Жаңа білімді меңгерту сабағы
Атырау қаласы
№11 Ы. Алтынсарин атындағы орта мектептің саз пәні мұғалімі — Жексенгүлова Күләш.
Тақырыбы: «Оркестрмен тілдескен дирижер».
Сабақтың мақсаты
Білімділігі
Композитордың шығармашылығы туралы мағлұмат беру және «Ақ көгершін» әнін үйрету.
Тәрбиелілігі
Музыка өнері дамуының түп негізі ретінде халық музыкасына құрметпен әрі сүйіспеншілікпен қарауға тәрбиелеу.
Дамытушылығы
Оқушылардың сөйлеу, ойлау және музыканы түсіне білу дағдыларын дамыту.
Оқу нәтижесі
Оқушылар композитордың өмірі мен шығармашылық жолы туралы түсінік алып, әндерімен танысады.
- Қарым-қатынас орнатады және бір-бірін тыңдауға үйренеді.
- Бірігіп жұмыс жасап, ойларын толықтырады.
- Білімін дәлелдеп, пікірін мәдени түрде жеткізеді.
Педагогикалық технологиялар
Қажетті ресурстар
- Аспаптар
- Музыкалық орталық
- Маркер
- Кесте, сызбалар
Сабақтың түрі
Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақтың жүру барысы
I. Ұйымдастыру
Біз бастаймыз сабақты,
Күй тыңдаймыз күмбірлі.
Ән айтамыз сызылтып,
Би билейміз ырғақты.
Оқушылар үш топқа бөлініп отырады:
-
1-топ
«До» тобы
-
2-топ
«Ре» тобы
-
3-топ
«Ми» тобы
II. Үй тапсырмасы
1-топ
Қандай опера әншілерін білесіңдер?
2-топ
Н. Үсенбаева қай шет елдерде өнер көрсетті?
3-топ
Әнші қазақ операларында қандай бейнелерді сомдады?