Мәтінді тер

Сабақ туралы

Тақырып

Мәтінді пішімдеу және редакциялаудың негізгі әдіс-тәсілдері.

Сабақ түрі

Жаңа сабақ.

Әдіс

Сұрақ-жауап.

Сабақтың мақсаты

  • Білімділік

    Оқушыларды құжат құрылымымен таныстыру, мәтінмен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру; құжатты құруды және дұрыс сақтауды үйрету.

  • Тәрбиелік

    Тиянақтылыққа, ұқыптылыққа баулу; сауатты әрі дұрыс мәтін теруге үйрету.

  • Дамытушылық

    Теориялық білімді практикада қолдану дағдыларын ойын элементтері арқылы дамыту; ойлау қабілетін, логикалық және абстрактілі ойлауды жетілдіру.

Көрнекіліктер мен құралдар

Интербелсенді тақта Слайд Оқулық Жұмыс дәптері Түрлі-түсті карточкалар Жапсырғыштар Компьютер

Ұйымдастыру бөлімі

Оқушылармен амандасу, түгендеу, назарларын сабаққа аудару. «Өзіме тілегенді өзгеге тілеймін» шаттық шеңбері.

Үй тапсырмасын тексеру

«Ғажайып қоржын» ойыны: ұяшықтардың ішінде өткен тақырыптар бойынша 9 сұрақ жасырылған. Оқушылар сұрақтарға жауап беріп, ұпай жинайды.

1-сұрақ

Алгоритм дегеніміз не?

2-сұрақ

Алгоритмнің неше қасиеті бар?

3-сұрақ

Сызықтық алгоритм дегеніміз не?

4-сұрақ

Тармақталу алгоритмі дегеніміз не?

5-сұрақ

«Модель» және «модельдеу» ұғымдарының айырмашылығы қандай?

6-сұрақ

Блок-сызба қалай құрылады?

7-сұрақ

Вирус дегеніміз не?

8-сұрақ

Жаңа құжатты қалай құрамыз?

9-сұрақ

Құжатты қалай сақтаймыз?

Жаңа тақырып: мәтінді енгізу, пішімдеу және редакциялау

Мәтінді енгізу ережелері

  • Енгізу тәсілі

    Мәтін пернетақта арқылы енгізіледі. Терген кезде жол автоматты түрде келесі жолға ауысып отырады.

  • Enter пернесі

    Enter пернесі абзац соңында немесе мәтінде бос жол қалдыру қажет болғанда қолданылады.

  • Бас әріп теру

    Бас әріпті теру үшін Shift пернесін басып тұрып, қажетті әріпті тереміз.

  • Навигация

    Мәтін ішінде жылжу үшін айналдыру жолағын (scroll) қолдануға болады.

Мәтінді пішімдеу деген не?

Мәтінмен жұмыс барысында символдардың сыртқы көрінісін (жартылай қалың, курсив, асты сызылған) және мәтіннің жалпы бейнесін өзгертуге болады. Осындай өзгерту үдерісі пішімдеу деп аталады.

Негізгі мүмкіндіктер

  • Қаріп түрі: ашылмалы тізімнен қаріп атауын таңдау.
  • Қаріп өлшемі (кегль): пунктпен беріледі.
  • Мәтін түсі: қаріп түсін өзгерту.
  • Маркерлеу: мәтінді түрлі түсті маркермен ерекшелеу.
  • Сырт пішім: жартылай қалың, курсив, асты сызу (асты сызудың түрін таңдауға болады).
  • Интервал: әріптер арасындағы арақашықтықты ұлғайту немесе кішірейту.

Пернетақтада жоқ символдарды енгізу

Құжатқа пернетақтада жоқ көптеген символдарды кірістіруге болады: математикалық белгілер (€ ≠ ÷ ∑ α), ақша таңбалары және басқа да арнайы белгілер.

Қаріпті өзгерту үшін әдетте Басты → Қаріп бөлімі немесе Қаріп мәзірінің бұйрықтары қолданылады.

Бекіту тапсырмалары

1-тапсырма: «Перне қызметін түсіндір»

Екі оқушы жұппен жұмыс істейді: бірінші оқушы перне атауын айтады, екінші оқушы оның қызметін түсіндіреді. Содан кейін рөлдер ауысады.

3-тапсырма: Мәтінді теру және пішімдеу

Берілген мәтінді теріңдер: бірінші жолды бас әріппен және 18 өлшемді қаріппен, қалған мәтінді 14 өлшемді қаріппен теріңдер.

Мәтін

Ақпарат. Ақпараттық үдерістерді зерттейтін ғылым информатика деп аталады. Ақпараттық үдерістерді жүзеге асыратын құрал — компьютер. Адам мен компьютер арасындағы қарым-қатынас интерфейс деп аталады.

Сергіту жаттығуы.

4-тапсырма: «Қатесін анықта» ойыны

Әр оқушыға жеке тапсырма беріледі: карточкадағы сөздерден қатені тауып, дұрыс нұсқасын жазыңдар.

Қате

ТНӘМІ

Дұрыс

МӘТІН

Қате

ЗЕТЕРЕ

Дұрыс

ТЕРЕЗЕ

Қате

ОТИМНРО

Дұрыс

МОНИТОР

Қате

ЕПНРЕТҚАТА

Дұрыс

ПЕРНЕТАҚТА

Қате

ШЫҚНАТ

Дұрыс

ТЫШҚАН

2-тапсырма: «Мәтіндегі қателерді тап»

Төмендегі мәтінде мазмұндық қателер бар. Қателерін анықтап, дұрыс нұсқасын ұсыныңдар.

Мен пернетақтамен жұмыс істегенді ұнатамын. Өйткені онда көптеген құжаттарды сақтауға, сканерлеуге болады. Пернетақтаның үш түрі бар: лазерлік, матрицалық, сия бүріккіш. Сақталған құжаттарды ESC пернесін басып жоямын. Функционалдық пернелерге әріптер блогы жатады.

Қорытынды сұрақтар

1

Мәтінді пішімдеудің қандай жолдары бар?

2

Пернетақтада жоқ символды кірістіруге көмектесетін қандай бұйрық қолданылады?

3

Enter пернесінің қызметі қандай?

4

Мәтінді түрлі түсті ету үшін не істеу керек?

Бағалау және үй тапсырмасы

Бағалау

Сабаққа белсенді қатысып, тапсырмаларды жылдам әрі дұрыс орындаған оқушылар бағаланады.

Үйге тапсырма

101-беттегі «Өзіңді тексер» тестін дәптерге орындау.