Бөлме гүлдері мен құралдар
Сабақтың тақырыбы
Бөлме жағдайында көшеттер отырғызу.
Сабақтың мақсаты
Бөлме өсімдіктерінің түрлерін таныстыру және оларды көбейту әдістерін меңгерту.
Білімділік
Әртүрлі бөлме гүлдерін дұрыс күтіп-баптауды үйрету.
Дамытушылық
Экзотикалық өсімдіктерді күту мен көбейтудің тәсілдерін дамыту.
Тәрбиелік
Үй мәдениетіне баулу, гүл өсіруге қызығушылық қалыптастыру, әсемдікті бағалауды және қоршаған ортаны аялауды үйрету.
Сабақтың типі, түрі және әдістері
- Сабақтың типі мен түрі
- Аралас сабақ.
- Сабақтың әдістері
- Демонстрация, жаңа білім беру, сарамандық жұмыс, іскерлік ойын, топтық және өзіндік жұмыс.
- Пәнаралық байланыс
- Өсімдіктану, тарих, әдебиет, қолданбалы экономика.
Көрнекілік құралдар және дидактикалық материалдар
-
«Технология 5» (2010 ж.)
Слайд-шоу материалдары.
-
«Пайдалы кеңестер» журналы
№1 (2008 ж.), 9-бет.
-
Бөлме гүлдері мен құралдар
Сарамандық жұмысқа арналған жабдықтар.
Сабақтың барысы мен мазмұны
-
1) Ұйымдастыру кезеңі
Сабаққа дайындық, мақсатпен таныстыру.
-
2) Оқушы білімін анықтау
Өткен тақырып бойынша сұрақ-жауап.
-
3) Жаңа тақырыпты түсіндіру
Негізгі ұғымдар мен тәсілдерді талдау.
-
4) Сарамандық жұмыс
Көшеттерді бөлме жағдайында отырғызу және күту.
-
5) Бекіту кезеңі және сергіту сәті
Тапсырмалар арқылы қорытындылау, қысқа белсенді үзіліс.
-
6) Қорытынды және үй тапсырмасы
Нәтижені бағалау, келесі сабаққа дайындық.
Өткен тақырыпты пысықтау сұрақтары
- 1 Үй мәдениеті дегеніміз не?
- 2 Адамды аурудан қорғайтын қандай көкөністер бар?
- 3 Бақша өсімдіктерін қалай өсіреді?
- 4 Бақша өсімдіктерінің адам өміріндегі маңызы қандай?
- 5 Тағамдық өсімдіктер тағы қай жерде өседі?