Қожанасыр әңгімелерінің өміршеңдігі мен рухани күші шындықты бейнелеуінде
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі
Акерке Жанабилова
Сабақтың тақырыбы
Қожанасыр туралы әңгімелер
Сабақтың түрі
Аралас сабақ
Пәнаралық байланыс
Дүниетану
Көрнекілігі
Интерактивті тақта, суреттер, мультфильмнен үзінділер
Сабақтың мақсаты
Оқушыларға Қожанасыр әңгімелері туралы толық әрі жүйелі түсінік беру.
Міндеттері
- Әңгіменің мазмұнын түсініп, қатесіз оқуға үйрену.
- Ертегі мен аңыз туралы түсінік қалыптастырып, олардың айырмашылығын ажырата білу.
Психологиялық дайындық
Ширату өлеңі
Сәлемдесіп аламыз,
Мақсатымыз – білім алу.
Міндетіміз – еңбектену,
Еңбектену арқылы «5»-ке қол жеткізу.
Ұйымдастыру қадамдары
- «Бір, екі, үш» деп санау арқылы оқушыларды үш топқа бөлу.
- Қожанасыр туралы бейнеролик көрсету.
Кіріспе: Қожанасыр бейнесі
Негізгі сипаттары
Қожанасыр — тапқыр, ақкөңіл, еңбекқор, әзілқой жан ретінде суреттеледі. Ол байларды, сараңдарды келемеждеп, адам бойындағы жат қылықтарды күлкі арқылы әшкерелейді. Әңгімелерде ол аңқау болып көрінгенімен, сол аңқаулықтың ар жағында ащы мысқыл мен терең ой жатады.
Есек — серігі және әзіл құралы
Көп әңгімеде Қожанасырдың қасында есегі жүреді. Есек — оның көлігі ғана емес, серігі әрі әзілдің бір тетігі ретінде де көрінеді.
Әңгімелердің өміршеңдігі
Қожанасыр әңгімелерінің рухани күші — шындықты халықтың қалың ортасынан, қайнаған тіршіліктің өзінен алуында. Ол қайырымсыз байларды, дүмше молдаларды, жемқор билерді, қатыгез хандар мен ойсыз әміршілерді батыл әшкерелеп, олардың іс-әрекеті мен мінез-құлқын күлкіге айналдырады. Осы арқылы көпшілік іштей айтып жүрсе де, ашық жеткізе алмаған ойды тапқырлықпен айтып, күлкімен тәрбиелейді.
Қожанасыр мен Алдаркөсе
Қожанасыр да, Алдаркөсе де — халықтың сүйікті кейіпкерлері. Екеуі де кедей болған, ұқсастықтары да осы тұста байқалады. Алдаркөсе халыққа тізесі батқан хандарды, байларды жазалау үшін алдап түсіреді. Ал Қожанасыр адамды әдейі алдауға емес, өз сөзі мен іс-әрекеті арқылы жұртты ойландырып, күлдіруге бейім.
Оқулықпен жұмыс
I топ
«Қожанасыр мектепте»
Рөлге бөліп оқыту, сахналау.
II топ
«Төрттен төртті алса, не қалады?»
Рөлге бөліп оқыту, сахналау.
III топ
Мәтінмен жеке жұмыс
Оқушылар мәтінді өздері оқып, мазмұнын әңгімелейді.
Сұрақ-жауап
1-сұрақ
Қожанасырдың мұғалімге берген жауаптарына қарап, оны қандай оқушы деп ойлайсың? Неліктен?
2-сұрақ
Қожанасыр туралы әңгімелерді оқығанда қандай сезімде болдың? Неліктен?
3-сұрақ
Қожанасырға не айтар едің? Неліктен?
Логикалық тапсырма
Қожанасырға хат жазу.
Сабақты қорытындылау
Қорытынды әрекеттер
- Қожанасыр туралы слайд көрсету.
- Қожанасыр мен Алдаркөсе кейіпкерлерін салыстырып, оқушылардың өз ойларын айтқызу.
Түйін
Қожанасыр халық арасында аңғал да ақкөңіл, ешкімге зияны жоқ адам ретінде танылады. Дегенмен оның әзілінің астарында тәрбиелік мәні терең ой жатады.