Кезекпен оқыту

Сабақтың тақырыбы

Астанам

Сабақтың мақсаты

Еліміздің жаңа елордасы — Астана қаласын дәріптеу. Оқушылардың жаңа астананың ерекшеліктерін тани білуіне, тәуелсіз Қазақстан тарихындағы орнын сезіне білуіне және отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Міндеттері

  • Бағыт-бағдар бере отырып, оқушыларды өздігінен жұмыс істеуге, ізденуге үйрету.
  • Білім, іскерлік және дағдыны қалыптастыру; ой-өрісін, сөздік қорын, тіл байлығын дамыту.
  • Мәнерлеп оқуға, сауатты айтуға үйрету.

Сабақтың барысы

1) Ұйымдастыру бөлімі

Психологиялық дайындық

Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық, достарым,
Арайлап атқан күнге!

2) Үй тапсырмасын тексеру

Үйге берілген тапсырма

«Отан» — мәнерлеп оқу (кезекпен оқыту).

Талқылау

Отан деген не?

ата-анаң досың жырың ауылың өлкең астанаң бауырың

Топшамамен жұмыс

Отан туралы мақал-мәтелдер

  • Отан — оттан да ыстық.
  • Отан көркі — жерімен.

«Отан» сөзінің шешуі

О
отбасы
Т
туыс
А
ана
Н
нан

3) Жаңа сабақ

Сергіту сәті

Сөзжұмбақ шешу арқылы негізгі сөзді табу:

Сөздер

Алма, сағат, табақ, алмұрт, нан

Нәтиже

А С Т А Н А

Дәптермен жұмыс

  • Күні мен айын жазу.
  • Тақырып: «Астанам».

Негізгі мәлімет

Біздің Отанымыз — Қазақстан. Қазақстанның астанасы — Астана. (Елордаға көшіру туралы 1997 жылы шешім қабылданды.)

Оқу жұмысы

1) Хормен оқу

«Астанам» мәтінін/өлеңін хормен мәнерлеп оқу.

2) Кезекпен оқу

Оқушылардың кезекпен оқуы.

3) Көшіріп жазу

«Есілдегі жас қала — Ел ордасы Астана.» сөйлемін көшіріп жазу және дыбыстық талдау жасау.

Тақтамен жұмыс

Астана — сәулетті қала.

Тапсырма: сөйлем неше сөзден тұрады?

Ойын: «Адасқан әріптер»

ІКТАП

КІТАП

ІБІЛМ

БІЛІМ

АТОН

ОТАН

САНАТА

АСТАНА

Қосымша: әр сөзде неше әріп және неше дыбыс бар?

Мысал: 5+5 = 10, 4+4 = 8.

4) Сабақты бекіту және қорыту

Сұрақ-жауап

Біздің Отанымыз қалай аталады?
Қазақстан.
Есілдегі жас қала қалай аталады?
Астана.

Үй тапсырмасы

  • «Астанам» — жаттау.
  • Көшіріп жазу.

Автор туралы мәлімет

Батыс Қазақстан облысы, Бөкей Ордасы ауданы, Сайқын ауылдық округі, Жәрмеңке бастауыш мектебі.

Бастауыш сынып мұғалімі: Дүйсенғалиева Венера Сағынтаевна.