап
- 7 Нәрестеге арналған дымқыл майлықтар
- 8 Балаларға арналған сұйық сабын
- 9 Жаялық астына жағатын крем немесе тальк
- 10 Сүлгі