Жаңа сабақты бекітуа

Ақтөбе облысы • Темір ауданы • Шығырлы ауылы

Ә. Молдағұлова атындағы негізгі мектеп

Пәні: Биология Мұғалімі: Толыбаева Бейбит Қуандықовна

Сабақтың тақырыбы

Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі

Сабақтың типі

Жаңа білімді меңгерту

Сабақтың түрі

Жеке оқушымен жұмыс

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, үлестірме қағаздар

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімінің қағидалары мен маңызын, сондай-ақ қолдан сұрыптау туралы түсінік қалыптастыру.

Дамытушылық

Оқушылардың қызығушылығы мен ынтасын арттыру; қабылдау, салыстыру, талдау сияқты танымдық қабілеттерін дамыту арқылы қоршаған орта құбылыстарын байқауға дағдыландыру.

Тәрбиелілік

Уақытты тиімді пайдалану, дәлдік пен ұқыптылық, адамгершілік қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыру.

Әдістер мен байланыстар

Сабақтың әдістері

  • «Домино»
  • Суретпен жұмыс
  • Ауызша сұрақ-жауап
  • Биологиялық диктант
  • Сандармен жұмыс
  • Сызбанұсқамен жұмыс

Пәнаралық байланыс

  • Математика
  • Әдебиет
  • Қазақ тілі

Сабақтың барысы

  1. I. Ұйымдастыру кезеңі

    Сыныптың дайындығын тексеру, сабақтың мақсаты мен күтілетін нәтижені нақтылау.

  2. II. Үй тапсырмасын сұрау

    А) «Биологиялық домино»

    Оқушыларға таратылған сөздер мен анықтамаларды дұрыс ретпен орналастыру.

    • 1. Эволюция — органикалық дүниенің күрделі әрі ұзаққа созылатын тарихи даму үдерісі.

    • 2. Гераклит: барлық тірі ағзалар, тіпті адам да бастапқы материядан табиғи жолмен дамып, жетілді.

    • 3. Ж. Бюффон «Табиғи тарих» еңбегінде: бейорганикалық заттардан әуелі өсімдіктер, кейін жануарлар мен адам пайда болды деп көрсетеді.

    Ә) «Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» ойыны

    Ғалымдардың портреттері бойынша еңбектері мен маңызын айту: Карл Линней және Жан Батист Ламарк.

    Ж. Б. Ламарк

    1809 — «Зоология философиясы». Жануарларды ұқсас белгілеріне қарай омыртқалылар және омыртқасыздар деп бөліп, 6 сатыға, 14 класқа топтастырды. «Биология» терминін алғаш енгізді.

    К. Линней

    1735 — «Табиғат жүйесі». Ағзаларды атауда қосарланған атауды (қосарлы номенклатураны) ғылымға енгізді.

  3. III. Жаңа сабақты меңгерту

    Ч. Дарвин ілімінің алғышарттары

    Қоғамдық-экономикалық жағдай

    • Англияда XIX ғасырдың бірінші жартысында өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы қарқынды дамыды.
    • Жергілікті мамандар жануарлардың қолтұқымдарын және өсімдіктердің өнімді іріктемелерін көптеп шығара бастады.

    Ғылымдағы жаңалықтар

    • Жасуша теориясы
    • Ұрықтардың (эмбриондардың) ұқсастығы
    • Өлі және тірі табиғаттың химиялық біртұтастығы
    • Аралық формалардың болуы

    Ч. Дарвиннің өмір жолының негізгі кезеңдері

    • 1809, 12 ақпан — Англияның Шрусбери қаласында дәрігер отбасында дүниеге келді.
    • 1826 — Эдинбург университетінің медицина факультетіне оқуға түсті.
    • 1828 — Кембридж университетінің дін факультетіне түсті.
    • 1831 — бакалавр дәрежесін алды; Солтүстік Уэльстегі геологиялық экскурсиядан кейін профессор Джон Генслодан хат алды.
    • 1831–1836 — «Бигль» кемесімен 5 жылдық дүниежүзілік саяхатқа табиғат зерттеушісі ретінде қатысып, мол дерек жинады.

    «Бигль» кемесінің саяхат мақсаты

    Оңтүстік Американың шалғай жағалаулары мен Тынық мұхиты аралдарының картасын жасау.

    Басталған күні

    1831 ж. 27 желтоқсан

    Аяқталған күні

    1836 ж. 25 қазан

    Ч. Дарвиннің негізгі еңбектері

    • 1859

      «Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы»

    • 1868

      «Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі»

    • 1871

      «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу»

    Қолдан сұрыптау туралы түсінік

    Қолдан сұрыптауды адам өз мүддесіне сай жүргізеді. Ғалымның пікірінше, үй жануарларының қолтұқымдары мен мәдени өсімдіктердің іріктемелері — ұзақ уақыт бойы жүргізілген сұрыптаудың нәтижесі.

    Мысал

    Қазақтың құмай тазысы — мыңдаған жылдарға созылған сұрыптаудың нәтижесі; тазы иттерді аңшылыққа баулыған.

    Мақсатсыз сұрыптау

    Мыңдаған жылдар бойы өздігінен қалыптасқан: адамдар етті және сүтті бағыттағы малды тұқымдыққа қалдырып, өсірді; өсімдіктерде дәні мен жемісі ірі түрлерін таңдап, егуге пайдаланды. Нәтижесінде жануарлар мен өсімдіктердің түрлі формалары сақталып, көбейді.

    Әдістемелік сұрыптау

    Адам саналы түрде мақсат қойып, белгілі бір бағытқа сәйкес қолтұқым немесе іріктеме шығару үшін арнайы жоспармен сұрыптау жүргізеді.

  4. IV. Жаңа сабақты бекіту

    Сызбанұсқамен жұмыс

    Негізгі ұғымдарды себеп–салдар байланысымен көрсету.

    «Сандар сөйлейді» ойыны

    Мерзімдер мен деректерді сәйкестендіру арқылы есте сақтауды күшейту.

    Биологиялық диктант

    Негізгі еңбектерді жылдарымен байланыстырып бекіту.

    «Сандар сөйлейді»: деректер картасы

    1809

    Ч. Дарвиннің туған жылы

    12.02

    Туған күні

    1826

    Эдинбург университеті, медицина факультеті

    1828

    Кембридж университеті, дін факультеті

    1831

    Оқуды бітіруі және саяхатқа шығуы

    22

    Саяхатқа қатысқан жасы

    5

    Саяхат ұзақтығы (жыл)

    1836

    Саяхаттың аяқталған жылы

    27.12

    Саяхаттың басталған күні

    25.10

    Саяхаттың аяқталған күні

    2

    Қолдан сұрыптаудың түрлері

    1859

    «Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы»

    1868

    «Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі»

    1871

    «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу»

    1882

    Ч. Дарвиннің қайтыс болған жылы

    Биологиялық диктант

    1. Ч. Дарвиннің 1859 жылы жарық көрген еңбегі қалай аталады?

    Жауабы: «Табиғи сұрыпталу жолымен түрлердің пайда болуы».

    2. Ч. Дарвиннің 1868 жылы жарық көрген еңбегі қалай аталады?

    Жауабы: «Үй хайуанаттары мен мәдени өсімдіктердің өзгеруі».

    3. Ч. Дарвиннің 1871 жылы жарық көрген еңбегі қалай аталады?

    Жауабы: «Адамның шығу тегі және жыныстық сұрыпталу».

  5. V. Қорытындылау

    Дарвин ілімінің қалыптасу алғышарттарын, өмір жолындағы негізгі кезеңдерді және қолдан сұрыптаудың түрлерін жинақтау.

  6. VI. Бағалау

    Оқушының белсенділігі мен тапсырмаларды орындау сапасына қарай бағалау.

  7. VII. Үйге тапсырма

    Ч. Дарвиннің эволюциялық ілімі бойынша кесте толтыру.