Отан сөзінің мағыналас сөздерін табу
Сабақ туралы мәлімет
- Мекеме
- Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы, №21 жалпы білім беретін орта мектеп КММ
- Мұғалім
- Бастауыш сынып мұғалімі Тусупбекова Лаззат Естаевна
- Сабақтың тақырыбы
- «Отан» (Жақан Смақов)
Сабақтың мақсаты
1) Білімдік
Өлеңді мәнерлеп оқу дағдыларын жетілдіру, негізгі ойы мен тәрбиелік мәнін ашу.
2) Дамытушылық
Өлеңді түсініп оқуға үйрету; ой-пікірді қорытындылап айту шеберлігін, сөйлеу әрекетін дамыту.
3) Тәрбиелік
Өлең мазмұны арқылы Отанды сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі, әдісі және көрнекілігі
Сабақтың түрі
Жаңа сабақ
Сабақтың әдістері
- Түсіндірмелі
- Талдау–жинақтау
- Сұрақ–жауап
- Топтық/жеке жұмыс элементтері
Көрнекілігі
- Суреттер
- Тірек-сызбалар
- Дидактикалық материалдар
Сабақ барысы
1) Ұйымдастыру кезеңі
Оқушыларды сабаққа дайындау, назарын шоғырландыру, жағымды оқу ахуалын қалыптастыру.
2) Үй тапсырмасын тексеру
Тақырып: «Қартқожаның туған жері»
- Мәтін мазмұнын әңгімелету.
- Талқылау сұрағы: жазушы Қартқожаның туған жерге сүйіспеншілігін қалай суреттейді?
3) Психологиялық тренинг
Баяу музыка әуені қосылады. Оқушылар көздерін жұмып, қиялмен саяхат жасайды: алдымен ұшақпен Астанаға ұшып барамыз, қаланы елестетеміз; содан соң биікке көтеріліп, Қазақстанның кең даласы мен көрікті жерлерін көз алдымызға келтіреміз.
Бұл жұмыс оқушының эмоциялық күйін реттеуге, тақырыпқа қызығушылығын оятуға бағытталады.
4) Жаңа сабаққа кіріспе
Әңгіме қозғау сұрақтары
- Қиял әлемімен қайда бардық? Саяхат ұнады ма? Несімен ұнады?
- Қазақстанның қандай көрікті жерлерін білесіңдер?
- Ер жетіп, азамат болғанда елің үшін қандай қызмет жасар едіңдер?
Түйін: туған жерді көркейту — әр адамның перзенттік борышы. Халық даналығында: «Отансыз адам — ормансыз бұлбұл».
Ой қозғау
«Отан» ұғымына мағыналас сөздерді атау: туған жер, атамекен, ел, мекен.
5) Тақырыпты ашу: сөзжұмбақ
Сабақ тақырыбын анықтау үшін сөзжұмбақ шешіледі. Ерекше сызықтан шығатын сөз — негізгі ұғым.
Сұрақтар
- Ұлт бірлігі, татулығы.
- Мемлекеттік рәміздердің бірі.
- Ұлттың аты.
- Мейірімді жан.
Күтілетін жауаптар
Ерекше сызықтан шығатын сөз: Отан.
6) Автормен танысу
Әр ақын-жазушы туған жерге, еліне, Отанына деген сүйіспеншілігін өлеңмен және түрлі шығармаларымен жеткізеді. Бүгін біз Жақан Смақовтың «Отан» өлеңімен танысамыз.
Жақан Смақов — Қарағанды облысы, Жаңаарқа ауданында дүниеге келген. Балаларға арналған бірнеше өлеңдердің авторы.
7) Оқулықпен жұмыс
Өлеңмен жұмыс
- Өлеңді мұғалім мәнерлеп оқиды.
- Әр шумаққа тоқталып, талдау және түсіндіру жүргізіледі.
- Сөздік жұмысы орындалады.
Оқу түрлері
- Іштей оқу.
- Шумақтап бөліп оқу.
- Тауып оқу (мәтіннен қажетті жолдарды табу).
- Оқулықтағы сызба бойынша жұмыс.
8) Сергіту сәті
Қысқа қимыл-қозғалыс жаттығулары орындалады (денені сергіту, назарды қайта шоғырландыру).
9) Дәптермен жұмыс: шығармашылық тапсырма
«Отан», «туған жер» тақырыбына өз сүйіспеншілігімізді бір шумақ өлеңмен өрнектеп көреміз. Оқушыларға тірек сөздер беріледі, кейін өз өлеңдерін сынып алдында оқиды.
10) Бекіту: «Сиқырлы сөздер» ойыны
Берілген әріптер
А О Т Н
Т Ж У Е Ғ Р А Н
Н Е А К Т Е А М
Жауаптар
- Осы сөздер туралы не айта аласыңдар?
- Бұл сөздердің бүгінгі өлеңмен байланысы қандай?
11) Поэзия минуты
«Айгөлек» журналынан «Менің елім осындай» өлеңі оқылады. Екі өлеңнің ұқсастығы мен айырмашылығы салыстырылады.
12) Қорытынды
- Ақын өлеңінде Отанды қалай суреттейді?
- Көрсетілген суреттердің өлең мазмұнына қатысын дәлелдеу (суреттер арқылы шумақтарды айтқызу).
13) Үй тапсырмасы және бағалау
Үй тапсырмасы
- «Отан» өлеңін жаттап келу.
- Оқулық: 72-бет.
Бағалау
Сабаққа қатысу белсенділігі, мәнерлеп оқу сапасы, талдау кезіндегі жауаптарының дәлелділігі және шығармашылық тапсырма нәтижесі бойынша қалыптастырушы бағалау жүргізіледі.