Білгір тобы

Сабақтың тақырыбы

Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы. «Ай мен Айша» романы (слайдпен).

Сабақтың мақсаты

Білімділік

Ш. Мұртазаның өмірі мен шығармашылығы туралы түсінікті тереңдету.

Дамытушылық

Ашаршылық жылдарындағы қазақ халқының трагедиялық кезеңдерін, тарихи қасіретін таныту; оқушылардың өз бетімен ізденіп оқуын, шығармашылық дағдыларын қалыптастыру.

Тәрбиелік

Ел тарихымен таныстыра отырып, оқушыларды елін, жерін, халқын сүюге тәрбиелеу; отаншылдық пен ұлтжандылық қасиеттерін қалыптастыру.

Пәнаралық байланыс және көрнекілік

Пәнаралық байланыс

Тарих.

Көрнекілігі

  • Слайд
  • Кеспе қағаздар
  • Жетондар
  • Кітапшалар

Сабақтың жүрісі

I. Ұйымдастыру

  • Оқушыларды түгендеу, назарын сабаққа аудару.
  • Сыныпты үш топқа бөлу және әр топқа атау беру:

I топ

Алғыр

II топ

Білгір

III топ

Тапқыр

Бағалау жүйесі

Әр кезеңнің бағасы жетондар арқылы есептеледі:

Сары жетон

3 ұпай

Көк жетон

4 ұпай

Қызыл жетон

5 ұпай

II. Үй тапсырмасын тексеру

I кезең: Топтастыру

Әр топқа бетше таратылады. Оқушылар берілген тақырып бойынша топтастыру тапсырмасын орындайды.

Алғыр тобы

«Мұқағали кім?»

Білгір тобы

«Ана — ардақты жан»

Тапқыр тобы

«Киелі құс — аққу»

II кезең: Ой қозғау

Әр топқа кеспе қағаздар таратылады. Берілген тапсырма бойынша өз ойларын әңгімелеп, дәлел келтіреді.

Алғыр тобы

Ананың аққуды атуы дұрыс па?

Білгір тобы

Анаға бала керек пе, әлде аққу керек пе?

Тапқыр тобы

Роман неге «Аққулар ұйықтағанда» деп аталған?

III. Жаңа сабақ

Енді барлығымыз тақтаға назар аударайық.

III кезең: «Тауып оқыңдар»

Дөңгелекте бүгінгі тақырыптың атауы жасырылған. Әр санды ретімен тауып, сол санның қасындағы әріптерді төмендегі кестеге толтырсаңдар, жаңа сабақтың атауы шығады.

Жауабы

Шерхан Мұртаза

Түсіндіру жұмысы

Бүгін біз қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі, халық жазушысы, драматург, журналист, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығына тоқталамыз.

  • Дәптерге күннің жадын және тақырыпты жазу.
  • Шерхан Мұртазаның өмірі мен шығармашылығын хронологиялық тапсырма арқылы талдау.
  • «Ай мен Айша» романының мазмұнын қысқаша шолу.

IV кезең: Іздену (топтық жұмыс)

Алғыр тобы

  1. Ш. Мұртазаның өмір жолын сипаттау.
  2. Айша өзінің балалық шағын еске алатын үзіндіні оқулықтан тауып, мәнерлеп оқу.

Білгір тобы

  1. Ш. Мұртазаның драмалық шығармаларын атау.
  2. Балаларға ата-анасының өмір тарихын білу не үшін қажет деп ойлайсыңдар?

Тапқыр тобы

  1. Ш. Мұртазаның хикаяттары мен әңгімелерін атау.
  2. Егер сіз Шерхан атамыздай жазушы болсаңыз, қандай тақырыптарда шығарма жазар едіңіз?

IV. Үй тапсырмасы

  • Шерхан Мұртазаның өмірі туралы оқу.
  • Ш. Мұртаза туралы деректер мен қосымша мағлұматтар жинап келу.

V. Қорытынды

Талқылау сұрағы: осы тақырып бойынша қандай жаңа мағлұмат алдыңдар?

VI. Бағалау

Жетондарды санау арқылы әр топтың нәтижесі бағаланады.

Сабаққа белсенді қатысқан оқушылар жеке бағаланады.