Тілім әуенім, тілім әлемім
Сабақтың тақырыбы
«Білгенге маржан…»
Сабақтың мақсаты
- Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру.
- Ойлау қабілеттерін дамыту, шығармашылық әлеуетін ашу.
- Бір-бірімен достық пен ынтымақтастықта жұмыс істеуге тәрбиелеу.
- Математикалық кеш арқылы білімді тереңдетіп, логикалық ойлауды дамыту.
Сабақ туралы
- Сабақтың түрі
- Сайыс
- Көрнекілігі
- Интерактивті тақта
- Қатысушылар
- 11-сынып оқушылары
- Топтарға бөлу
- 11 «А» — I топ, 11 «Ә» — II топ
Сабақтың барысы
-
I бөлімТаныстыру
-
II бөлімҚас қағым сәт
-
III бөлімТілім — әуенім, тілім — әлемім
-
IV бөлімМені таны
-
V бөлімОйланбай-ақ табайық
-
VI бөлімБіліктілік сайысы
-
VII бөлімӘріптер сөйлейді
-
VIII бөлімОйлай аламыз ба?
Жүргізушінің кіріспе сөзі
Сайыстан озып келер жүзден жүйрік,
Мыңнан тұлпар болады білім тізген.
Ал, халайық, қарсы алып тамашалап,
Өнерін балалардың өрге жүзген.
Осы өлең жолдарын негізге ала отырып, 11-сыныптар арасында өтетін «Білгенге маржан…» сайысын бастауға рұқсат етіңіздер. Сайыс бірнеше бөлімнен тұрады. Алдарыңызда өз білімімен, тапқырлығымен, эрудициясымен ерекшеленетін екі топтың білімді оқушылары.
Ендеше, сөз кезегі — оқушыларда.
II бөлім — «Қас қағым сәт»
Сұрақтарға «иә» немесе «жоқ» деп жауап беріледі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.
I топ (11 «А»)
- Бағытталған кесіндіні вектор деп атайды. (Иә)
- 640 саны 5-ке бөліне ме? (Иә)
- Қысымның өлшем бірлігі — молекула ма? (Жоқ)
- Компьютердің енгізу құрылғысын «курсор» деп атаймыз ба? (Жоқ)
- Метрдің 1%-ы — 1 см ме? (Иә)
- 1 сағатта 90 минут бар ма? (Жоқ)
- Үшбұрыш қабырғаларының қосындысын периметр дейміз бе? (Иә)
- Милли санының жазылуында 8 нөл бар ма? (Жоқ)
- Сағаттың 1/4 бөлігі — 15 минут па? (Иә)
- Ең үлкен екі таңбалы сан 98 бе? (Жоқ)
II топ (11 «Ә»)
- Дәлелдеуді қажет етпейтін тұжырым — теорема ма? (Жоқ)
- 2 × 8 = 16. (Иә)
- Берілген шаманың 1-і — 100% па? (Иә)
- Оң сандардың қосындысы теріс сан бола ма? (Жоқ)
- 14 — жұп сан ба? (Иә)
- Метрде 100 см бар ма? (Жоқ)
- 1 тәулікте 48 сағат бар ма? (Жоқ)
- 369 саны 3-ке бөліне ме? (Иә)
- Қабырғасы 1-ге тең квадраттың ауданы 2-ге тең бола ма? (Жоқ)
- Принтер — баспа құрылғысы ма? (Иә)
III бөлім — «Тілім — әуенім, тілім — әлемім»
Әр топтан бір оқушы шығады. Оның арқасына сурет немесе ұғым атауы жапсырылады. Отырған оқушылар оны тіл байлығын барынша қолданып түсіндіреді, ал оқушы табуы керек. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.
Тапсырмалар
- Синустар теоремасы
- Октаэдр (сурет)
- Фалес теоремасы
- Тік призма (сурет)
Бағалау
Түсіндіруде анықтылық, логика және ғылыми терминдерді дұрыс қолдану ескеріледі.
IV бөлім — «Мені таны»
Ұлы математиктердің суреті көрсетіледі. Тапсырма — кім екенін дұрыс анықтау. Әр дұрыс жауапқа 50 ұпай.
V бөлім — «Ойланбай-ақ табайық»
Әр жауапқа 10 ұпай.
I топқа тапсырмалар
- Садақа, зекет беру математикалық заңдылыққа бағына ма? Бағынса, мысал келтір.
II топқа тапсырмалар
- 3 санына байланысты қандай ырым-жоралғыларды білесіңдер?
- Сан есімі бар мақал-мәтелдерден мысал келтір.
VI бөлім — «Біліктілік сайысы»
Екі топ 5 минут ішінде 2 есеп шығарады. Әр есеп үшін 10 ұпай.
I топ
Туындысын табыңдар: y = 2(2x + 5)8 Жауабы: y′ = 32(2x + 5)7
Теңдеуді шешіңдер: 23x − 9 = 1 Жауабы: x = 3
II топ
Туындысын табыңдар: y = 25x5 + 16x Жауабы: y′ = 125x4 + 16
Теңдеуді шешіңдер: 2x2 − 7x + 5 = 0 Жауабы: x = 1 және x = 2,5
VII бөлім — «Әріптер сөйлейді»
Әр топтың басшысы шығып, парта үстіндегі формулалардан берілген атауларға сәйкес формулаларды құрастырып, атап береді. Әр дұрыс құрастырылған формулаға 10 ұпай.
Құрастырылатын формулалар
VIII бөлім — «Ойлай аламыз ба?»
Логикалық есептер беріледі. Әр дұрыс жауапқа 10 ұпай.
Бұл бөлімде жылдам ойлау, дәлелді жауап және командалық талқылау мәдениеті бағаланады.
Қорытынды және марапаттау
Сайыс соңында әділқазылар алқасы ұпайларды қорытындылап, жеңімпаздарды марапаттайды.