Аққуға сен жаға көрме күйені, Аққу деген біздер үшін киелі

Маңғыстау облысы • Жаңаөзен қаласы

Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі: Бекмағанбетова Нұрсұлу Қосайқызы

Пән

Дүниетану

Сабақ түрі

Ашық тәрбие сағаты

Әдісі

Интерактивті әдіс

Көрнекіліктер

Интерактивті тақта, «Каспийдің тірі маржандары» стенді, Қазақстан картасы, бүктеме қағаздар, қабырға газеттері

Сабақтың тақырыбы: Каспийдің тірі маржандары

Білімділік мақсаты

Оқушыларға Каспийдің «маржандары» — яғни балықтары мен құстары туралы түсінік беру.

Дамытушылық мақсаты

Қызығушылықты арттыру арқылы оқушыларды өздігінен шығармашылықпен жұмыс жасауға бағыттау.

Тәрбиелік мақсаты

Туған жер табиғатын аялауға, құрметтеуге және қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы

Жүргізуші

Өр Маңғыстау, ару Ақтау — тұғырым,

Таусылмайтын, сарқылмайтын сыры — мұң.

Аққу болып кейде шалқып ұшатын,

Жағалауы қарт Каспийім — қазығым.

1-оқушы

Аққу деген біздер үшін киелі,

Аққуды атсаң, сол оқ маған тиеді.

Аққуға сен жаға көрме күйені,

Аққу деген біздер үшін киелі.

2-оқушы

Шағала — судағы құс төресі де,

Шомылады теңіздің денесіне.

Каспийдің құстары көп — тең келмейді,

Шағаладай сұлу құстың теңдесіне.

Хор

«Шағала» әні

Жүргізуші

Теңіздің тұғырындағы — балықтар,

Теңдікті сүйетін ол халық тағы.

Толқындары секіріп биіктікке,

Жабысып бір ойнайды шабыттары.

Тақырыпқа кіріспе

Каспийдің «маржандары» тек құстар емес. Каспий теңізінде 130-дан астам балық түрі кездеседі. Төменде солардың кейбіріне қысқаша тоқталамыз.

Каспийдің балықтары мен теңіз жануарлары

Бекіре

Ірі балық. Денесі 2–3 м, салмағы 1 тоннаға дейін жетеді. Шамамен 50 жыл өмір сүреді.

3-оқушы

Ақбалық

Денесінің ұзындығы 100 см, салмағы 10–30 кг. 7–8 жыл өмір сүреді.

4-оқушы

Сазан

Тығыз, жалпақ денелі, тез өсетін балық. Шамамен 30 жыл өмір сүреді. Ұзындығы 80 см, салмағы 16 кг.

5-оқушы

Табан

Денесі 30–50 см, салмағы 2–3 кг. Каспий мен Арал теңізі су қоймаларында жиі кездеседі.

6-оқушы

Майқап

Қазақстандағы албырттардың бір өкілі. Салмағы шамамен 2,5 кг.

7-оқушы

Торта

Өте кең тараған балық. Каспийде Каспий тортасы мекендейді. Көзінің қызыл-сары реңді сыртқы мөлдір қабығының үстіңгі бөлігіндегі қызылдығымен ерекшеленеді.

8-оқушы

Шортан

Жыртқыш балық. Ұзындығы 5 см-ге жеткеннен кейін толықтай жыртқыштық жолмен қоректенеді.

9-оқушы

Каспий түлені

Қалақаяқты сүтқоректі. Ұзындығы 1,5 м, салмағы 50–60 кг.

10-оқушы

Каспий тілтістісі

Дөңгелекауыздылар класына жатады. Ұзындығы 55 см.

11-оқушы

Экологиялық мәселе және ойландыру

Алаңдататын дерек

Каспийдегі түлендердің жағада қырылуы байқалып жүр. Мұның себептерінің бірі — мұнай өндіру жұмыстарына байланысты теңіздегі тіршілік иелерінің улануы және экожүйенің бұзылуы болуы мүмкін.

Көрініс

«Аналар мұңы»

Хор

«Заман-ай»

Танымдық сұрақтар

  • Каспий теңізін «тірі маржандар» деп атауға қандай табиғи байлықтар негіз болады?
  • Каспийде кездесетін жануарлар мен құстарды қорғаудың қандай жолдарын ұсынасың?
  • Мұнай өндіру мен табиғатты қорғау арасындағы тепе-теңдік қалай сақталуы керек?

Қорытынды

Табиғатты қорғау — туған жерге деген құрметтің нақты көрінісі. Каспийдің байлығы мен әсемдігін сақтау әрқайсымыздың ортақ міндетіміз.

Хор

«Атамекен»