Қос ескекпен еспек

Жаңылтпаштар топтамасы

Авторы: Ескен Елубаев

Бұл топтама — дыбыстарды анық айтуға, тілдің икемін арттыруға және сөз ырғағын сезінуге арналған жаңылтпаштар. Әрқайсысын асықпай оқып, кейін жылдамдатып қайталап көріңіз.

Жаңылтпаштар

Қақ пен қап

Тәтті қақ.

Қап-қап қақ.

Алмақақты

Көп қақтапты.

Ескек

Ескекті өзі еспек.

Тез еспек.

Неше ескекпен еспек?

Қос ескекпен еспек?

Текемет

Текемет керемет екен.

Өте ерек керек текемет екен.

Аша

Мына аша — нашар аша.

Жаңа аша жаса.

Ұн

Ұн тартқан.

Ұнтақ-ұнтақ — шынтақтан.

Еңбек

Еңбек ет, Ермек, жөндеп.

Терлесең, еңбек өнбек.

Шам

Жанса, майшам жақсы.

Жақса, бар шам жақсы.

Сызық

Сызық сызып, қызық сызды.

Қисық сызып, бұзып сызды.

Той

Айқайсыз қай той тарқайды?

Той тарқаса, талай айқай болар.

Бағаналар

Жол жағалай бағаналар ағарар.

Ағарар бағаналар жағалар.

Бағаналарға шамдар жағар.

Жыңғыл

Далада ыңғи жыңғыл.

Ұңғыл-шұңғыл шұңқыр.

Құлаған-қираған

Дуал құлаған, тұрақ қираған.

Қурай қуарған, құрақ қураған.

Арқарбай

Арқар атар аңқау Арқарбай ма?

Арқарбайды арқар байқар.

Арқарды Арқарбай қалай байқар?

Жанжал

Жан жолдаспен жанжалдаспа.

Алжаспа, азба, аспа.

Тоң

Еңкейіп, тоң төңкердік.

Төңкерген тоңды атқа өңгердік.

Құшақ

Құшақтасса — құшақ ашса, құшақ аш.

Құшақ ашпаса — қашса, қаш.

Күндіз

Күндіз құндыз аттық.

Дымсыз, үнсіз қайттық.

Шаң

Үстіміз шаң-шаң.

Бар маң — аң-таң, лаң.

Нағашы

Нақаш ағасы — нағашысы.

Жақаш — Нақаш нағашысының нағашысы.

Даңғой

Мынау — аңқау даңғой.

Анау — дауқой даңғой.

Жайлау

Шөпті баулуға жайлауға бардық.

Жайлауға аң аулауға бардық.

Күбі мен қымыз

Күбі піссе, бізше піссе.

Қымыз ішсе, бізше ішсе.

Лаж аз, класс лас.

Рас — лас.

Ебелек

Ебелек шөмеледік.

Көп шөмеледік.

Қашаумен

Құлпытасқа жазу жазар.

Қашаумен қашар.

Қашап жазар, жасар.

Қонақ

Қонақ сыйлап, тік тұрдық.

Құлдық қылдық, құлдық ұрдық.

Жең

Кең жең жейде — ең жөн жейде.

Ұшты-ұшты

Ұшты, ұшты — ұшқыш ұшты.

Ұшты, ұшты — құс ұшты.

Ұшты, ұшты — құз ұшты.

Ұшты, ұшты — қыш ұшты.

Ұшқыш ұшар, құс ұшар.

Құз ұшпас, қыш ұшпас.

Күпі

Күбіні күпімен ора.

Күпіні күбінің түбіне ора.

Шылбыр

Үзілмес шылбыр — шынжыр шылбыр.

Шынжыр шылбыр — шын шылбыр.

Шын шылбыр — сым шынжыр.

Шабдар ат

Үміт ақтар ат — шабдар ат.

Шабдар ат — баптар ат.

Тақтай

Тақтай тап та, сап шап.

Сап шап та, балта сапта.

Сирек

Баруды сирет.

Көлде үйрек сиреп, дүрмек сирек.

Тоқпан жілік

Тоқпан жілік — тоқпақтай жілік.

Тоқпақтап жатқан — тоқпандай жігіт.

Қуат

Қуат! Науатты уат!

Уақ-уақ, уақтап уат!

Қайла

Жел қазсаң, қайла сайла.

Беліңе қайла байла.

Жер қазғанға қайла — айла.

Лай сай

Алда лайлау-лайлау сайлар бар, байқа.

Абайлай-абайлай, лай сайлардан атта.

Малшы

Келген малшы — әрі әнші, әрі аңшы.

Бақша

Бақшашы бақша бақса,

Бақшасын сатса — ақша.

Бәйге

Озған сәл алады,

Бәйгені шал алды.

Шал әлі әлді.

Шарық

Шарық айналар,

Қайралар пышақ, қайла да.

Көңіл жайланар.

Құттықтау

Быдықтың мытып қытықтағаны — құттықтағаны.

Кемпір

Кейбір кемпір — кейкір, бейпіл.

Саңылау

Тарлау саңылау жаса.

Тарлау саңылаудан барлау жаса.

Тал

Суға кеткен тал қармар.

Тал қармар да жан қорғар.

Быт-шыт

Болды быт-шыт,

Шықты шықшыт.

Талғар

Талғардың тарғыл шыңдары,

Жалбыр бұлттары.

Ара балы

Ара балы — әрі нәр, әрі дәрі.

Өгіз

Сегіз өгіз — тегіс семіз.

Жарбол, бай бол, бар бол!

Мысық пен күшік

Үйден мысық шықты.

Үйшіктен күшік шықты.

Күшік мысықтан күшті шықты,

Мысық күшіктен ықты.

Оқу тәсілі

  • Алдымен баяу оқып, әр дыбысты анық айтыңыз.
  • Содан соң бір тыныспен айтуға тырысып, ырғақты сақтаңыз.
  • Қателескен жеріңізді бөліп алып, бірнеше рет қайталаңыз.