Қандай жарқын жырларың
№ 4 М. Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектеп
Тәрбиеші: Ергебек Ж.
Ертеңгілік іс-шара
Тақырыбы
«Жаңа жылым тамаша!»
Сынып
0 «В»
Мақсаты
Балалардың қыс туралы түсінігін кеңейту, ертегі еліндегі түлкінің тапсырмаларын орындау арқылы жұмбақ шешу, жаңа жылдық тақпақтар айту және қимылды ойынды ата-анамен бірге ойнауға ынталандыру.
Геометриялық пішіндерден шырша мен аққала бейнесін құрастыра білу, түстерді тану, тіл байлығын, сөздік қорын, көркемдік талғамын және ой-қиялын дамыту.
Табиғатты қорғауға, сүюге тәрбиелеу.
Кештің барысы
Тәрбиеші
Қош келдіңіз бүгінгі Жаңа жыл кешімізге!
Келе жатқан Жаңа жыл құт әкелсін — мына отырған барша жанға, бәрімізге.
Армысың, аманбысың, Жаңа жылым!
Жаңа жылым — о, менің жаңа жырым!
Құттықтау
Армысыздар, құрметті жиналған ата-аналар, тәрбиешілер және балалар!
Сіздерді келе жатқан Мешін жылы мен Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Қош келіпсіздер «Жаңа жылым тамаша!» кешімізге.
Өлең жолдары
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,
Бақыт, шаттық, молшылық пен тыныштық —
Бәрімізге әкелсін мына арай жыл.
Ән
«Аппақ, аппақ жапалақтап»
Би
Гүлназ бен Сымбат — «Қызыл телпек» биі
Тапсырма: пішіндер мен түстер
Тәрбиеші
Пішіндердің түсін және пішіндерден нені құрастыруға болатынын білмей тұрмын.
Балалар
Пішіндер: дөңгелек, үшбұрыш.
Түстер: ақ және жасыл.
Ақ түсті үлкен-кіші шеңберлерден аққала жасауға болады.
Жасыл түсті үшбұрыштардан шырша құрастыруға болады.
Кедергілер мен ойын
Түсті жол
Жаңа жыл кешіне кіру үшін балалар алдарындағы әр түсті жолдың түстерін атап, үстімен басып өтеді:
- Ақ
- Көк
- Сары
- Жасыл
- Қызыл
Қимылды ойын
«Қар тасу»
Жолда үйілген қар кедергі болып жатады. Екі ата-ана шақырылып, балаларға көмектеседі.
Ойын шарты
Екі ыдыстағы «қарды» екі бос ыдысқа тасу.
12 жыл және жаңа жылдың келуі
Балалар ата-аналардың көмегімен Жаңа жыл кешіне жетеді.
Ортаға 12 жыл шығады. Ата-аналар жылдарды ретімен орналастырады.
Ескі жыл келіп, балалармен қоштасады да, Жаңа жылды — Мешін жылын таныстырып кетеді.
Жаңа жылға тілек
Жаңа жыл, қош келдіңіз! Төрлет төрімізге.
Елімізге, жерімізге, баршамызға құт-береке алып келсін. Біз сізге сенеміз!
Жаңа жылға арналады жаңа жыр.
Құтты болсын, құтты болсын Жаңа жыл!
Бақыт болып Жаңа жылым келді ғой!
Аяз ата мен Ақшақар
Балалар ортаға Аяз ата мен Ақшақарды шақырады. Ол үшін бәрі дауыстап: «Аяз ата, Ақшақар! Аяз ата, Ақшақар!» — деп айтады.
Аяз ата
Ау, армысыңдар ма, ұлдарым!
Армысыңдар ма, қыздарым!
Қандай жарқын жүздерің, қандай жарқын жырларың.
Асулармен алысқан аталарың сендерге шаршап келді алыстан.
Кәне, шеңбер құрайық, шыршаның шырағын жағайық.
Бәрі бірге
«Раз, два, три — ёлочка, гори!» (2 рет)
Балалар қуанып, ду қол шапалақ соғады.