Өлеңді мәнерлеп оқып шығу

Сабақтың тақырыбы

«Қыс ата» (авторы: Әбділда Тәжібаев)

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Типі

Білімді толықтыру

Көрнекілігі

Ә. Тәжібаевтың портреті

Техникалық құралдар

Интерактивті тақта

Әдіс-тәсілдер

СТО стратегиялары, проблемалық сұрақтар

Мақсаттары

Білімділік

Қазақ халқының ақыны Әбділда Тәжібаевтің шығармаларын оқып-үйренуге баулу.

Тәрбиелік

Табиғатты түсіне білуге, табиғаттың әсемдігін бағалауға және ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық

Оқушылардың сөздік қорын және тіл байлығын арттыру, шығармашылықпен жұмыс істеу қабілеттерін дамыту.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Күннің реті мен оқушылардың қатысуын анықтау.
  • Психологиялық дайындық.

2) Үй тапсырмасын тексеру

Өткен сабақтар бойынша тест

  1. 1. Ә. Тәжібаевтың өтілген шығармасы:

    а) «Толағай»    ә) «Балықшының баласы»    б) «Түркістан»

  2. 2. «Сыбызғышы» әңгімесінің басты жағымды кейіпкері:

    а) Тайыр    ә) Асан    б) Жаңыл

  3. 3. «Қайыққа мінсең ескегін ұста...» қай шығармадан алынған?

    а) «Әке алақаны»    ә) «Нағыз малшы»    б) «Ескек»

  4. 4. «Ақ күріштің атасы» Ы. Жақаев қай жерден?

    а) Ақтөбе    ә) Қызылорда    б) Орал

  5. 5. Кейіпкер деп нені айтамыз?

    а) көркем шығармадағы негізгі ойды    ә) көркем шығарманың мазмұнын    б) шығармадағы көркем бейнені

  6. 6. «Байлық тұмасы» өлеңінің авторы:

    а) М. Айтқожина    ә) Ф. Оңғарсынова    б) Т. Молдағалиев

  7. 7. Жолбарыспен алысқан батыр кім?

    а) Қабанбай    ә) Толағай    б) Наурызбай

  8. 8. Қазақстан таулары:

    а) Алатау, Қаратау, Алтай    ә) Гималай, Тянь-Шань, Альпі    б) Алатау, Орал, Гималай

  9. 9. Ақжайық өзені қай облыста орналасқан?

    а) Батыс Қазақстан    ә) Шығыс Қазақстан    б) Солтүстік Қазақстан

  10. 10. Ф. Оңғарсынова қашан қайтыс болды?

    а) 2011 ж.    ә) 2012 ж.    б) 2014 ж.

Үй тапсырмасын тест арқылы тексергеннен кейін, оқушылардың назарын жаңа тақырыпқа аудару үшін жұмбақтар шешіледі.

3) Жұмбақтар арқылы жаңа тақырыпқа шығу

1. Қыста бар да, жазда жоқ.

Жауабы: қар

2. Құлағы мен көзі жоқ, жоқ тіпті қол мен аяғы, бірақ ғажап өнерпаз — мәнерлеп ою ояды.

Жауабы: аяз

3. Қанаты жоқ — ұшады, аяғы жоқ — жүреді, аузы жоқ — ұлиды.

Жауабы: боран

4. Көлге жапқан қақпақ, сіресіп тұр қаттақ.

Жауабы: мұз

Жауаптарды табу үшін ойын элементі қолданылады: оқушылар «аққала құрастыру» арқылы қыс құбылыстарын еске түсіреді.

Сұрақ

Аққаланы қай жыл мезгілінде құрастырамыз?

Қыс мезгілінде.

Сұрақ

Біз қыс туралы кімнің өлеңін оқыдық?

Абай Құнанбайұлының.

Көпір

Ендеше бүгінгі жаңа тақырып:

«Қыс ата» — Әбділда Тәжібаев

4) Автор туралы қысқаша мәлімет

Әбділда Тәжібаев 1909 жылы Қызылорда қаласында дүниеге келген. Ол көптеген газет-журналдарда және баспаларда жауапты қызметтер атқарған.

Алғашқы өлеңдері «Сыйлық» атты жинақта жарияланған. Ақынның «Аралдар», «Кешеден бүгінге», «Жартас», «Көне қоңырау» (Қазақстан Мемлекеттік сыйлығы) сияқты жыр жинақтары және зерттеу еңбектері жарық көрген.

5) Мәтінмен жұмыс

Өлең мәнерлеп оқылады, мазмұны талданады. Оқушылар қыс мезгілінің бейнесін, авторлық көзқарасты және көркемдеуіш құралдарды байқай отырып, негізгі ойды анықтайды.

Сөздік жұмысы

Домбығу
үсіп кету
Пейілді
мейірімді

6) Топтық жұмыс

1-топ

Автор туралы не білесіңдер? Тағы қандай шығармаларын атай аласыңдар? Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

2-топ

Өлең бойынша қыс туралы сурет салыңдар (негізгі детальдарды таңдаңдар).

3-топ

Қыс туралы өз ойларыңнан шағын өлең құрастырыңдар.

7) Сергіту сәті

Өлең айту арқылы тынығу және көңіл күйді көтеру.

8) Қорытындылау

Қыс мезгіліне тән белгілер

  • Қар жауады.
  • Өзен-көлдер қатады.
  • Боран соғады.
  • Аяз болады.

Адамдардың әрекеті

  • Балалар коньки тебеді, шаңғы тебеді, шана тебеді.
  • Адамдар үйге от жағып, жылынады.

Салыстыру жұмысы

Венн диаграммасы арқылы Абай мен Әбділда Тәжібаевтың қыс туралы өлеңдері салыстырылады: ортақ белгілер, айырмашылық және авторлық ерекшелік анықталады.

Үй тапсырмасы және бағалау

Үйге тапсырма

  • Өлеңді мәнерлеп оқу.
  • Мазмұнын айту.

Бағалау

Оқушылардың жауаптары, топтық жұмысқа қатысуы және шығармашылық тапсырмалары бойынша қорытынды баға қойылады.