Білімділігі - оқушыларды адамның тірі ағзалар жүйесінен алатын орны туралы білім беру

Биология (8-сынып)

Бұл сабақ жоспары «Адамның тірі ағзалар жүйесіндегі орны» тақырыбын түсіндіруге арналған. Мазмұны оқушылардың білімін кеңейтіп, ғылыми көзқарасын дамытуды және өзара сыйластыққа тәрбиелеуді көздейді.

Тақырып

Адамның тірі ағзалар жүйесіндегі орны

Көрнекілік және құралдар

  • Сөзжұмбақ
  • Биологиялық диктант

Әдіс-тәсілдер

  • Сұрақ-жауап
  • Түсіндіру
  • Аралас сабақ
  • Пәнаралық байланыс: география

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Оқушыларға адамның тірі ағзалар жүйесіндегі орны туралы жүйелі білім беру.

Тәрбиелік

Оқушыларды бір-бірін құрметтеуге, әдептілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Дамытушылық

Адамның ғылымға, қоғамға және адамзат болашағына қосатын үлесі туралы көзқарасын дамыту.

Сабақ барысы

1) Ұйымдастыру кезеңі

  • Психологиялық дайындық

2) Үй жұмысын тексеру

  1. Гиппократтың анатомия мен физиологияның дамуына қосқан үлесі қандай?
  2. И. М. Сеченов қандай саланы зерттеді? Еңбектерін атаңдар.
  3. И. П. Павловтың зерттеулері қай салада жүргізілді? Оған Нобель сыйлығы не үшін берілді?
  4. «Анатомия», «физиология», «гигиена» ұғымдарына анықтама беріңдер.

3) Жаңа сабақ

Тірі ағзаларға тән қасиеттер: зат алмасу, тітіркену, өсу, даму және басқа да белгілер — адамға да тән.

Алайда адам басқа ағзалардан дене құрылысының күрделілігімен және ең бастысы ақыл-ойы мен санасының болуымен ерекшеленеді.

Оқулықпен жұмыс

Сөйлемдердегі түсіп қалған сөздерді толықтырып жазыңдар:

  1. Адамның басқа ағзалардан айырмашылығы — өзіне тән ________, ________ болуы.
  2. Ұрық аналығының арнайы мүшесі — ________ ішінде дамиды.
  3. Табан сүйектері ________ орналасқан.
  4. Басбармақтары басқа саусақтарына ________ орналасқан.
  5. Терісінде көптеген ________ бездері болады.
  6. Саусақтарының ұшындағы тырнақтары үшкір емес, ________.
  7. ________ бұлшықеттері жақсы дамыған.

Сөзжұмбақ

Оқушыларға сөзжұмбақтар таратылады. Оқушылар орнында отырып шешеді, жауаптары сыныппен бірге талқыланады.

Биологиялық диктант

Сөйлемдердегі бос орындарға қажетті сөздерді қойыңдар.

Сөйлемдер

  1. Ұрықтың даму барысында ________ екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары пайда болады.
  2. Омыртқа жотасының ________ бөлімі жойылған.
  3. Миы үлкен әрі көлемді, ________ жақсы дамыған.
  4. Денесінде ________ мүшелер сақталған.
  5. Бір жұп ________ бездері бар.
  6. Жатыр мен ұрықтың арасында ________ түзіледі.
  7. Қазіргі кездегі жер бетіндегі барлық адамдар бір ғана ________ түріне жатады.

Қажетті сөздер

  • А. Ми қыртысы
  • Ә. Қалдық
  • Б. Саналы адам
  • В. Сүт
  • Г. Құйрық
  • Ғ. Ұрықжолдасы
  • Ж. Жұтқыншақтың

4) Қорытындылау

  1. Адамды неліктен хордалылар типіне жатқызады?
  2. Адам ұрығының дамуында қандай белгілер байқалады?
  3. Адамның сүтқоректілерге тән белгілерін атаңдар.

5) Үй тапсырмасы

§ 1 — оқу.